|
|
|
Қазақстан Республикасында жасалған құпия өнертабыстармен жұмыс iстеудiң уақытша тәртібін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1324 Қаулысымен күші жойылды
Мемлекеттiң мүдделерiн қорғау құпия өнертабыстарды жасауға және пайдалануға, оларға Қазақстан Республикасының қорғаныш құжаттарын беруге байланысты туындайтын қарым-қатынастарды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасында жасалған құпия өнертабыстармен жұмыс iстеудiң берiлiп отырған Уақытша ережесi бекітілсiн. 2. Орталық және өзге атқарушы органдар (берiлiп отырған тiзбеге сәйкес) құпия өнертабыстарға арналған өтiнiмдердi қарауды қабылдау, оларға сараптама жүргiзу, басымдықты белгiлеу және Қазақстан Республикасының қорғаныш құжаттарын беру туралы шешiм қабылдау жөнiнде құқық берiлсiн. 3. Аталған тiзбедегi орталық және өзге атқарушы органдар: орталық аппараттардың құрылымында Қазақстан Республикасы Үкіметінiң олар үшiн бекітілген шектердегi адам саны мен оларды ұстауға арналған қаржыда құпия өнертабыстарды мемлекеттік қорғауға байланысты жұмыстарды жүзеге асыру үшiн патент бөлiмшелерiн құрсын; Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосымен бiрлесiп құпия өнертабыстарға арналған өтiнiмдердi қараудың процедуралық мәселелерiн жүзеге асыру мен өзара iс қимыл жасау, оларды сараптау және Қазақстан Республикасының қорғаныш құжаттарын беру жөніндегі нормативтiк құжаттарды әзiрлесiн. 4. Уақытша тәртiпте көзделген жұмыстарды, өтемақылық төлемдердi, бiржолғы ақылай ынталандыру сыйақыларын қаржыландыру Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясына ғылымға бөлiнген республикалық бюджет қаражатының есебiнен 1997 жылдан бастап жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы, Ұлттық патент ведомствосы өтемақылар мен сыйақылардың сараланған мөлшерiн, сондай-ақ оларды төлеудiң тетiгiн әзiрлеп, оны 1996 жылдың 1 қазанына дейiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекітуiне ұсынсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Үкіметінiң 1996 жылғы 22 тамыздағы № 1044 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасында жасалған құпия өнертабыстармен жұмыс iстеудiң Уақытша тәртібі
1. Осы Уақытша тәртiп (бұдан әрi - Тәртiп) құпия өнертабыстарды жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын құқықтық қатынастарды реттейдi және құпия өнертабыстарға өтiнiм берудiң және оны қараудың, оларға қорғаныш құжаттарын берудiң, ақпаратты таратудың, оларды пайдалану туралы лицензиялық шарттарды жасаудың, құпия ұстағаны үшiн ақшалай өтемақылар, ынталандыру сыйақылар, сондай-ақ мемлекеттiң ұлттық қауiпсiздiк мүддесiнде өнiмдер әзiрлеу мен өндiру (бұдан әрi - арнаулы өнiм) кезiнде құпия өнертабыстарды пайдаланғаны үшiн сыйақылар төлеудiң шарттарын айқындайды. 2. Өнертабыс «Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясын құрайтын мәлiметтер тiзбесiнiң және орталық атқарушы органдар әзiрлеген құпия ұстауға жататын мәлiметтердiң тiзбелерiнiң негiзiнде құпия ұсталады. Өнертабыстарды коммерциялық құпияны сақтау ойымен немесе мемлекеттік құпияларды сақтауға байланысы жоқ басқа себептермен құпия ұстауға жол берiлмейдi. 3. Құпия өнертабыстарға өтiнiм тиiстi орталық атқарушы органдарға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосына (бұдан әрi - Қазпатент) берiледi, олар Қазақстан Республикасының Патент заңына сәйкес қаралады. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiне сәйкес әзiрленетiн қару-жарақ пен әскери техниканың принциптi жаңа құралдарына жататын және құқық қорғау органдарының қызметiн қамтамасыз ететiн арнаулы техникалық құралдардың құпия өнертабысына арналған өтiнiмдер құпия өнертабыстарға арналған өтiнiмдердi қарауды қабылдау, олар бойынша сараптама жүргiзу мен басымдықты белгiлеу жөніндегі құқықтар берiлген орталық атқарушы органдардың патенттiк бөлiмшелерiне берiледi. Мұндай органдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 4. Құпия өнертабысқа арналған өтiнiмдi автор (авторлар), жұмыс берушi немесе олардың құқықтық мұрагерi (бұдан әрi - өтiнiм берушi) бередi. Өтiнiм берушi болып табылмайтын өтiнiм берушi мен автордың арасындағы өзара қарым-қатынас олардың арасында келісім айқындалады. Жұмыс берушi мен қызметтiк мiндеттерiн орындауға немесе жұмыс берушiден нақты тапсырма алуға байланысты жасалған өнертабыстардың авторының (авторларының) арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Патент заңымен, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 11 тамыздағы № 896 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында жасалған қызметтiк өнертабыстар, пайдалы модельдер мен өнеркәсiптiк үлгiлерi туралы ережемен және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 24 наурыздағы № 227-9 қ. қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялық режимiн қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықпен реттеледi. 5. Құпия өнертабысқа қорғаныш құжатын алу құқығы осы Тәртiптiң 4-тармағына сәйкес өтiнiм беру құқығына ие адамға (адамдарға) тиесiлi. 6. Арнаулы өнiмдi әзiрлеуге және өндiруге арналған шарттарды орындаушы жеке және заңды тұлғалар өнертабыстың құпиялылық дәрежесiн немесе шарттарын қайта қарау жүзеге асырылуы тиiс олардың қайта қаралу мерзiмдерiн көрсетедi. Мұндай өнертабыстарға өтiнiмдер өтiнiш берушiнiң ақпаратын қорғау бөлiмшесi арқылы берiлiп, өнертабыстың құпиялылығын белгiленген дәрежесiнiң және оны қайта қарау мерзiмдерiнiң негiздемесi қоса ұсынылады. Арнаулы өнiмдi әзiрлеуге және өндiруге арналған шарттарды орындауға байланысы жоқ, бiрақ өз қызметтерiнде өздерiнiң пiкiрiнше оларды ашық жариялау ұлттық қауiпсiздiкке залал келтiруi мүмкiн мәлiметтерi бар жеке және заңды тұлғалар осындай мәлiметтерi бар құпия өнертабыстарға арналған өтiнiмдердi жұмыс немесе қызмет орны бойынша ақпаратты қорғау бөлiмшесi арқылы, ал мұндай мүмкiншiлiк болмағанда - тұрғылықты жерi, жүрген жерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдар арқылы құпия почтамен бердi. Өтiнiм бұл жағдайда өтiнiм берушiнiң өнертабысты құпия ұстау туралы өтiнiшiмен қайта жолданып, Қазпатентке берiледi. 7. Қазпатентке келiп түскен өтiнiмдер мемлекеттік құпияны құрайтын мәлiметтер тiзбесi бойынша, сондай-ақ орталық атқарушы органдар әзiрлеген тiзбелер бойынша тексерiледi. Жоғарыдағы аталған тiзбелердегi мәлiметтерге қатысы бар өтiнiмдер табысы қалған жағдайда, олар өздерi солардың қызметiне жататын орталық атқарушы органды айқындау үшiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Ақпаратты қорғау жөніндегі мемлекеттік техникалық комиссияға (бұдан әрi - Мемтехкомиссия) берiледi. Жекелеген жағдайларда өтiнiмдер қарауы үшiн Қазпатентке қайтарылады. Бiрнеше орталық атқарушы органның қызмет аясына жататын өнертабыстарды құпия ұстаудың және құпиялылық дәрежесiн белгiлеудiң негiздiлiгiн және Қазпатентке оларға арналған өтiнiмдердi тексеру үшiн Қазпатенттiң ұсынуы бойынша осы органдардан ведомствоаралық комиссия құрылады. Комиссия өтiнiм келiп түскен датадан бастап екi айдың iшiнде аталмыш өнертабысты құпия ұстаудың негiздiлiгiне тексеру жүргiзетiн орталық атқарушы органды айқындайды. Бұл жағдайда тексеру мерзiмi ведомствоаралық комиссияның жұмыс iстеу уақытына ұзартылады. Өтiнiмдi құпия ұстау туралы шешiм қабылданған жағдайда бұл туралы өтiнiм берушi хабарландырылады. 8. Құпия өнертабыстарға келiп түскен өтiнiмдерге қатысты оларды құпия ұстау мен құпиялылық дәрежесiн белгiлеудiң негiздiлiгiне тексеру жүргiзiледi. Мұндай тексерудi қызмет аясына осы өнертабыс жататын орталық атқарушы орган жүргiзедi және бұл өтiнiм келiп түскен датадан бастап үш айдың iшiнде аяқталуы тиiс. Егер өтiнiм бiлдiрiлген өнертабысты құпия ұстау үшiн жеткiлiктi негiздер анықталмаған болса, өтiнiм бiлдiрушiге құпиялылық дәрежесiн төмендету, құпиясын ашу немесе өтiнiм бiлдiрiлген шешiмнiң өтiнiм материалдарынан мәнiне жатпайтын құпия мәлiметтердi алып тастау туралы дәлелдi қорытынды жолданады. Егер өтiнiм бiлдiрушi осындай қорытынды алған датадан бастап екi айдың iшiнде құпиялылық дәрежесiн төмендетпесе, құпиялылығын ашпаса, өтiнiм материалдарынан өтiнiм бiлдiрiлген объектiнiң мәнiне жатпайтын құпия мәлiметтердi алып тастамаса немесе аталған мерзiмдi ұзарту туралы дәлелдi өтiнiш жасамаса, өтiнiм берiлмеген деп танылады. 9. Құпия ұстау қажеттiлiгi расталған құпия өтiнiмдерге арналған келiп түскен өтiнiмдер жөнiнде шартты сараптама жүргiзiледi. Құпия өнертабыстарға арналған өтiнiмдерге сараптама Қазпатент белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi. Бұл ретте қорғаныс қабiлетiнiң шарттарына, сараптама жүргiзудiң тәртібіне қатысты осы Тәртiптен туындайтын тиiстi өзгерістер мен құпия емес өнертабыстарға арналған өтiнiмдерге сараптама жүргiзу жөніндегі нормативтiк құжаттардың талаптары қолданылады. Оң нәтижемен шартты сараптамадан өткен құпия өнертабыстарға арналған өтiнiмдер бойынша алдын ала патент берiледi. Егер шартты сараптау нәтижесiнде өтiнiмнiң патенттiк қабілетке жатпайтын ұсынысқа ресiмделгенi анықталса, алдын ала патент беруден бас тарту туралы шешiм қабылданады. Мәнi бойынша сараптама жүргiзу туралы өтiнiш берiлген жағдайда сараптама мәнi бойынша жүргiзiледi. Мәнi бойынша сараптаманың нәтижелерi бойынша өнертабысқа патент беру туралы немесе бас тарту туралы шешiм шығарылады. 10. Құпия өнертабысқа қорғаныш құжатын беруден бас тарту туралы сараптама шешiмiне қарсылық сараптаманың жүргiзiлу орны бойынша Қазпатент немесе тиiстi құқықтар берiлген орталық атқарушы орган айқындаған тәртiппен қаралады. Аталған қарсылықтар бойынша қабылданған шешiмдерге Қазақстан Республикасының Патент Заңына сәйкес шағым жасалуы мүмкiн. 11. Қорғаныш құжатын беру туралы шешiм қабылдаған орталық атқарушы орган Қазпатентке осындай шешiмнiң қабылданғаны туралы хабарлама жолдайды. Қазпатент құпия өнертабысты Құпия өнертабыстардың мемлекеттік реестрiнде тiркейдi және өтiнiм иесiне алдын ала патент немесе патент бередi. Егер бiрнеше адамның атына қорғаныш құжатына сұраным жасалса, оларға бiр қорғаныш құжаты берiледi. Өтiнiм берушi құпия өнертабысты Құпия өнертабыстардың мемлекеттік реестрiне тiркеу датасына дейiн қайтып алуына құқылы. 12. Алдын ала берiлген патент пен патент қорғаныш құжаттары болып табылады және өнертабысқа авторлықты, басымдықты, оларды пайдалану құқығын, сондай-ақ құпия ұстағаны үшiн ынталандыру сыйақысын, ақшалай өтемақы және құпия өнертабысты пайдаланғаны үшiн сыйақы алу құқығын куәландырады. Алдын ала берiлген патент пен патент өнертабысты құпия ұстау мерзiмi iшiнде, бiрақ құпия емес өнертабыстарға қорғаныш құжатының қолданылатын белгiленген мерзiмiнен аспайтын уақытқа қолданылады. Құпия өнертабыстар туралы мәлiметтер белгiленген тәртiппен құпия өнертабыстар туралы ақпарат жүйесiнде қолданылады. 13. Құпия өнертабыс авторына (авторларына) бiржолғы ақшалай ынталандыру сыйақысы төленедi. Патент иесi болып табылатын авторға (авторларға) бiржолғы ынталандыру сыйақысын осы тәртiпке сәйкес құпия ұстау қажеттiгiн растаған орталық атқарушы органның ұсынуы бойынша, алдын ала берiлген патент пен патенттi көрсеткен датадан бастап бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы төлейдi. Патент иесi болып табылмайтын авторға (авторларға) ынталандыру сыйақысын алдын ала берiлген патент пен патент берiлген датадан бастап бiр ай мерзiм iшiнде патент иесi төлейдi. 14. Құпия өнертабыстың патент иесiне осы Тәртiптiң 7-тармағына сәйкес өнертабысты құпия ұстау қажеттiгiн растаған орталық атқарушы органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы құпия ұстағаны үшiн ақшалай өтемақы төлейдi. Өтемақыға сондай-ақ баждарды төлеу жөніндегі патент иесiнiң шығыстарының орнын толтыру мен құпия өнертабыс авторына (авторларына) ынталандыру сыйақысын төлеу де кiредi. Өнертабысты құпия ұстағаны үшiн ақшалай өтемақы алдын ала берiлген патент пен патенттi көрсеткен датадан бастап бiр ай мерзiмде төленедi. 15. Қазпатентте сараптамадан өткен өтiнiмдер бойынша сыйақылар мен өтемақылар (авторлар мен патент иелерiне) осы тәртiппен төленедi. 16. Құпия өнертабыстарды пайдалану құқығы алдын ала берiлген патент пен патент иесiне, сондай-ақ бұл құқық өздерiне заңды негiзде көшкен адамдарға тиесiлi. Арнаулы өнiмдi әзiрлеу мен өндiруге арналған шарттарды орындау кезiнде жасалған құпия өнертабыстарды пайдалану құқығы егер шарттарда өзгеше көзделмеген болса патент иесiне тиесiлi. 17. Құпия өнертабыстарды пайдалану лицензиялық шарт негiзiнде жүзеге асырылады. Лицензиялық шарттарды тiркеудi Қазпатент жүзеге асырады. Тiркеусiз лицензиялық шарттарды тiркеудi Қазпатент жүзеге асырады. Тiркеусiз лицензиялық шарттың күшi жоқ деп саналады. Патент иесiнiң өз өндiрiсiнде арнаулы өнiмге байланысы жоқ арнаулы өнiмдi әзiрлеу мен өндiруге арналған шарттарды орындау кезiнде жасалған құпия өнертабысты пайдалану құқығын пайдалануы және оны үшiншi бiр адамдарға беруi осы өнiмнiң тапсырысшының рұқсатымен жүргiзiледi. 18. Тапсырысшы алдын ала патенттер немесе патенттер берiлген құпия өнертабыстарды пайдаланып арнаулы өнiмдi әзiрлеу мен өндiруге арналған шарттарды жасау кезiнде лицензиялар үшiн қажеттi қаржы қаражатын бөле отырып, олардың сатып алынуын қамтамасыз етедi. Құпия өнертабысқа арналған алдын ала берiлген патент немесе патенттiң патент иесiмен келісімге келу мүмкiн болмаған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі патент иесiнiң келісімiнсiз, оған өтемақы төлеп арнаулы өнiмнiң тапсырысшысына құпия өнертабысты ұлттық қауiпсiздiк мүддесiнде пайдалануға рұқсат етедi. Аталған өтемақының мөлшерi туралы даулар сот тәртібімен қаралады. 19. Патент иесi болып табылмайтын авторға (авторларға) құпия құпия өнертабысты пайдаланғаны үшiн сыйақы төленедi. Құпия өнертабысқа арналған алдын ала берiлген патенттiң немесе патент иесiне, егер ол бұл өнертабысты өзiнiң өндiрiсiнде пайдаланса немесе лицензияны оны пайдалануға берсе, оған сыйақы төленедi. Төлем патент иесiнiң өз қаражатының есебiнен жүргiзiледi. Сыйақының мөлшерi мен оны төлеудiң тәртібі Қазақстан Республикасында жасалған қызметтiк өнертабыстар, пайдалы модельдер мен өнеркәсiптiк үлгiлер туралы ережеге сәйкес белгiленедi. Сыйақылардың мөлшерi туралы даулар сот тәртібімен қаралады. 20. Құпия өнертабыстарға арналған өтiнiмдердi беру мен қарауға байланысты заңдық мәнi бар iс-қимылдардан Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 20 қазандағы № 889 қаулысына сәйкес баж алынады. Патенттi бергенi және оны күшiнде болуын қолдағаны үшiн баж алынбайды. 21. Құпия ұстау қажеттiгiн растаған орталық атқарушы органның өнертабыстың құпиялылығының белгiленген дәрежесiнiң сақталуы қажеттiгiн тексеруi бес жылда кемiнде бiр рет жүргiзiледi. Мұндай тексеру өтiнiм берушiнiң немесе патент иесiнiң бастамашылығы бойынша да жүргiзiлуi мүмкiн. Құпиясын ашу туралы шешiмдi өтiнiш бiлдiрушiмен немесе патент иесiмен бiрлесiп орталық атқарушы орган қабылдайды. Арнаулы өнiмдi әзiрлеу мен өндiруге арналған шарттарды орындау кезiнде жасалған құпия өнертабыстар бойынша құпиясын ашу туралы шешiм осы өнiмнiң тапсырысшысымен келісіледi. Құпиясын ашу туралы шешiм өтiнiм берушiге немесе патент иесiне хабарланып, қазпатенттiң ресми бюллетенiнде жарияланады. Өнертабыстардың құпиясын ашу жөніндегі құқықтық сәйкес емес шаралар туралы даулар сот тәртібімен қаралады. 22. Құпиясы ашылған өнертабысқа өтiнiм берушi немесе патент иесi құпиясы ашылған датадан бастап бiр жыл iшiнде Қазпатентке оның қолданылуының қалған мерзiмiнде белгiленген баждың төленiп, құпия емес өнертабыстар үшiн заңда көзделген қорғаныш құжатын беру туралы өтiнiш жасай алады. Өтiнiштi беру мерзiмi өтiнiм берушiнiң немесе патент иесiнiң дәлелдi өтiнiшi бойынша ұзартылуы мүмкiн, бiрақ бұл екi айдан аспайды. Белгiленген мерзiмдi бұзып келiп түскен өтiнiш қаралуға қабылданбайды. Қазпатент өнертабыстың құпиясын ашуға арналған өтiнiм материалдарын олар бойынша жүргiзiлген сараптамаларды ескере отырып қарайды. 23. Өнертабыстың құпиясын ашуға арналған қорғаныш құжатын беру құпия өнертабысқа бастапқы берiлген өтiнiм бойынша белгiленген басымдық сақталына отырып, Қазақстан Республикасының Патент заңына сәйкес жүргiзiледi. Құпиясы ашылған өнертабысқа арналған қорғаныш құжатының қолданылу мерзiмi құпия өнертабысқа бастапқы өтiнiмнiң берiлген датасынан бастап есептеледi. Құпиясы ашылған өнертабысқа берiлген қорғаныш құжаты өтiнiш берiлген датадан бастап қолданылады. 24. Өтiнiм берушi немесе патент иесi авторлармен бiрлесiп өтiнiм берген датасынан берi 20 жылдық мерзiм өтпеген, авторлық куәлiкпен немесе КСРО патентiмен қорғалған құпия өнертабысқа қалған мерзiмiне құпия өнертабысқа арналған Қазақстан Республикасының патентiн беру туралы өтiнiш беруге құқылы. Өтiнiш тиiстi орталық атқарушы органға немесе Қазпатентке берiлiп белгiленген тәртiппен қаралады. Бұл жағдайда өтемақы төленбейдi. 25. Өтiнiм берушi авторлармен бiрлесiп iс жүргiзу сақталмаған және қорғаныш құжаттары берiлмеген құпия өнертабыстарға арналған авторлық куәлiктер немесе КСРО патенттерiн беруге өтiнiмдер жөнiнде бастапқы берiлген өтiнiм бойынша басымдық сақталынып, өтiнiмдi берген датадан бастап олардың қолданылуының қалған мерзiмiне құпия өнертабыстарға арналған Қазақстан Республикасының қорғаныш құжаттарын беру туралы өтiнiм жасауға құқылы. Өтiнiш осы Тәртiп күшiне енген датадан бастап бiр жылдың iшiнде берiледi. 26. Авторлық иелену, авторлас болуға мәжбүрлеу, құпия өнертабыс туралы мәлiметтердi заңсыз жария ету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке апарып соғады.
ҚР Үкіметінің 1997.06.20. № 997 , 1999.09.10. № 1363 қаулыларымен Қосымша өзгердi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 22 тамыздағы № 1044 қаулысына ҚОСЫМША
Құпия өнертабыстарға арналған өтiнiмдердi қарауға қабылдау, оларға сараптама жүргiзу, басымдықты белгiлеу және қорғаныш құжаттарын беру туралы шешiм қабылдау жөнiнде құқықтар берiлген Қазақстан Республикасы орталық және өзге атқарушы органдарының ТIЗБЕСI
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосы Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөніндегі комитетi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |