|
|
|
Шетелдiк инвестицияларды тарту туралы
ҚР Үкіметінің 2008.04.05. № 406 Қаулысымен күші жойылды
Нашар зерттелген аумақтардың, аса тереңде жатқан қабаттардың мұнайлылығы мен газдылығының келешегiн бағамдауды жеделдету және республиканың мұнай-газ әлеуетiн шетелдiк озық техника мен технологияны қатыстыра отырып игеру үшiн шетелдiк инвестицияларды тарту мақсатында: 1. Мына учаскелерге: Батыс Қазақстан облысында: Көлемi 2795 шаршы шақырым Каменка учаскесiне Көлемi 5840 шаршы шақырым Шынар учаскесiне Ақтөбе облысында: Көлемi 12190 шаршы шақырым Байғанин учаскесiне конкурс жариялансын. 2. Қазақстанның нашар зерттелген орталық аудандарында /Торғай ойпаты мен Теңiз ойпатының терiстiк бөлiгi/ шетелдiк инвестицияларды қатыстырып алдын ала жүргiзiлетiн геофизикалық жұмыстар жүзеге асырылып, кейiн бұл аумақтарда аталған жұмыстарды қаржыландыруға қатысқан фирмалар арасында конкурс өткiзiлсiн. 3. Ашық конкурс өткізу және геологиялық барлау жұмыстары жөніндегі әрiптестi таңдап алып, кейiн анықталған мұнай-газ кен орындарын өнiмдi бөлу шарттары /продакшен шеринг/ негiзiнде игеру жөніндегі Ұйымдастыру комитетi /қосымшаға сәйкес/ құрылсын. 4. Ұйымдастыру комитетiне конкурсты өткізу кезiнде пайда болатын барлық мәселелер бойынша шешiм қабылдау хұқы және материалдармен жұмыс iстеуге республикалық министрлiктерден, ведомстволар мен ұйымдардан мамандар, сондай-ақ шет ел фирмаларынан сарапшылар мен консультанттар қатыстыру жөніндегі өкiлеттiк берiлсiн. 5. Ұйымдастыру комитетiне: - 1992 жылғы I қарашаға дейiнгi мерзiмде конкурстық ұсыныстардың шарттарын әзiрлеп, оларда геологиялық барлау жұмыстарын тиiмдi жүргiзу, кен орындарын жайғастыру, аймақтық инфрақұрылымын дамыту, айналадағы ортаны қорғау жөніндегі талаптарды көздеу; - аталған аумақтарда геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзу, мұнай мен газ өндiру үшiн шетелдiк фирмаларды таңдап алу жөнiнде конкурс жариялау және конкурс шарттарын ықтимал әрiптестерге жiберу; - шетелдiк инвестицияларды қатыстырып алдын ала жүргiзiлетiн геофизикалық жұмыстарды жүзеге асыру үшiн орталық Қазақстанның нашар зерттелген аумақтарына /Торғай ойпаты мен Теңiз ойпатының терiстiк бөлiгi/ шет елдiң мұнай фирмаларының ынтасын анықтау; - мұнай фирмаларын конкурсқа кеңiнен қатыстыру үшiн үстiмiздегi жылғы желтоқсан айында Хьюстон мен Лондонда аталған учаскелер жөніндегі геологиялық-геофизикалық материалдарды таныстыру; - конкурстың аяқталу мерзiмi 1993 жылдың 1 мамыры деп белгiлеу, алынған ұсыныстардың зерделенуiн 1993 жылдың 1 шiлдесiнде аяқтау және конкурс нәтижесiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қарауына табыс ету; - геологиялық-геофизикалық материалдар пакетiнiң мүдделi фирмаларға сатылуын қамтамасыз ету тапсырылсын. Премьер-министр Премьер-министрiнiң 1992 жылғы 21 қазандағы № 313-ө өкіміне Қосымша
Конкурсты өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетiнiң Құрамы
Бәйкенов Қ. Қ. - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасары /төраға/ Қуандықов Б. М. - Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрiнiң орынбасары /төрағаның орынбасары/ Жандосов О. Ә. - Шетелдiк инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттiк төрағасының бiрiншi орынбасары /төрағаның орынбасары/ Ұйымдастыру комитетiнiң мүшелерi Аймақов Б. Ж. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік бас салық инспекциясының бiрлескен кәсiпорындарға, шетелдiк заңды ұйымдар мен жеке адамдарға салық салу басқармасының бастығы Балжанов А. К. - "Қазақстанмұнайгаз" ұлттық мұнай компаниясының вице-президентi Баспаев I. Б. - Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппараты Өнеркәсiп бөлiмiнiң аға референтi- байланыс жөніндегі үйлестiрушi Бөлекбаев З. Е. - "Ақтөбемұнайгазгеология" өндiрiстiк-геология бiрлестiгiнiң бас геологы Қарабалин Ұ. С. - Қазақстан Республикасының Энергетика және отын министрлігі басқармасының бастығы Маючий А. Ф. - Батыс Қазақстан облысы әкімінiң орынбасары Москаленко Б. Н. - "Оралмұнайгазгеология" өндiрiстiк- геология бiрлестiгiнiң бас директоры Сарбөпин Қ. Е. - Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрiнiң орынбасары Сүлейменов М. К. - Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы Мемлекет және хұқ институтының директоры Тампаев Я. Т. - Ақтөбе облысы әкімінiң орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |