|
|
|
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанынан агроөнеркәсiптiк кешен Кеңесiн құру туралы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы № 301 қаулысымен күші жойылды
Әлеуметтiк-экономикалық реформаны тереңдету жағдайында ауыл шаруашылығын, тамақ және ұқсату өнеркәсiбiнiң, материалдық-техникалық қамтамасыз етудi дамыту саласында бiрыңғай мемлекеттік саясат жүргiзу жөніндегі iс-әрекеттi үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: ҚР Министрлер Кабинетінің 1993.15.09. № 886; 1996.01.06. № 11 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанынан мынадай құрамда агроөнеркәсiптiк кешен Кеңесi құрылсын:
Кеңес төрағасы
Кеңес төрағасының орынбасарлары
Кеңестiң жауапты хатшысы
Кеңес мүшелерi
2. Агроөнеркәсiптiк кешен Кеңесi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн. 3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi Б.М.Тұрсынбаев Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Президиумы құрамына енгiзiлсiн. 4. Мыналар күшiн жойған деп танылсын: Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің «Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы және азық-түлiк министрлігі туралы» 1991 жылғы 29 наурыздағы № 210 қаулысының 10 тармағы; Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің «Агроөнеркәсiптiк кешен жүйесiн Үйлестiру кеңесiнiң құрамын бекіту туралы» 1991 жылғы 27 мамырдағы № 332 қаулысы; Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 23 тамыздағы № 485 қаулысымен ( Қазақ ССР ҚЖ, 1991 ж., № 19, 134-бап) бекітілген Қазақ ССР агроөнеркәсiп кешен жүйесiнiң Үйлестiру кеңесi туралы Ереже.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 21 мамырдағы № 425 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы агроөнеркәсiптiк кешен Кеңесi туралы ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы агроөнеркәсiптiк кешен Кеңесi экономикалық реформа жағдайында республиканың агроөнеркәсiптiк кешенiн дамыту жөніндегі бiрыңғай мемлекеттік саясат жүргiзедi және оны тарату жөніндегі iс-қимылды үйлестiрудi жүзеге асырады. 2. Агроөнеркәсiптiк кешен кеңесiнiң (бұдан әрi Кеңес деп аталады) басты мiндетi - ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрумен айналысатын, ауыл шаруашылығы үшiн өндiрiс құралдарын шығаратын, ауыл шаруашылық шикiзатын және осы шикiзаттан өндiрiлген өнiмдi ұқсатуды, сатуды және өткiзудi жүзеге асыратын республиканың селолық, поселкелiк желісіне қызмет көрсететiн ауыл шаруашылығының мемлекеттік, жеке меншiк, ұжымдық кәсiпорындарын, өндiрiстiк және тұтыну кооперативтерiн, кәсiпорындарды, бiрлестiктердi және басқа шаруашылық субъектiлерiн құқылық қорғауды, материалдық-техникалық және қаржылық қолдануды қамтамасыз етудi жүзеге асыру болып табылады. Осы мақсатпен, Кеңес: агроөнеркәсiптiк кешенiн оған кiретiн салалардың экономикалық, құқылық, технологиялық және ұйымдық байланыстарын реттеу жолымен перспективалы дамытудың маңызды бағытын; ғылыми-техникалық прогрестi жеделдетуге, ғылыми ұйымдардың қызметi мен дамуын үйлестiруге, ғылыми зерттеулер тақырыбын қалыптасыруға байланысты негiзгi мәселелердi; шаруашылық жүргiзудiң түрлi нысанындағы агроөнеркәсiптiк кешен салаларын дамытуды теңдестiрудi, ауыл шаруашылығын ұқсату өнеркәсiбiмен интеграциялауды және осыған байланысты мәселелердi ұтымды әрi тиiмдi инвестициялауды, қаржыландыруды, кредиттеудi және баға белгiлеудi; селоның әлеуметтiк саласын, аграрлық сектор қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғауды кешендi өзгерту, жоғары оқу орындары, техникумдар мен кәсiптiк-техникалық училищелер арқылы кадрлар мен қамтамасыз етудi; агроөнеркәсiптiк кешеннiң материалдық-техникалық базасын дамытуды, совхоздарды, колхоздарды, акционерлік қоғамдарды, шағын кәсiпорындарды, кооперативтердi, шаруа қожалықтары мен олардың ассоциацияларын, басқа да ауыл шаруашылық, ұқсату және оларға қызмет көрсетушi кәсiпорындарды, бiрлестiктер мен ұйымдарды материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етудi; экономикалық және жер реформасын жүзеге асыруды, шаруашылық жүргiзудiң түрлi нысандарын дамытуды; өндiрiстi тиiмдi орналастыруды, ауыл шаруашылық өнiмдерiн сатып алуды, ұқсатуды, сақтауды және пайдалануды, оны мемлекет мұқтажы үшiн берудi; агроөнеркәсiптiк кешен салаларын сумен жабдықтау үшiн су ресурстарын тиiмдi пайдалануды және су шаруашылығы және мелиорациялық объектiлердi пайдалануды; шет елдермен байланысты дамытуды, тиiстi келісімдер жасауды және оған бақылауды; қажет болған жағдайда Үкiмет құжаттарының жобаларын Министрлер Кабинетiне енгізудi қарап, шешедi. 3. Агроөнеркәсiптiк кешен Кеңесi бiр жылға жасалған жоспар бойынша жұмыс iстейдi. Жоспарлардың жобалары Кеңес мәжілісiнде бекітіледi. 4. Кеңес мәжілісi қажет болған жағдайда өткiзiледi. Кеңес мәжілістерi аралығындағы кезеңде оны төрағасы (орынбасарлары) өз құзыры шеңберiнде мәселелердi жедел шешу үшiн Қазақстанның агроөнеркәсiптiк кешенiнiң жүйесiне кiретiн барлық министрлiктердiң, ведомстволардың, концерндердiң, ассоциациялардың, бiрлестiктердiң, кәсiпорындар мен мекемелердiң, орындауына мiндеттi болып табылатын өкiмдер шығарады. 5. Кеңес мәжілісiне министрлiктердiң, ведомстволардың, концерндердiң, бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдардың басшылары мен жауапты қызметкерлерi, ғалымдар, облыстық басқа да құрылымдарының басшылары шақырылады. Кеңестiң шешiмi протоколмен хатталады. 6. Агроөнеркәсiптiк кешен Кеңесi материалдарды әзiрлеу барысында министрлiктерде, бiрлестiктерде, концерндерде, комитеттерде, басқа да ұйымдық-шаруашылық құрылымдарда, кәсiпорындарда, ұйымдарда, ғылыми және оқу орындарында қызмет iстейтiн басшылардан, ғалымдар мен мамандардан жұмыс топтарын құрады. Аталған топтар терең талдау жасау негiзiнде агроөнеркәсiптiк кешендегi әлеуметтiк-экономикалық реформаны және ұйымдық-шаруашылық құрылымдарды жетiлдiру, материалдық-техникалық, ғылыми қамтамасыз етудi жақсарту, қолда бар нормативтiк-заңдық базаларға толықтырулар мен өзгертулер енгізу жөнiнде және басқа мәселелер бойынша Кеңеске ұсыныс бередi, сондай-ақ Кеңес бұрын қабылдаған шешiмдердiң орындалуына бақылау жасайды. Кеңес жұмыс топтарының қызметiн үйлестiрудi, жұмыс жоспарының жобаларын қалыптастыруды қамтамасыз ету, Кеңес мәжілістерiн әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктеледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |