|
|
|
«Қазақстан Республикасы қызметкерлерiнiң шетелдегi еңбек жағдайлары
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 23 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының халықаралық сауда-экономикалық, саяси және мәдени байланыстарының кеңеюiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының қызметкерлерiнiң шетелдегi еңбек жағдайлары туралы қоса берiлiп отырған ережелер бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасы қызметкерлерiнiң шетелдегi еңбек жағдайлары туралы ережелер 1994 жылғы 1 маусымнан күшiне енгiзiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 31 мамырдағы № 577 қаулысымен Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы қызметкерлерiнiң шетелдегi еңбек жағдайлары туралы Ережелер
I. Жалпы қағидалар
1. Осы Ережелер: а) Қазақстан Республикасынан жiберiлген Қазақстан Республикасының қызметкерлерiне немесе шетелде осы қызметкерлердiң отбасылары мүшелерiнен Қазақстан Республикасының шетелдегi бюджеттік мекемелерiне (бұдан әрi - шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерi) штаттағы қызметке қабылданғандарға; б) материалдық қамтамасыз етiлуi жағынан (Қазақстан Республикасының заңдары бойынша олар үшiн белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтарды есепке алғанда) жағдайлары шетелдегi Қазақстан Республикасы бюджеттік мекемелерiнiң қызметкерлерiне теңестiрiлген басқа да қызметкерлерге; в) қысқа мерзiмдi iссапарымен шетелге баратын мемлекеттік өкiмет пен басқару органдарының, мемлекеттік кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң қызметкерлерiне қолданылады. Ескертулер: 1. Республика қызметкерлерiнiң отбасылары мүшелерiнен шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерiне сол жерде жұмысқа қабылданған штаттан тыс қызметкерлердiң еңбек жағдайлары осы Ережелерге № 5 қосымшаға сәйкес реттелiнедi. 2. Шетелдiк кәсiпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен жасалған контрактiлерге (шарттарға, келісімдерге) сәйкес шетелге жұмысқа жiберiлген Қазақстан Республикасы қызметкерлерiнiң еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарының талаптарын орындай отырып, сол контрактiлермен (шарттармен, келісімдермен) реттелiп отырады. 2. Қазақстан Республикасы заңдарының күшi шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң қызметкерлерiне осы Ережелерде белгiленген ерекшелiктер есепке алына отырып қолданылады. 3. Қазақстан Республикасынан жiберiлген Қазақстан Республикасының азаматтары және сол азаматтардың отбасылары мүшелерiнен республиканың шет елдердегi мекемелерiне жұмыс iстеу үшiн штаттағы қызметке сол жерде қабылданғандар шетелдегi тиiстi Қазақстан Республикасының мекемелерiне қатысты реттеушiлiк немесе жедел қызметтi жүзеге асырушы министрлiктердiң (ведомстволардың) қызметкерлерi болып саналады. Шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң қызметкерлерiн барлық лауазымдық тағайындаулар мен ауыстырулар, шетелдегi Қазақстан Республикасының тиiстi мекемелерiнiң бұйрығына қарамастан, аталған министрлiктердiң (ведомстволардың) бұйрықтарымен (өкiмдерiмен) ресiмделедi. Олардың шетелдегi жұмысы туралы еңбек кiтапшаларындағы жазбалар осы министрлiктерде (ведомстволарда) жүргiзiледi. II. Шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерi қызметкерлерiнiң еңбек және материалдық қамсыздандыру жағдайлары
А. Шетелге жұмысқа жiберуге ресiмдеу
4. Шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемесiне жұмысқа жiберуге ресiмдеу кезiнде қызметкердiң Қазақстан Республикасындағы негiзгi жұмыс орны бойынша орташа жалақысы сақталады. 5. Шетелге жұмысқа ресiмдеу үшiн Қазақстан Республикасының басқа аудандарынан Алматыға шақырылған қызметкерлерге сол қызметкерлер штатта тұратын кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың басшылары оларға ресiмдеу пунктiне бару үшiн iссапары куәлiктерiн бередi. Қызметкерлердi шақырған министрлiк (ведомство) Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтiк iссапарлар туралы заңдарға сәйкес оларға 10 күнтiзбелiк күннен аспайтын тәулiктiк ақы төлейдi, жолақы құнын және тұрғын үй жалдау жөніндегі шығынын өтейдi. Iссапар мерзiмi министрлiк (ведомство) басшылығының рұқсатымен ерекше жағдайда ғана ұзартылуы мүмкiн. Шетелге жiберiлгенге дейiн жұмыс iстемеген және жалақы алмаған (жас мамандар және т. б.) адамдарға жалақы, тәулiктiк ақы төлеу мен тұрғын үй жалдау жөніндегі шығындарды өтеу қызметкер тағайындалған лауазым бойынша сәйкес келетiн сол министрлiк (ведомство) жүйесiнде белгiленген лауазымдық еңбекақысына (тарифтiк ставкасына) қарай жүргiзiледi. Бұл адамдарды ресiмдеу пунктiнде ұстауға байланысты шығындарды оларды шетелдегi жұмысқа ресiмдеу үшiн жiберген министрлiк (ведомство) көтередi. Ресiмдеу пунктiнде дәлелсiз себептермен кiдiрiп қалған жағдайда жалақы мен тәулiктiк ақы төленбейдi және тұрғын үй жалдау жөніндегі шығындар өтелмейдi. Б. Шетелге жұмысқа жiберу
6. Шетелге жұмысқа жiберiлген қызметкерлермен Қазақстан Республикасындағы жұмыс орны бойынша, еңбек демалысы қоса есептелiп, толық есеп айырысады. Шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемесiне жұмысқа тағайындалғанға дейiнгi уақыты үшiн қызметкердi шақырған министрлiк (ведомство) оған негiзгi жұмыс орны бойынша алып жүрген орташа еңбекақысын төлейдi, сондай-ақ осы Ережелердiң 10-тармағының "г" және "е" тармақшаларында белгiленген нормалар бойынша жолақы, тұрғын үй жалдау мен қол жүгiн тасу жөніндегі шығындарын (отбасы мүшелерiне шығындарды қосқанда) өтейдi. 7. Шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерiне жұмысқа жiберiлген қызметкерлерге жолақы қызметке тағайындалған күннен бастап шекараны кесiп өткенге дейiн теңгемен (қызметкер тағайындалған лауазым бойынша белгiленген үстемемен бiрге теңгемен еңбек ақысының 100 процентi есебiнен), ал шекараны кесiп өткен күннен бастап - осы Ережелердiң 15-тармағына сәйкес теңгемен және шетел валютасымен төленедi. Ескерту: Шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерi қызметкерлерiнiң лауазымдық еңбек ақысына теңгемен белгiленген климаттық және дербес үстеме ақылары шетелге жұмысқа жiберiлгенде Қазақстан Республикасының аумағында жүрген кезiне көтерме жәрдемақы мен жалақы есептегенде еске алынбайды. Демалыс, iссапары кезіндегі және басқа жағдайларда жалақы (зейнетақы тағайындаудан басқа) климаттық және дербес үстемелер қосылып, нақты алған үстеме ақылары ескерiле отырып есептелiнедi. Бұл ретте климаттық үстемеақы нақты алған лауазымдық еңбекақының 50 процентi мөлшерiнде теңгемен есептеледi. ҚР Үкіметінің 1996.09.08. № 987 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді 8. Шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерiне кемiнде бiр жыл мерзiмге жұмысқа жiберiлген адамдарға көтерме жәрдемақы қызметкердiң тағайындалған лауазымы бойынша: теңгемен - белгiленген үстемелерiмен қоса теңгемен лауазымдық еңбекақысының 100 процентi мөлшерiнде; шетел валютасымен - лауазымдық еңбекақысының 50 процентi мөлшерiнде шетел валютасымен төленедi. Ескерту. Осы Ережелердiң 7-тармағындағы ескерту ескерiледi. Көтерме жәрдемақыны қызметкердiң шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемесiне лауазымдық қызметке тағайындалғаны туралы бұйрыққа қол қойылғаннан кейiн теңгемен, ал шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемесi бойынша тиiстi бұйрық шығарылған соң министрлiк (ведомство) шетел валютасымен төлейдi. Отбасы мүшелерiне көтерме жәрдемақы әр адамға есептiк көрсеткiш мөлшерiнде теңгемен төленедi. 9. Шетелдегi жұмыс орнына бара жатқан кезде жол үстіндегі уақыты үшiн қызметкерге тәулiктiк ақы мынадай тәртiппен: а) республика аумағы бойынша жүргенде - Қазақстан Республикасы шегіндегі iссапарларға ақы төлеу туралы заңдарда белгiленген нормалар бойынша - теңгемен; б) шетел аумағы бойынша жүргенде - қызметкер жiберiлген елдiң Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесiнде жұмыс iстеу үшiн Қазақстан Республикасынан жiберiлген қызметкерлерге белгiленген нормалар бойынша - шетел валютасымен төленедi. Бұл ретте осы Ережелердiң қосымшасына сәйкес қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн белгiленген үстеме ақылар төленедi. Егер қызметкер шетел аумағындағы жол үстiнде қызмет бабындағы тапсырманы орындау үшiн немесе оған байланысты емес басқа да себептермен тәулiктен астам мерзiмге кiдiрсе, онда оған кiдiрген уақытына тәулiктiк ақы iссапар ақысы төленетiн ел үшiн белгiленген нормалар бойынша шетел валютасымен төленедi. Жол үстiнде қызметкер немесе қызметкермен бiрге келе жатқан отбасының мүшесi ауырып қалған және өзгелердiң көмегiнсiз қала алмайтын жағдайда, осыған байланысты амалсыз кiдiрген уақыты үшiн қызметкерге тәулiктiк ақы төленедi, бiрақ ол төрт айдан аспайды. Қазақстан Республикасынан шетелге бара жатқан қызметкердiң жол үстiнде шекараны кесiп өткен күнi шетел валютасымен тәулiктiк ақы төленетiн күндерге енедi, ал шет елден Қазақстан Республикасының шекарасын кесiп өткен күнi тәулiктiк ақы теңгемен төленетiн күндерге енедi. Шетелге бара жатқан қызметкерлердiң сомдық аймақ шекарасынан өткен күнi және Қазақстан Республикасына оралған күнi қызметкердiң шетелдiк паспортына соғылған белгi бойынша анықталады. Қызметкердiң отбасы мүшелерiне жұмыс орнына бару мен кейiн қайту уақыты үшiн тәулiктiк ақы қызметкердiң өзi үшiн көзделген тәртiппен төленедi, отбасының кәмелетке жетпеген мүшелерiне тәулiктiк ақы белгiленген нормалардың 50 процентi мөлшерiнде төленедi. 10. Отбасы мүшелерiнiң (қызметкердiң отбасы мүшелерiне: әйелi, күйеуi, 18 жасқа дейiнгi және 18 жастан асқан еңбекке жарамсыз балалары жатады) жол шығындарын қоса есептегенде, шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемесiне жұмысқа жiберiлген қызметкерлердiң мынадай шығындары: а) әуе, темір жол және су көлiгiмен жүруге: шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарларына - 1-шi класты тариф бойынша; қалған барлық қызметкерлерге - 2-шi тариф бойынша (ұшақтарда - экономикалық класс тарифi бойынша, кемелерде - туристiк класс тарифi бойынша) өтеледi. Аталған көлiк түрлерiмен жүзу кезiнде әуе айлағы, сақтық, комиссиялық және жергiлiктi алымдарды төлеу жөніндегі шығындар өтеледi. Ескертулер: 1. Қазақстан Республикасы министрлігінiң (ведомствосының) рұқсатымен аталған көлiк түрлерiмен жүру жөніндегі шығындары 1-шi кластық тариф бойынша басқа қызметкерлерге де өтелiне алады. 2. Егер жолаушылар кемелерi каюталарының жiктелуi санаттармен белгiленсе, онда бiрiншi, екiншi және үшiншi санаттағы каюталар - 1-шi класты, ал басқа санаттағы каюталар - 2-шi класты (туристiк) каюталар болып есептеледi. 3. Елде 2-шi класты вагондар (ал кемелерде - каюталар) болмаған жағдайда шығындар 1-шi кластық тариф бойынша өтеледi. 4. Азия мен Африка елдерiнiң темір жолдары бойынша жүру құны барлық қызметкерлерге 1-шi кластық тариф бойынша өтеледi. 5. Қазақстан Республикасының елшiлерi отбасы мүшелерiнсiз жол жүрсе, оларға жол шығыны жеке екi орындық купе немесе екi орындық каюта бойынша өтеледi; б) вокзалға, әуе айлағына немесе су айлағына баруы, сондай-ақ жөнелту, бағыттау, қайта отырғызу (қызметкерге тегiн жүру құралдарын беруден басқа) орындарындағы вокзалдан, әуе айлағынан немесе су айлағынан жүруi жөніндегі шығындары; в) жазық, тас төселген жолдар мен су өткелдерi арқылы жүрген шығындары; г) қызметкер мiнген көлiк түрiнiң билетi бойынша тегiн алып жүруге болатын қызметкердiң өзiне және отбасының әрбiр мүшесiне 80 килограмнан аспайтын, багаж санына қарамастан, отбасына шаққанда жалпы салмағы 240 кг жүк алып жүрген шығындары; д) қызметкерге және оның отбасы мүшелерiне шетелдiк паспорттар мен қолтаңбалар алуына, сондай-ақ паспорттарының тiркелуi үшiн жұмсалған шығындары; е) шекаралық пункттердi қоса, Қазақстан Республикасының аумағына жол үстiнде амалсыз кiдiрген жағдайда, Қазақстан Республикасының шегiнде қызмет бабындағы iссапарлар кезiнде тұрғын үй жалдау үшiн белгiленген нормалар бойынша, бiрақ 5 күннен аспайтын, тұрғын үй жалдаған шығындары; ж) шетел аумағы бойынша жол үстiнде амалсыз кiдiрген жағдайда, тұрғын үй жалдау жөніндегі шығындар - нақты шығындар мөлшерiнде, бiрақ қызметкер үшiн белгiленген шектi нормалардан аспайтын және оның отбасына осы нормалардың 50 процентi мөлшерiнде өтеледi, бұған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрғын үй жалдау жөніндегі шығындарын белгiленген шектi нормаларға қарамастан, нақты шығындары бойынша рұқсат етiлген қызметкерлердiң жекелеген санаттары кiрмейдi. Қазақстан Республикасының сол елдегi елшiсiнiң (өкiлiнiң) рұқсатымен жекелеген жағдайларда үй жалдау жөніндегі шығындар белгiленген шектi нормалардан артық мөлшерде төленуi мүмкiн. Егер сол елде Қазақстан Республикасының Елшiлiгi болмаса немесе ол басқа қалада орналасса, онда қызметкердiң аталған шығындары Қазақстан Республикасының тиiстi министрлігі (ведомствосы) басшылығының рұқсатымен өтелiне алады. Жол үстiнде дәлелсiз себептермен кiдiрген уақыты үшiн жалақы, тәулiктiк ақы төленбейдi және тұрғын үй жалдау жөніндегі шығындар өтелмейдi. Жол үстiнде кiдiру қажеттiлiгi (9-тармақтың "б" тармақшасы, 10-тармақтың "е" және "ж" тармақшалары) шетелдегi Қазақстан Республикасының тиiстi мекемесiнiң, ал ондай мекеме болмаған жағдайда - кiдiрiс жасалған сол елдiң тиiстi мекемесiнiң анықтамасымен расталуы тиiс. 11. Қызметкердiң отбасы мүшелерi одан жеке дара шетелге көшкен жағдайда, олардың көшiп келуi жөніндегі барлық нақтылы шығындары (соның iшiнде жүктi алып жүру және жолда аялдаған жерiнде тұрғын үй жалдау шығындары) оған қызметкердiң өзi үшiн белгiленген нормалар бойынша төленедi. Отбасы мүшелерi су көлiгiмен жолға шыққанда билеттiң бағасына қосылған тамақтың құны қызметкерлерге билет құнының 10 процентi мөлшерiнде өтеледi. 12. Қызметкердiң, сондай-ақ оның отбасы мүшелерiнiң Қазақстан Республикасынан шетелге көшу және Қазақстан Республикасына керi қайту жол шығындары бiр-ақ рет (қызметкердi шетелге жiбергенде және оны Қазақстан Республикасына қайтарғанда) өтеледi, ал ерекше жағдайларда, ауыр сыртқы немесе басқа да кезек күттiрмейтiн себептерге байланысты қызметкердiң немесе оның отбасы мүшелерiнiң келген елден Қазақстан Республикасына бару қажеттiгiне орай - Қазақстан Республикасы министрлігі (ведомствосы) басшылығының рұқсатымен өтеледi. 13. Осы Ережелердiң 10 және 11-тармақтарында көрсетiлген шығындар оны растайтын құжаттарды (есеп қағаздары, квитанциялар, жол билеттерi және т.б. 10-тармақтың "д" тармақшасында көрсетiлген шығындардан өзгесi) қызметкер тапсырған соң белгiленген нормалар бойынша өтеледi. В. Шетелде қызмет ауыстырылуы
14. Қызметкердi бiр елден екiншi елге қызметке ауыстырғанда, жол үстiнде жүрген уақыты үшiн жалақысы шекарадан өткенге дейiн (ол бара жатқан елдiң) бұрынғы атқарған лауазымы бойынша, ал шекарадан өткен күннен (сол күндi қоса) бастап тағайындалған лауазымы бойынша төленедi. Қызметкердi бiр елден екiншi елге немесе сол елдiң iшiнде бiр жұмыстан екiншi жұмысқа ауыстырған кезде тәулiктiк ақы мен жол жүруге байланысты шығындары Қазақстан Республикасынан шетелге жiберiлген қызметкерлерге арналған осы Ережелердiң 9-13-тармақтарында көзделген тәртiппен өтеледi. Бiр елден екiншi елге жұмысқа ауыстырылған кезде көтермелiк жәрдемақы, соңғы жәрдемақы алған мерзiмiне қарамастан, қызметкер жұмысқа ауысқан елдiң валютасымен жаңа лауазымы бойынша еңбекақысының 25 процентi мөлшерiнде шетел валютасымен төленедi. Сол елдiң iшiнде бiр жерден екiншi жерге ауыстырылған кезде көтермелiк жәрдемақы төленбейдi. Егер қызметкер бiр елден екiншi елге жұмысқа ауысқан кезде, әкiмшiлiктiң ұйғарымы бойынша, жаңа қызметке байланысты мәселелердi шешу үшiн немесе еңбек демалысын өткізу үшiн Алматыға келуi керек болса, Қазақстан Республикасында болған уақыты үшiн жалақы осы Ережелердiң 27 және 29-тармақтарына сәйкес төленедi. Жол жүру шығындары Ережелердiң 9-13-тармақтарында көзделген тәртiппен өтеледi. Г. Еңбекке ақы төлеу
15. Шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерiне жұмысқа жiберiлген қызметкерлердiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан жiберiлген қызметкерлердiң отбасы мүшелерiнен шетелде штаттық қызметке қабылданғандардың еңбегiне ақы белгiленген еңбекақылар мен оларға қосылатын үстемелерге қарай теңгемен және шетел валютасымен төленедi, бұл ретте, қызметкердiң қарауындағы отбасы мүшелерiнiң бар-жоғына қарамастан, лауазымдық жалақылар 100 процент мөлшерiнде шетел валютасымен төленедi. Шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерiне толық емес жұмыс күнi немесе толық емес жұмыс аптасы болатын штаттағы лауазымдарға жұмысқа жiберiлген қызметкерлерге еңбекақы жұмыс атқарған уақытына қарай төленедi. Қазақстан Республикасы қызметкерлерiнiң отбасы мүшелерiнен шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерiне сол жерде штаттық қызметке қабылданған қызметкерлерге де еңбекақы дәл осындай тәртiппен төленедi. Шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң жекелеген қызметкерлерiне теңгемен берiлетiн жалақы лауазымдық ақылар схемасында көзделген өзгеше тәртiппен белгiленген жағдайда, бұл қызметкерлердiң демалыс, iссапары кезіндегі жалақысы, көтермелiк жәрдемақысы, тәулiктiк және басқа да төленетiндерi шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерiнде тиiстi лауазымдық қызмет атқаратын қызметкердiң лауазымдық еңбекақыларына қарай теңгемен есептелiнедi. Шетел тiлдерiн бiлетiн және олардың күнделiктi практикалық жұмыста қолданатын қызметкерлер үшiн белгiленген үстеме ақылар, дипломатиялық шендерi үшiн үстемелер, сондай-ақ климаттық үстеме ақылар - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiмен белгiленген тәртiп пен мөлшер бойынша теңгемен төленедi. Климат жағдайы ауыр елдердегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн теңгемен алатын лауазымдық ақыларына 50 процент үстеме белгiленген осы Ережелердiң № 2 қосымшасында көрсетiлген. Осы Ережелердiң 9-тармағында аталған жағдайларда жолда кiдiрген уақыты үшiн жалақы Қазақстан Республикасының төлем жасалатын елдегi мекемелерде тиiстi лауазым бойынша белгiленген еңбекақыға қарай шетел валютасымен төленедi. Толық емес ай үшiн теңгемен және шетел валютасымен берiлетiн жалақы айлық ақысына белгiленген үстемелермен бiрге және сол айда нақтылы жұмыс атқарылған күндердiң санына қарай айқындалады. Қазақстан Республикасының отбасы мүшелерi шетелде жұмыс iстейтiн отағасына қонаққа келгенде, оның лауазымдық еңбекақысы өзгермейдi. 16. Шетелдегi қызметкерлерге жалақы шетел валютасымен айына бiр-екi рет төленедi. Қызметкердiң қалауы бойынша жалақысы теңгемен тиiстi ұйым (мекеме, кәсiпорын) арқылы Қазақстан Республикасының аумағындағы жинақ банкiсіндегі ағымдағы есеп шотына аударылады немесе қызметкердiң сенiм хаты бойынша ұйым (мекеме, кәсiпорын) тарапынан берiледi. 17. Шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерi қызметкерлерiнiң жалақысынан сот шешiмдерi және сөзсiз өндiрiп алу төлемдерi бойынша ұсталымдар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүргiзiледi. Шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерi қызметкерлерiнiң жалақысынан Қазақстан Республикасында тұратын адамдардың пайдасы үшiн ұсталуға тиiстi алименттер үстеме ақыны қоса теңгемен лауазымдық еңбекақысының 200 процентi есебiнен шығарылады. Шетел валютасымен берiлетiн жалақыдан алименттер теңгемен есептелiп, ұсталуға тиiс. Д. Жұмыс уақыты мен демалыс уақыты
18. Шетелдегi Қазақстан Республикасының әрбiр мекемесiнiң iшкi еңбек тәртібінiң ережелерiн сол министрлiктерде (ведомстволарда) қолданылып жүрген iшкi еңбек тәртібінiң ережелерiне сәйкес және шетелдегi жұмыс жағдайларына лайықталып келген елдегi Қазақстан Республикасының тиiстi мекемелерi басшыларының ұсынысы бойынша министрлiктер (ведомстволар) белгiлейдi. 19. Шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн жұмыс уақыты мен демалыс уақытының (соның iшiнде мерекелiк күндер) ұзын-ырғасы Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына сәйкес белгiленедi. Демалыс күндерi жергiлiктi жағдайларға лайықталып белгiленуi мүмкiн. Материалдық қамтамасыз етiлуi жағынан шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң қызметкерлерiне теңестiрiлген қызметкерлер үшiн жұмыс уақыты мен демалыс уақыты (соның iшiнде жыл сайынғы мерекелiк күндер) келген елдiң еңбек туралы заңдарына сәйкес белгiленедi. Осы Ережелердiң № 3 қосымшасында көрсетiлген климаты ыстық және ылғалды болатын елдердегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн алты сағаттық жұмыс күнi белгiленедi. № 3 қосымшада көрсетiлмеген климаты ыстық және ылғалды елдерде Қазақстан Республикасының мекемесi жұмыс iстеген немесе жаңадан ұйымдастырылған жағдайларда жұмыс күнiнiң ұзын-ырғасы туралы мәселенi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен және Кәсiподақтар Федерациясының Кеңесiмен келiсе отырып Сыртқы iстер министрлігі шешедi. 20. Шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемесi әкiмшiлiгiнiң кәсiподақ комитетiмен келiсуi бойынша жалпы ереже түрiнде де, сол сияқты жекелеген уақыт аралығында қызметкерлердiң кейбір санаттары үшiн кезеңдер бойынша (екi апталық, айлық және т.б., бiрақ бiр тоқсаннан аспайтын) жұмыс уақытының жиынтық есебi белгiленуi мүмкiн, бұл ретте есептi кезеңдегi жұмыс уақытының жалпы ұзақтығы сол кезеңге келетiн жұмыс сағатының қалыпты санынан аспауы керек. Iшкi еңбек тәртібі ережелеріндегі жұмыс уақытының жиынтық есебiнде жекелеген жұмыс күндерiне жұмыс уақытының шектi ұзақтығы белгiленуi тиiс. 21. Қазақстан Республикасының Кәсiподақтары Федерациясының Кеңесiмен келісім бойынша тиiстi министрлiк (ведомство) бекiткен тiзбелерде көрсетiлген лауазымдарды атқаратын қызметкерлер үшiн нормаланбаған жұмыс күнi белгiленедi. 22. Шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелеріндегі жұмысшылар мен қызметшiлердiң сол мекеме үшiн белгiленген жұмыс күнi аяқталғаннан кейiнгi кезекшiлiгi демалыс және мереке күндерi тек ерекше жағдайларда және Қазақстан Республикасының мекемесi кәсiподақ комитетiнiң келiсуi бойынша ғана енгiзiлуi мүмкiн. Жұмыс күнi аяқталған соң кезекшiлiкке тартылған жағдайда қызметкерлер үшiн кезекшiлiкте болу күнi жұмысқа келуi нормаланған жұмыс күнiнде де, сондай-ақ нормаланбаған жұмыс күнiнде де кештеу уақытқа көшiрiледi. Кезекшiлiкте болу уақыты заңмен белгiленген жұмыс күнiнiң ұзақтығынан аспауы керек. Демалыс және мереке күндеріндегі кезекшiлiкте болу таяудағы екi апта iшiнде сол кезекшiлiк уақытының ұзақтығындай демалыс берiлiп, жоғарыда аталған күндерге ақы төленбей, өтеледi. 23. Шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң қызметкерлерiне жыл сайынғы төленiмдi еңбек демалыстары мынадай ұзақтықта: а) елдерде - бұрынғы ССРО республикаларында, еуропалық елдерде, АҚШ пен Канадада - 24 жұмыс күнi; б) қалған елдерде - осы Ережелердiң № 4 қосымшасына сәйкес берiледi. Аталған ұзақтықта еңбек демалысын алуға құқық беретiн жұмыс мерзiмi қызметкердiң шетелдегi тағайындалым орнына қарай жолға шыққан күнiнен бастап есептеледi. Демалыс берiлу кезегiн шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемесiнiң кәсiподақ комитетiнiң келісімi бойынша әкiмшiлiк белгiлейдi. Қызметкер жұмыстан шығарылып, еңбек демалысын пайдаланбағаннан басқа жағдайларда, еңбек демалысына ақшалай өтем жасауға жол берiлмейдi. 24. Еңбек жағдайы зиянды жұмыстармен айналысатын қызметкерлердiң ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына сәйкес белгiлеген қосымша еңбек демалысын алуға құқығы бар. 25. Шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң кәсiподақ комитетiнiң келісім бойынша шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемесiнiң қызметкерлерiне еңбек демалыстарын қосып алуға рұқсат етiледi, бiрақ ол екi жылдың есебiнен артық болмауы керек.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |