|
|
|
Офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызмет өткеру мен осы әскери Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 21 cәуірдегі № 373 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Офицер кадрларын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызмет өткеру мен осы әскери қызметшiлердi Қазақстан Республикасының қарулы Күштерiнен босату туралы контрактiлер жасасудың тәртібі туралы қоса берiлiп отырған Уақытша ереже (бұдан әрi - Уақытша ереже) бекітілсiн. 2. Былай деп белгiленсiн: осы қаулының күшi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара күзетi жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң және Қазақстан Республикасының басқа әскери құрамаларының әскери қызметшiлерiне қолданылады; осы Уақытша ережеде көзделген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң құқықтары Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрiне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара күзетi жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң төрағасына берiледi; Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекара күзетi жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң лауазымды адамдарының құқығын осы Уақытша ережеде көзделген құқықтарға сәйкес олардың ұйымдық құрылымын ескере отырып, тиiстi министрлiктер мен мемлекеттік комитеттердiң басшылары айқындайды; контракт бойынша әскери қызметке қабылданған офицерлер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң офицерлiк құрамындағы адамдар үшiн қолданылып жүрген заңдарда және осы Уақытша ережеде көзделген нормалар мен тәртiп бойынша ақшалай үлеспен қамтамасыз етiледi. 3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі: 1996 жылдың 1 сәуiрiнен бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнде әскери қызмет өткеру туралы контракт жасасуды ұйымдастырсын; осы қаулыда көзделген шараларды "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тиiстi жылға бекітілген қаражат шегiнде қаржыландыратын болсын; ведомстволық нормативтiк актiлердi осы қаулыға сәйкестендiрсiн. 4. "Офицерлер құрамы лауазымдарында әскери қызмет атқару мен осы әскери қызметшiлердi Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнен босату туралы контрактiлер жасасудың тәртібі туралы Уақытша ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 5 қарашадағы № 1100 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Үкіметінiң 1996 жылғы 12 мамырдағы № 580 қаулысымен бекітілген Офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызмет өткеру мен осы әскери қызметшiлердi Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнен босату туралы контрактiлер жасасу тәртібі туралы Уақытша ереже 1. Жалпы ережелер Офицерлiк құрам лауазымдарында қызмет өткеру мен осы әскери қызметшiлердi Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнен босату туралы контрактiлер жасасу тәртібі туралы Уақытша ереже (бұдан әрi Уақытша ереже) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiне офицерлер ретiнде әскери қызметке ерiктi түрде алынатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерiмен, әскери мiндеттемелерiмен, Қазақстан Республикасы аумағында тұратын басқа мемлекеттердiң азаматтарымен және азаматтығы жоқ адамдармен контрактiлер жасаудың мерзiмдерi мен тәртібін белгiлейдi және жасалған контрактi шарттарын орындау үшiн тараптардың өзара мiндеттемелерi мен жауапкершiлiгiн реттейдi. 2. Әскери қызметтi өткеру туралы контракт жасаудың тәртібі 1. Офицерлiк құрамдағы лауазымдарда әскери қызмет өткеру туралы контракт: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде әскери қызметтегi офицерлермен; "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының ережелерiн ескере отырып, запастағы офицерлермен, оның iшiнде әскери қызметте болудың шектi жасынан асқан офицерлермен; кiшi офицерлер даярлау жөніндегі курстарға жiберiлетiн 34 жасқа дейiнгi әскери қызметшiлермен; әскери оқу орындарының (әскери факультеттердiң) тыңдаушыларымен (курсанттарымен) жасалады. Бұл ретте контрактiлер жасасу бiрiншi кезекте мынадай санаттағы әскери қызметшiлермен: өз лауазымдарына әскери қызмет өткерiп жүрген және шетел азаматтығы бар немесе азаматтығы жоқ адамдар болып табылатын офицерлермен; басқа мемлекеттердiң әскери-оқу орындарына оқуға жiберiлетiн әскери қызметшiлермен; Қазақстан Республикасы әскери оқу орындарының (әскери факультеттерiнiң) курсанттарымен (тыңдаушыларымен); әскери қызметке алынатын запастағы офицерлермен; запастан 2-3 жылға шақырылған және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң кадрлары қатарында қызмет өткеру туралы контракт жасасуға тiлек бiлдiрген офицерлермен; басқа мемлекеттердiң Қарулы Күштерiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы министрлiктерiнен, ведомстволарынан, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларынан ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң қарамағындағы офицерлермен; офицерлiк атақ берiлгеннен кейiн әскери-оқу орындарын экстернмен бiтiрген әскери қызметшiлермен, сондай-ақ кiшi офицерлер даярлау жөніндегі курстарға жiберiлетiн әскери қызметшiлермен жүзеге асырылады. Қалған санаттағы офицерлермен контрактiлер жасасу жөніндегі жұмыс 1999 жылдың 31 желтоқсанына дейiн ұйымдастырылады. 2. Контракт бойынша офицерлер құрамындағы лауазымдарда әскери қызмет атқаруға тiлек бiлдiрген әскери қызметшiлер команда бойынша рапорт бередi. 3. Запаста тұрған адамдар қатарынан контракт бойынша әскери қызметке алу үшiн кандидаттарды iрiктеудi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң кадр басқармасының өтiнiмдерi бойынша әскери комиссариаттар жүргiзедi. 4. Офицер ретiнде әскери қызметке кiргiсi келетiн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде запаста тұрған адамдар, сондай-ақ әйелдер әскери есепте тұратын жеріндегі әскери комиссариатқа мынадай құжаттарды ұсынады: контракт бойынша әскери қызметке кiргiсi келетiнi туралы өз өтiнiшi; өз қолымен жазылған өмiрбаяны; білімi жайлы құжаттың көшiрмесi; соңғы жұмыс (оқу) орнынан мiнездемесi; отбасы құрамы мен тұрғылықты жерi туралы анықтама. Iшкi iстер органдары аудандық (қалалық) әскери комиссариаттардың ресми сұрау салуы бойынша осы адамдарға қатысты өз қолындағы ақпаратты бередi. Аса маңызды және өте құпия құжаттармен (бұйымдармен) жұмыс iстеуге тағайындалған адамдарға тиiстi орындар арқылы алдын ала рұқсат қағазы рәсiмделедi. 5. Облыстық және әскери комиссариатқа офицерлiк құрам лауазымдарындағы әскери қызметке алу үшiн кандидаттың осы Уақытша ереженiң талаптарына сәйкестiгiн алдын ала бағалайды. Әскери қызметке офицер етiп алу үшiн iрiктелген кандидаттардың құжаттары түскен өтiнiштерге сәйкес контрактiлерге қол қою құқығы берiлген (бұдан былай әскери бөлiмдер деп аталатын) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери бөлiмдерiнiң, басқармаларының (бөлiмдерiнiң) мекемелерiнiң, әскери оқу орындарының, кәсiпорындары мен ұйымдарының командирлерiне (бастықтарына), ал өтiнiмдерден тыс құжаттар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң кадр басқармасына жiберiледi. Әскери қызметке алынғандығы жөнiнде шешiмдер шығарылған адамдарға қатысты әскери комиссариаттарға оларды ақырғы iрiктеу жүргiзу үшiн әскери бөлiмдерге жөнелту туралы шақырту қағаздары жiберiледi. Қалған адамдарға қабылданбау себептерi хабарланып, құжаттары қайтарылады. 6. Қарулы Күштердiң запасында тұрған адамдарды, сондай-ақ әйелдердi әскери бөлiмге жiберудi оларды әскери қызметке ресiмдеу орны бойынша әскери комиссариаттар жүргiзедi. Әскери бөлiмнiң командирi келгендермен және ақырғы iрiктеуден өткендер мен әскери қызмет өткеру арқылы контракт жасайды, ал әскери қызмет өткеру туралы контракт жасамағандарды тиiстi аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарға iссапармен жөнелтедi және олардың жеке iс-қағаздарын қабылданбау себептерiн көрсетiп қайтарады. 7. Контрактiге қол қойған адамдар әскери қызмет орнына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi. 8. Офицерлер құрамы лауазымдарына әскер қызмет өткеру туралы контракт әскери қызметшiмен немесе әскери қызметке алынатын адаммен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі арасында жазбаша түрде жасалады. Контрактiнiң нысаны мен шарттарын қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi белгiлейдi. 9. Контракт шарттарының орындалуына кепiлдiк беретiн Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігі атынан запаста тұрған адамдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң қарамағындағы офицерлермен контрактiлерге қол қою құқығы офицерлiк құрамының адамдарын тағайындауға арналған лауазымдар номенклатурасына сәйкес жеке құрам бойынша шығарылатын бұйрықтармен жинақталып отырған лауазымдарға офицерлер тағайындауға құқығы бар командирлерге (бастықтарға) берiледi. Осындай құқық өздерiне бағынатын әскери бөлiмдер және тиiстi әскери-есеп мамандықтары бойынша штатта полковникке дейiнгi әскери атақтар көзделген лауазымдарды жинақтау кезiнде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі басқармаларының (бөлiмдерiнiң), әскер түрлерi мен қызметтерiнiң бастықтарына берiледi. Контракт жеке құрам бойынша шығарылатын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң бұйрығымен расталады. 10. Өз лауазымдарында әскери қызмет атқарып жүрген офицерлермен контракт жасаған кезде олардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн анықтап, офицер контрактiге қол қойған соң офицер қызмет атқарып жүрген әскери бөлiмнiң командирi (бастығы) оған тең жеке батальон командирiнен бастап және одан жоғары) контрактiнi және оның жасалуы туралы өтiніштi қызмет сатысы бойынша жiбередi. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі атынан контрактiге қол қою құқығы осы Уақытша ереженiң 9-тармағында көрсетiлген командирлерге (бастықтарға) берiледi. Контракт тағайындау номенклатурасына жинақталатын лауазым жататын командирдiң (бастықтың) жеке құрам бойынша шығарылатын бұйрығымен расталады. 11. Контракт бойынша әскери қызметтiң басталуы болып: құқығы әскери қызметтегi офицерлер құрамындағы адамдар үшiн контракт жасау құқығы берiлген әскер бөлiм командирiнiң (бастығының) жеке құрам бойынша шығарылған бұйрығымен расталған контракт жасалған күн; запастан әскери қызметке алынатын офицерлер үшiн - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң жеке құрам бойынша шығарылатын бұйрығымен расталған, өзi жасаған контракт негiзiнде офицердi әскери бөлiмге жөнелту үшiн аудандық (қалалық) әскери комиссариаттың ұйғарым берген күнi саналады. 12. Контракт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген офицерлерге әскери атақтар беру, әскери атағын төмендету, қызметке тағайындау, қызметi бойынша орын ауыстыру мен жоғарылату Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң 1985 жылғы 6 сәуірдегі № 100 бұйрығымен күшiне енгiзiлген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi офицерлiк құрамының әскери қызметтi өткеруi туралы Ережеде белгiленген тәртiпке сәйкес жүргiзiледi. 3. Әскери-оқу орындарында (әскери факультеттерде) және кiшi офицерлердi даярлау жөніндегі курстарда оқып жүрген адамдармен әскери қызмет атқару туралы контрактiлер жасау 13. Әскери оқу орындарына түскен немесе кiшi офицерлердi даярлау жөніндегі курстарға жiберiлген адамдар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi кадрларындағы офицерлер құрамы лауазымдарына оқу және әскери қызмет атқару туралы контракт жасайды. Контракт оқу орнына (курсқа) қабылдау туралы қабылдау комиссиясы шешiм шығарған соң және контрактiнi растау мен оқу орнына қабылдау туралы бұйрық шыққанға дейiн жасалады. 14. Офицерлер атағы жоқ, контракт бойынша әскер қызмет атқарып жүрген және әскери-оқу орнына түскен немесе кiшi офицерлердi даярлау жөніндегі курстарға қабылданған әскери қызметшiлер оқу орнына (курсқа) қабылданған соң бiрден әскери-оқу орындарының (курстардың) курсанттары үшiн көзделген жаңа контракт жасайды. 15. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң әскери-оқу орындарында оқып жүрген курсанттармен (тыңдаушылармен) контрактiге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі атынан әскери-оқу орнының бастығы қол қояды. Басқа мемлекеттердiң әскери-оқу орындарында, сондай-ақ кiшi офицерлердi даярлау жөніндегі курстарда оқып жүрген әскери қызметшiлермен контрактiге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі атынан оның өкiлi қол қояды. 16. Әскери-оқу орындарында және кiшi офицерлердi даярлау жөніндегі курстарда оқитын әскери қызметшiлердiң контракт бойынша әскери қызметiнiң басталуы болып әскери-оқу орны бастығының бұйрығымен, ал басқа елдерде оқитындар үшiн - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң бұйрығымен расталған контракт жасалған күн саналады. 17. Әскери шақыру жасына жеткен, контрактiнi бұзған, әскери қызметке жарамды, әскери-оқу орнынан денсаулығына байланысты, үлгермегендiгi немесе тәртiп бұзушылығына байланысты шығарылған курсанттар (тыңдаушылар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Бас штабы бастығының өкімі бойынша мерзiмдi әскери қызмет өткеруi үшiн әскери бөлiмдерге жөнелтiледi. Әскери оқу орнына түскенге дейiн белгiленген мерзiмдi әскери қызмет мерзiмiн атқарған адамдар запасқа шығарылады. 4. Офицерлiк құрам лауазымдарындағы әскери қызметке контракт бойынша орналасқан адамдарға қойылатын талаптар 18. Офицерлiк құрам лауазымдарындағы әскери қызметке контракт бойынша орналасатын адамдар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнде медициналық куәландыру туралы Ережеге (бейбiт және соғыс уақытында) сәйкес медициналық куәландырудан өтедi. Медициналық куәландыру нәтижелерi бойынша олардың әскери қызметке жарамдылығы туралы шешiм қабылданады. 19. Контракт бойынша әскери қызметке орналасатын адамдар: жалпы білім цензi бойынша; кәсiби даярлық дәрежесi бойынша; моральдық-психологиялық қасиеттерi бойынша; дене даярлығы бойынша белгiленген талаптарға сай болуы керек. Аталған талаптарды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгiлейдi. 20. Контракт бойынша қызмет өткеру үшiн адамдардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн айқындау әскери бөлiмдердiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң тұрақты жұмыс iстейтiн аттестациялық комиссияларына жүктеледi және оның шешiмдерiн контрактiге қол қою құқығы берiлген командирлер (бастықтар) бекiтедi. 5. Контракт бойынша әскери қызметтiң мерзiмдерi 21. Офицерлер құрамы лауазымдарындағы әскери қызметке орналасу кезiнде Қазақстан Республикасы қарулы Күштерiнiң кадрлары қатарында әскери қызмет өткеру туралы 3 және 5 жылдық мерзiмге контракт жасалады. Контракт мерзiмi аяқталған соң ол белгiленген мерзiмдердiң бiрiне қайта ұзартылуы мүмкiн. Контракт, сонымен қатар офицер әскери қызметте болудың шектi жасына жеткенге дейiнгi мерзiмде жасалуы немесе ұзартылуы мүмкiн. 22. Әскери-оқу орындарының курсанттарымен (тыңдаушыларымен) оқу орындарында оқу кезеңiне және офицерлер құрамындағы адамдар орын ауыстыруға жататын лауазымдарда 10 жыл (күнтiзбелiк есеппен) қызмет өткеру жөнiнде контракт жасалады. Кейiн контракт осы Уақытша ереженiң 21-тармағында белгiленген мерзiмдерге ұзартылуы мүмкiн. 23. Кiшi офицерлер даярлау жөніндегі курстарға жiберiлетiн әскери қызметшiлермен контракт курстарда оқу кезеңiнде және осы Уақытша ереженiң 21-тармағында белгiленген мерзiмдерге жасалады. 24. Әскери академияға, адъюнктураға немесе әскери докторантураға түскен офицерлермен, бұрын жасалған контрактiге қарамастан, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң өкiлi оқу кезеңiне және оқу орнын бiтiргеннен кейiн 5 жылдық әскери қызметке жаңадан контракт жасайды. 25. Контрактiге қол қою құқығы берiлген командир (бастық) контрактiнiң жасалғаны немесе онымен контракт жасаудан бас тартылғаны туралы шешiм қабылдайды және қолданылып жүрген контрактiнiң мерзiмi бiткенге дейiн үш айдан кешiктiрмей бұл жайлы әскери қызметшiге хабарлайды. 6. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнде контракт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген офицерлерге ақшалай үлес төлеу ерекшелiктерi ҚР Үкіметінің 16.07.02 ж. № 789 қаулысымен 26-тармақ алып тасталды 26. Әскери қызметтегi офицерлерге, контракт бойынша әскери қызметке алынатын запастағы офицерлерге, сондай-ақ кiшi офицерлер даярлау жөніндегі курстарды бiтiрген әскери қызметшiлерге (бiрiншi офицерлiк атақ берiлгеннен кейiн) контракт жасалған кезде мынадай мөлшерде бiржолғы ақшалай жәрдемақы төленедi: үш жылға дейiнгi контракт мерзiмiне - ақшалай табысының екi жалақысы және еңбек сiңiрген жылдары үшiн проценттiк үстеме ақы; үш жылдан астам және бес жылға дейiнгi контракт мерзiмiне - ақшалай табысының 3 жалақысы және еңбек сiңiрген жылдары үшiн проценттiк үстеме ақы. Бес жылдан астам мерзiмге контракт жасалған кезде бiржолғы ақшалай жәрдемақы екi бөлiктен тұрады және мынадай тәртiппен төленедi: ақшалай табыстың үш жалақысы және еңбек сiңiрген жылдары үшiн проценттiк үстемеақы, контракт жасалған кезде; контракт мерзiмiне теңестiрiлiп есептелген сома, ол үшiн офицердiң атына Қазақстан Республикасының Халықтың Банкi мекемелерiнде жеке шот ашылады, оған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң бөлiмшелерi ақшалай табысы жалақысының 20 процентi және әскери қызметiнiң әрбiр күнтiзбелiк айына еңбек сiңiрген жылдары үшiн проценттiк үстеме ақысы мөлшерiнде ай сайын ақшалай жәрдемақы аударады. Бiр жолғы ақшалай жәрдемақының екiншi бөлiгi контракт мерзiмi аяқталған соң төленедi. Осы Уақытша ереженiң 34-тармағының "а" - "г" тармақшалары бойынша контрактiнi мерзiмiнен бұрын бұзып, офицердi әскери қызметтен босатқан жағдайда, оған қызмет өткерген кезеңi үшiн бiржолғы ақшалай жәрдемақы төленедi. Осы Уақытша ереженiң 34-тармағының "д"- "ж" тармақшалары, 35-тармағының "а" және "б" тармақшалары, сондай-ақ 37-тармағы бойынша контрактiнi мерзiмiнен бұрын бұзып, офицердi әскери қызметтен босатқан жағдайда, бiржолғы ақшалай жәрдемақы төленбейдi. Ақшалай табысы жалақысының мөлшерi аталған адамдар тағайындалған офицерлiк лауазымдарға, сондай-ақ оларға берiлген әскери атаққа байланысты белгiленедi. ҚР Үкіметінің 16.07.02 ж. № 789 қаулысымен 27-тармақ алып тасталды 27. Офицерлердiң шоттарына қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасының Халықтық Банкi арасындағы шартқа сәйкес жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 16.07.02 ж. № 789 қаулысымен 28-тармақ алып тасталды 28. Егер контракт мерзiмi аяқталған соң босатуға өзге де негiздер (жасына, денсаулығына, штаттың қысқартылуына немесе денсаулығының шектеулi жағдайына байланысты) көзделмесе, бұл жағдайда бiржолғы ақшалай жәрдемақы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес төленедi, онда контрактiде көрсетiлген қызмет мерзiмiнiң аяқталуына байланысты офицердi босату кезiнде оған ақшалай табысының екi жалақысы және еңбек сiңiрген жылдары үшiн проценттiк үстеме ақы мөлшерiнде бiржолғы жәрдемақы төленедi. Осы Уақытша ереженiң 34-тармағының "г" тармақшасына сәйкес офицердi отбасы жағдайына немесе басқа да орынды себептерге байланысты босату кезiнде оған ақшалай табысының екi жалақысы және еңбек сiңiрген жылдары үшiн проценттiк үстеме ақы мөлшерде бiржолғы жәрдемақы төленедi. 7. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнде контракт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген әскери-оқу орындарының (әскери факультеттердiң) курсанттарына (тыңдаушыларына) ақшалай үлес төлеу ерекшелiктерi 29. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде контракт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген әскери-оқу орындарының (әскери факультеттердiң) курсанттары (тыңдаушылары) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң осы санаттағы әскери қызметшiлерi үшiн заңдарда көзделген нормалар мен тәртiп бойынша ақшалай үлеспен қамтамасыз етiледi. ҚР Үкіметінің 16.07.02 ж. № 789 қаулысымен 30-тармақ алып тасталды 30. Әскери-оқу орындарының (әскери факультеттердiң) курсанттарына (тыңдаушыларына) контракт жасау кезiнде ақшалай табысының бiр жалақысы мөлшерiнде бiржолғы ақшалай жәрдемақы төленедi. Ақшалай табысы жалақысының мөлшерi осы адамдар контрактiге сәйкес қабылданатын лауазымға, сондай-ақ оларға берiлген әскери атақтарға байланысты белгiленедi. ҚР Үкіметінің 16.07.02 ж. № 789 қаулысымен 31-тармақ өзгертілді 31. Әскери-оқу орнында (әскери факультетте) оқу және оны бiтiрген соң офицерлер құрамындағы лауазымдарда әскери-қызмет өткеру туралы контракт жасаған әскери-оқу орындарының (әскери факультеттердiң) курсанттарына мынадай ақшалай үлес түрлерi: а) қолданылып жүрген заңдарда мерзiмiнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлер үшiн көзделген нормалар мен тәртiп бойынша лауазымдық жалақылар; б) Қазақстан Респубикасы әскери қызметшiлерiнiң тиiстi санаттары үшiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қосымша ақы, үстеме ақы, парашютпен секiргенi үшiн сыйақы, теңiз ақша үлесi және басқа да қосымша ақшалай табыс түрлерi төленедi. Прапорщиктер, мичмандар, мерзiмiнен тыс қызметтегi сержанттар мен старшиналар, сондай-ақ солдаттар, матростар, сержанттар мен старшиналар лауазымдарына контракт бойынша әскери қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлер әскери-оқу орындарына (әскери факультеттерге) түскен кезде Қазақстан Республикасы әскери қызметшiлерiнiң тиiстi санаттары үшiн қолданылып жүрген заңдарда көзделген нормалар мен тәртiп бойынша әскери-оқу орнына түсер алдындағы соңғы атқарған лауазымына қарай ақшалай үлеспен қамтамасыз етiледi. Басқа мемлекеттердiң әскери-оқу орындарында оқып жүрген және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен контракт жасаған курсанттарға (тыңдаушыларға) ақшалай үлес Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi белгiлеген нормалар мен тәртiпке сәйкес оқу орны бойынша төленедi. 32. Контракт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген офицерлiк құрамдағы адамдарды босату "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Әскери қызметтен: а) егер босатылатын адамдар запаста болудың шектi жасына жетпесе және денсаулығына қарай бейбiт немесе соғыс уақытында әскери қызметке жарамды болса - запасқа; б) егер босатылатын адамдар запаста болудың шектi жасына жеткен болса немесе әскери-дәрiгерлiк комиссия денсаулығы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп таныса, әскери есептен шығарыла отырып отставкаға шығарылуы мүмкiн. Офицерлiк құрамдағы адамдарды әскери қызметтен босату әдетте, тиiстi командирлердiң (бастықтардың) қарамағында енгiзiлмей өздерi атқарып отырған лауазымдарынан осы Уақытша ереженiң 34-36-тармақтарында көзделген негiздердiң бiрi бойынша жүзеге асырылады. 33. Офицерлiк құрамдағы адамдар әскери қызметтен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң запасына: а) қызмет мерзiмiн өткеруi бойынша - контрактiде көрсетiлген қызмет мерзiмiнiң аяқталуына қарай; б) жасы бойынша - қолданылып жүрген заңдарда белгiленген әскери қызметте болудың шектi жасына жеткен жағдайда босатылсын. 34. Офицерлiк құрамдағы адамдар әскери қызметтен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң запаста мерзiмiнен бұрын мына негiздер бойынша: а) науқастануына байланысты - әскери-дәрiгерлiк комиссия бейбiт уақытта әскери қызметке жарамсыз (соғыс уақытында 2-дәрежеде шектеулi жарамды) деп танығанда; б) денсаулығының шектеулi жарамдылығына байланысты әскери-дәрiгерлiк комиссияның әскери қызметке шектеулi жарамдылығы туралы қаулысы негiзiнде, денсаулығына қарай өзi атқарып отырған лауазымдағы мiндеттердi орындай алмауына және денсаулық жағдайын ескере отырып, мiндеттерiн өзi орындай алатын лауазымға қызмет бабы бойынша ауыстыру мүмкiндiгi болмағанда; в) штаттардың қысқартылуына байланысты - штаттарды қысқартуға немесе ұйымдық шараларға (запасқа шығу үшiн басқа негiздер болмағанда) байланысты қызметке пайдалану мүмкiн болмаған жағдайда;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |