|
|
|
Республиканың мал шаруашылығын дамытудың жекелеген мәселелерi туралы Мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудiң одан әрi кемуiн болдырмау, мал мен құстың санын тұрақтандыру, ауыл шаруашылығы құралымдарында, шаруа қожалықтарында және халықтың үй басында мал сатып алуды ұйымдастыруды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Облыстардың әкiмдерi, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі, Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару, Жекешелендiру жөніндегі департаменттерi аграрлық секторда экономикалық реформаларды тереңдету, ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң өзара тиiмдi шарттарда өнiмдер дайындау және өткізу, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі кооперативтерiн, сондай-ақ тiрi мал мен мал шаруашылығы өнiмдерiн сату жөніндегі көтерме сауда базарларын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды жалғастырсын. 2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақ акционерлік агроөнеркәсiп банкінің, басқа да екiншi деңгейдегi акционерлік банктердiң ұсыныстарының негiзiнде бiр айлық мерзiм iшiнде мал мен мал шаруашылығы өнiмдерiн сатып алу үшiн несие ресурстарын алу құқығына арналған тендер өткізудiң тәртібін әзiрлесiн және бекiтсiн. Облыстардың әкiмдерi екi ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі әзiрлеген шарттарда дайындаушы және қайта өңдеушi кәсiпорындардың арасында несие ресурстарын алу құқығына арналған теңдер өткiзсiн. Банктерге ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнен өнiмдер сатып алуға арналған тендердiң жеңiмпаздарына банктердiң iшкi несиелiк саясаттарының шартымен несиелiк ресурстар бөлу ұсынылсын. өндiрiстiк кооперативтермен және басқа да ауыл шаруашылығы құралымдарымен шарттық талаптарда малдары мен құстары жоқ үй шаруашылықтарын оларды үйлестiрiп беру; табиғи алқаптардан да, неғұрлым тиiмсiз пайдаланылған жыртылған жерлерден де оларға шабындық алқаптар мен жайылымдар бөлу жолымен мал азығымен қамтамасыз ету, ақылы шарттармен халыққа оларды дайындау жөнiнде көмек көрсету; өнiм беретiн аналық мал басын сақтау және көбейту, шарттық талаптармен олардың тұқымын асылдандыру және мал дәрiгерлiк қызмет көрсету жөнiнде мүмкiн болатын шаралар әзiрлеу және қабылдау ұсынылсын. 4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржы министрлігімен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне қосылған құнға салынатын салық жөнiнегi есепте тұрмайтын жеке адамдарға мал және мал шаруашылығы өнiмдерiн сатып алу кезiнде қосылған құнға, сондай-ақ импортталатын асыл тұқымды мал мен асыл тұқымды жұмыртқаға, жоғары құнды асыл тұқымды малдардың iшкi төлi мен ұрығына, ауыл шаруашылығы малдарын қолдан ұрықтандыру мен олардың ұрықтарын криоконсервациялауға арналған аспаптарға салық салудың тәртібін қолдануды жетiлдiру туралы негiзделген ұсыныс енгiзсiн. 5. Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бiрлесiп үш ай мерзiм iшiнде мал шаруашылығында шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi қалыптастырудың аймақтық ұйымдастыру-экономикалық және оларды нарықтық қатынастар жағдайларында жүргiзудiң моделiн әзiрлесiн, сондай-ақ республикада мал мен құстың түрлi тұқымдарының бағалы тектiк қорларын сақтау және көбейту жөніндегі аймақтық селекциялық-генетикалық орталықтарын құру мәселелерiн пысықтасын. ҚР Үкіметінің 27.06.03 ж. № 623 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығымен және Мемлекеттік ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорының Ведомствоаралық кеңесiмен бiрлесiп: 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн асыл тұқымды мал заводтары мен шаруашылықтарын жекешелендiру жағдайында мал тұқымын асылдандыру iсiн жүргiзудiң ұсынымын әзiрлесiн; Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институтының К.М.Мыңбаев атындағы тәжiрибе шаруашылығынан республиканың жетекшi асыл тұқымды мал өсiретiн шаруашылықтарынан 80 басқа дейiн асыл тұқымды австралиялық меринос тұқымының тоқтыларын және тұқымдық қошқарларының ұрығын жыл сайын тегiн берудi қамтамасыз етсiн, бұл ретте тәжiрибе шаруашылығының шығындары Мемлекеттік ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорының есебiнен өтелсiн; 1997 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн мерзiмде Австралиядан меринос тұқымды қойларды сатып алу, Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институтының К.М.Мыңбаев атындағы тәжiрибе шаруашылығының асыл тұқым шығаруда өз қайта жаңғыртуымыздағы таза тұқымды қойларды өсiру кезіндегі шығындарды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң ақшыл қылшық жүндi асыл тұқымды қойларын және қойлардың бағалы тұқымдарының тұқымдық қошқарларының ұрықтарын сатуының құнын өтеудiң тәртібін әзiрлесiн. 7. Азия Даму Банкінің бағдарламалық займын үйлестiру жөніндегі Ведомствоаралық кеңеске Займның екiншi траншы қаражатының бiр бөлiгiн шаруа (фермерлiк) қожалықтарын мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiруге қажеттi шағын механизация құралдарымен және оны өңдеу, әсiресе қылшықты жүндi және осы негiзде халықтық тұтыну тауарлары мен дәстүрлi ұлттық бұйымдарды дайындау жөніндегі шағын технологиялармен жарақтандыруға бағытталсын. 8. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Экономика және сауда министрлігімен және облыс әкiмдерiмен бiрлесiп екi айлық мерзiм iшiнде мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiруге және қайта өңдеуге арналған қаржы-экономикалық және материалдық-техникалық шаралардың кешенiн көздейтiн селолық жерлерде шағын және орташа бизнестi дамытудың бағдарламасын дайындасын және бекiтсiн. 9. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржы министрлігімен бiрлесiп екi айлық мерзiм iшiнде реформаланған ауыл шаруашылығы құралымдарының бюджет пен Зейнетақы қорының алдындағы борыштарын қайта құрылымдау туралы мәселенi қарасын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгiзсiн. 10. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару, Жекешелендiру жөніндегі департаменттерiмен бiрлесiп "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттiк" акционерлік қоғамы олардың бөлiктенуi және қажет болған жағдайда банкроттық, тарату немесе оңалту, мемлекетке берешегiн акцияларға ауыстыру және оларды сатуға қою рәсiмдерiн қоса ала отырып берiлген шикiзат үшiн ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне берешектерiн өтеуi шартымен мемлекеттiң алдында берешегi бар ет комбинаттарының, сүт зауыттарының және жүндi бастапқы өңдеу жөніндегі фабрикалардың борыштарын қайта құрылымдау жөніндегі шараларды жүзеге асырсын, сондай-ақ несие берушiнiң талап ету құқықтарына тегiн жол берудi жүргiзсiн. 11. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі облыс әкiмдерiмен бiрлесiп ауыр қаржы жағдайындағы ет-сүт өнiмдерi мен жүндi қайта өңдеу жөніндегі кәсiпорындардың тiзбесiн, мүлкiнiң 80 проценттен асатын тозу дәрежесiн айқындасын және оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментiне ұсынсын. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментi Ауыл шаруашылығы министрлігімен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде көрсетiлген объектiлердi өндiрiстi инвестициялау шарттарымен берудiң, оларды қалпына келтiрудiң және өндiрiлетiн өнiмдердiң тұрақты көлемдерiне жетудiң тәртібін әзiрлесiн және бекiтсiн. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментi "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттiк" акционерлік қоғамымен бiрлесiп белгiленген тәртiппен оларды заңды және жеке тұлғаларға беру туралы мәселенi қарасын. 12. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бiрлесiп бұл мақсатқа Азия Даму Банкi екiншi траншының Займы қаражатын пайдалана отырып жүндi бастапқы өңдеу фабрикаларында қылшық жүндi өндiрiстiк қайта өңдеудiң көлемдерiн арттыру, одан дайындалған кунит пен басқа да өнiмдердi өткiзетiн сенiмдi рыноктарды iздестiру жөніндегі қосымша шараларды жүзеге асырсын. 13. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Экономика және сауда министрлігімен бiрлесiп мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiру мен қайта өңдеудi дамыту үшiн кейiннен Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетiмен оларға жеңiлдiктер мен преференциялар, оның iшiнде мемлекеттік заттай гранттар беру үшiн келісім-шарттар жасасу арқылы инвесторларды тарту жөнiнде шаралар қабылдасын. 14. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі үш айлық мерзiм iшiнде республиканың машина жасау кәсiпорындарында шаруа (фермерлiк) қожалықтары үшiн шағын механизация құралдарын өндiрудi ұйымдастырудың мақсатты бағдарламасын әзiрлесiн. 15. Облыстардың әкiмдерi мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығының азық базасын нығайту мақсатында жайылымдық алқаптарды жақсарту және оларды суландыру жөніндегі практикалық шараларды әзiрлесiн және жүзеге асырсын. 16. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Мал дәрiгерлiгi комитетi және облыстардың әкiмдерi екi ай мерзiм iшiнде республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражаттың есебiнен және шегiнде мемлекеттік мал дәрiгерлiгi қызметiнiң желiлерiн қалыптастыруды аяқтау жөнiнде шаралар қабылдасын. 17. Облыстардың әкiмдерi бiр айлық мерзiм iшiнде мал шаруашылығы өнiмдерi рыногын талдаудың, шығындардың, өзiндiк құнның және бағалардың деңгейлерiн зерттеудiң негiзiнде мал шаруашылығын дамыту жөнiнде аймақтық бағдарламалар әзiрлесiн және оларды қарау және қорғау үшiн Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігіне ұсынсын. 18. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiмен бiрлесiп үстiмiздегi жылдың екiншi жарты жылдығында салық базаларын айқындау мен салық есебiн жүргiзудiң, жер негiзгi өндiрiс құралы болып табылатын барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге патенттер берудiң оңайлатылған жүйесiн қайта қарасын және оларды енгізу жөнiнде шаралар қабылдасын. 19. Облыстардың әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл сайын, 1 ақпанға дейiн осы қаулының орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне хабарлап отырсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |