|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы» 2003 жылғы 31 наурыздағы № 1051 Жарлығын iске асыру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы» 2003 жылғы 31 наурыздағы № 1051 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі белгiленген тәртiппен «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесiн қайта ұйымдастыруды жүргiзсiн. 2. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2003 жылғы 27 маусымдағы № 623 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар 1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Республиканың мал шаруашылығын дамытудың жекелеген мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 9 шiлдедегi № 1089 қаулысына: 6-тармақтың бiрiншi абзацында «Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығымен және» деген сөздер алынып тасталсын. 3. «Мемлекеттік ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорынан қаражат төлеудiң тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 15 сәуірдегі № 342 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 12, 93-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорынан қаражат төлеудiң тәртібінде: «Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiрудiң озық технологияларын өндiрiске қолдануда ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiн қолдау» деген IIІ бөлiмде: 3) тармақшаның екiншi абзацында «Ауылшарминiнiң ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамыту департаментi Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығымен бiрлесiп» деген сөздер «Ауылшарминi» деген сөзбен ауыстырылсын. 4. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 5-тармақтың күші жойылды 5. «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiнде: «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген 1-бөлiмде: 3-бағандағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» деген жолда «55» деген сан «62» деген санмен ауыстырылсын. 6. «Қазақстан Республикасында бiрiншi ұлттық ауыл шаруашылығы санағын әзiрлеу, жүргiзу және материалдарын өңдеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 2 маусымдағы № 830 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 25, 290-құжат): 6-тармақта «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Аграрлық зерттеулердiң ұлттық академиялық орталығы және оның институттары 2004 жылғы 1 маусымға дейiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісім бойынша» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 2004 жылғы 1 маусымға дейiн» деген сөздермен ауыстырылсын. 7. «Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiн дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 қыркүйектегi № 1347 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 38-39, 450-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiн дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасында: «Бағдарламаның тиiмдiлiгi» деген 6-бөлiмде: он алтыншы абзацта «Ұлттық аграрлық зерттеулер академиялық орталығының» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң» деген сөздермен ауыстырылсын. ҚР Үкіметінің 27.11.03 ж. № 1191 қаулысымен 8-тармақтың күші жойылды 8. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 22 мамырдағы № 550 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 14, 150-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қызметiн «Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесi үйлестiретiн республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындардың тізбесiнде: реттiк нөмiрi 6-жол алынып тасталсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |