|
|
|
Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау Ел Президентінің "Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы" атты Қазақстан халқына жолдауындағы "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімi және әл-ауқаты" ұзақ мерзiмдi басымдықты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінiң Салауатты өмiр салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық Орталығын (бұдан былай - Ұлттық Орталық) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Республикалық денсаулық орталығын қайта құру, сондай-ақ қосымшаға сәйкес облыстық және Алматы қалалық денсаулық орталықтары мен дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерлерiн функционалдық жағынан Ұлттық Орталыққа бағындыра отырып денсаулық сақтау ұйымдарының штаттарын беру жолымен құру туралы ұсынысы қабылдансын. Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінiң Республикалық Денсаулық орталығын қайта құру туралы ұсыныс енгiзсiн. 2. Ұлттық Орталық қызметiнiң мынандай негiзгi бағыттары белгiленсiн: 2030 жылға дейiнгi елдiң даму стратегиясы туралы Қазақстан Республикасының Президентi Жолдауының басым бағыттарына сәйкес республикалық және аймақтық халықтың салауатты өмiр салтын қалыптастыру, зиянды әрекеттерiң алдын алу және күресу, гигиеналық тәрбиелеу және қоршаған ортаны сауықтыру мақсатты бағдарламаларын жасау; Салауатты өмiр салтының әртүрлi аспектiлерi жөніндегі ғылыми-негiзделген бағдарламаларды әзiрлеу және енгізу бойынша министрлiктермен, ведомстволармен, жергiлiктi атқару органдарымен, ұйымдармен және мекемелермен өзара әрекетте болу; Салауатты өмiр салтын қалыптастыру, сондай-ақ экономика, денсаулық сақтауды басқару және реформалау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары; Салауатты өмiр салтын қалыптастырудың және денсаулық сақтауды ұйымдастырудың өзектi мәселелерi бойынша медициналық кадрларды дайындау және қайта дайындау; Салауатты өмiр салтын қалыптастыру және принциптерiн енгізу, дене шынықтыру және спортпен шұғылдану, қатердiң алдын-алу жөнiнде халықпен, мектепке дейiнгi балалар және білім беру мекемелерiмен, ұйымдар мен кәсiпорындардың ұжымдарымен жұмыс iстеу; халықтың әртүрлi санатын гигиеналық оқыту бағдарламасын дайындау; Салауатты өмiр салтын уағыздау, зиянды әдеттердiң алдын алу және күресу жөніндегі көпшiлiк-спорттық және мәдени шаралар өткізу; бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс iстеу және орталықтың негiзгi мiндеттерiн жүзеге асыру жөніндегі баспагерлiк жұмыс. 3. Ұлттық Орталықтың қаржыландыру республикалық бюджеттiң денсаулық сақтау шығыстарына қарастырған қаражаттарының шегiнде жасалсын. 4. Облыс, республикалық маңыздағы қалалар және астана әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі жүргiзiлiп жатқан денсаулық сақтау органдары мен мекемелерiнiң желiсi мен құрылымын оңтайландырудың есебiнен салауатты өмiр салтын қалыптастыру проблемалары жөніндегі аймақтық орталықтар құру мүмкiндiктерiн қарастырсын. 5. Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі бір айлық мерзiм iшiнде Ұлттық Орталықтың Жарғысы мен құрылымын бекiтсiн; қайта құрылған бұрынғы Денсаулық сақтау министрлігінiң iлгерiде қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкестендiрсiн. 6. Ұлттық Орталықтың орналасқан жерi: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63 және Д.Қонаев көшесi, 86 болып белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 3 желтоқсандағы № 1678 қаулысына Қосымша Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінiң Салауатты өмiр салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық Орталығына штаттары берiлетiн денсаулық сақтау ұйымдарының тiзбесi __________________________________________________________________ N | Ұйымның атауы | Штаты, адам __________________________________________________________________ 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау 27 адам министрлігінiң Республикалық дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерi 2. ДДҰ орталығы 3 адам 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау 7 адам министрлігі Денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық проблемалары ғылыми орталығы 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау 10 адам министрлігінiң Кардиология ғылыми-зерттеу институты 5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау 3 адам министрлігі Денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық проблемалары ғылыми орталығының Баспа орталығы 6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау 5 адам министрлігінiң Гигиена және кәсiптiк аурулар ғылыми-зерттеу институты 7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау 5 адам министрлігінiң Эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институты 8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау 5 адам министрлігінiң Обаға қарсы ғылыми-зерттеу институты 9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау 7 адам министрлігінiң Республикалық санитарлық- эпидемиологиялық станциясы 10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау 5 адам министрлігінiң Радиациялық медицина ғылыми-зерттеу институты (Курчатов қаласы) Барлығы 77 адам
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |