|
|
|
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның құрамы туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.05.05. № 671 қаулысымен. 2. "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 3 мамырдағы № 553 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 1996 ж., № 19, 164-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 2-тармақтағы "мен оның дербес құрамы" деген сөздер алынып тасталсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның құрамы туралы ережеде: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетiнiң төрағасы комиссияның төрағасы болып табылады (лауазымы бойынша)"; 6-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақтың үшiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің мiндетiн атқарушы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |