|
|
|
Судьяларды және олардың мүлкiн мiндеттi мемлекеттік сақтандырудың,
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 2 наурыздағы № 102 Қаулысымен күшi жойылды
"Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2694 Конституциялық күшi бар Жарлығын (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 147-құжат) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: Судьяларды және олардың мүлкiн мiндеттi мемлекеттік сақтандырудың, оларға медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеудiң тәртібі мен шарттары туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Үкіметінiң 1997 жылғы 19 наурыздағы № 365 қаулысымен бекітілген Судьяларды және олардың мүлкiн мiндеттi мемлекеттік сақтандырудың, оларға медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеудiң тәртібі мен шарттары туралы ЕРЕЖЕ I. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже судьяларды және олардың мүлкiн мiндеттi мемлекеттік сақтандыру, оларға медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеу мәселелерiн реттейдi. 2. Судьяларды, олардың мүлкiн мiндеттi мемлекеттік сақтандыру, медициналық сақтандыру қызметi туралы заңдардың негiзiнде республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. II. Судьяларды мiндеттi мемлекеттік жеке сақтандыру 3. Қазақстан Республикасының барлық соттарының судьялары мiндеттi мемлекеттік сақтандыру субъектiлерi болып табылады. 4. Қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты (жұмысқа бару және жұмыстан қайту уақытын қоса алғанда) денсаулығына келтiрiлген зиян салдарынан еңбек қабiлетiнен толық немесе iшiнара айрылған судьялардың сақтандыру сомасын алуға құқығы бар, оның мөлшерi мүгедектiк тобына қарай белгiленедi. 5. Келтiрiлген залалды өтеу - денсаулығына келтiрiлген зиян салдарынан кәсiби еңбек қабiлетiнен айырылу дәрежесiне қарай сақтандыру сомаларын төлеуден тұрады. Қосымша шығыстарды өтеу қолданылып жүрген заңға сәйкес жүргiзiледi. 6. Қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты судьялардың өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның дәлелi: куәлардың көрсетулерi, жұмыстағы бақытсыз оқиға туралы акт; сот үкімі, шешiмi, прокурор мен тергеу органдарының қаулысы; еңбек қорғау жағдайын және еңбек туралы заңдардың сақталуына бақылау мен қадағалауды жүзеге асырушы лауазымды адамдардың (органдардың) денсаулығының зақымдану себептерi туралы қорытындылары; зиян келтiру фактiсi жөніндегі медициналық қорытынды; лауазымды адамдарға әкiмшiлiк немесе тәртiптiк жаза белгiлеу туралы шешiм мен басқа да құжаттар бола алады. ҚР Үкіметінің 28.06.02 ж. № 703 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді 7. Қызметтiк мiндеттерiн орындау барысында денсаулығына келтiрiлген зиян салдарынан судьялардың кәсiби еңбек қабiлетiнен айрылу дәрежесiн халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесi айқындайды. Кәсiби еңбек қабiлетiнен айрылу дәрежесiн айқындаумен бiр уақытта негiздер бар болса, тиiстi мүгедектiк тобы белгiленедi. 8. Сақтандырудың осы түрi бойынша сақтандыру төлемдерi Қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымдарының есеп айырысу шоттары арқылы жүзеге асырылады. Ағымдағы жылы сақтандыру сомаларын төлеуге пайдаланылмаған сақтандыру төлемдерi сақтандыру ұйымының iсiн жүргiзуге кеткен шығыстар шегерiлiп, республикалық бюджеттiң кiрiсiне аударылады. 9. Сақтандыру сомаларын төлеу ол сақтандыру оқиғасы бойынша бұрын төленген сомалар шегерiлiп жүргiзiледi. 10. Судьяларды мiндеттi мемлекеттік сақтандыру жөніндегі сақтандыру оқиғалары: қызметтiк мiндеттерiн орындау барысында судьяның апаты (өлiмi); қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты судьяның еңбек қабiлетiнен мүгедектiгi белгiленiп, тұрақты айырылуы болып табылады. 11. Мiндеттi мемлекеттік сақтандыру бойынша сақтандыру сомалары ерiктi қосымша зейнеткерлiк сақтандыру бойынша, сондай-ақ жеке сақтандырудың басқа кез-келген түрi бойынша төленген сомаларға қарамастан төленедi. 12. Судья апат (қайтыс) болған жағдайда асырауындағылар мен мұрагерлердiң зиянды өтеудi талап етуге құқы бар. 13. Сақтандыру сомаларын төлеу: судьяларға - мүгедектiгi белгiленген күннен бастап; судьяның қайтыс болуына байланысты сақтандыру сомаларын алуға құқығы бар адамдарға осындай құқық алған күннен бастап жүргiзiледi. 14. Судьяның еңбек қабiлетiнен айырылу дәрежесi өзгерген жағдайда, залалды өтеуге төленетiн сомалар қайта есептеледi. 15. Зиянды өтеуге тағайындалған, бiрақ уақытында алынбаған сома өткен уақыт үшiн, бiрақ оны алуға жүгiнген күннен бастап үш жылдан аспайтын уақыт үшiн төленедi. 16. Ұйымдардың сақтандыру жарналарын төлемеуi немесе уақтылы төлемеуi судьяны сақтандыру сомаларымен қамсыздандыру құқығынан айырмайды. III. Судьялардың мүлкiн мiндеттi мемлекеттік сақтандыру 17. Судьяларға жеке меншiк құқығы бойынша тиесiлi мүлiктiң сақтандырылуы үшiншi адамдардың заңсыз әрекеттерi нәтижесiнде оның ұрлануы, жойылуы немесе бүлiнуi болған жағдайда жүргiзiледi. Жоғарыда аталған оқиғалар бұдан әрi сақтандыру жағдайлары деп аталады. 18. Судьяға жеке меншiк құқығы бойынша тиесiлi: жылжымайтын мүлiк; көлiк құралдары (автомобильдер, мотоциклдер); үй малы; жеке тұрғын үй құрылысы немесе ұжымдық бау-бақша шаруашылығы үшiн судьяға бөлiнген жер учаскесiнде жатқан және тұрғын үй, саяжай үшiн және шаруашылық құрылыстарын салуға арналған құрылыс материалдары; құнды заттар, үй жабдығы, тұрмыстағы және қолданыстағы заттар сақтандырылуға қабылданады. 19. Мүлiктi сақтандыру құжаттарға, бағалы қағаздарға, ақша белгiлерiне, қолжазбаларға, слайдтар мен фотосуреттерге, үй өсiмдiктерiне қолданылмайды. 20. Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде судьяның орын ауыстыруына байланысты мүлiк темiржол, автомобиль және көлiктiң басқа да түрлерiмен тасымалданған кезде де сақтандырылған болып есептеледi. 21. Судья тұрақты тұратын жерiн ауыстырған кезде осыған байланысты көшiрiлген мүлiк жаңа тұратын жерi бойынша сақтандырылған болып есептеледi. 22. Сақтандыру сомасы мүлiктiң нарықтық құнының шегiнде (оның тозуын есепке ала отырып) барлық мүлiкке ортақ белгiленедi. 23. Судьяның мүлкi, жазбаша өтiнiш негiзiнде, осы адамның судья лауазымында немесе отставкада екендiгi туралы Жоғарғы Сот, облыстық және оларға теңестiрiлген сот немесе әдiлет басқармасы тиiсiнше жазбаша растағаннан кейiн сақтандырылуға тиiс. 24. Мүлкi сақтандырылуға жататын судьяның және сақтандыру өкiлiнiң қатысуымен сақтандырылатын мүлiктiң сомасына қарай мүлiктi тексерiп немесе тексермей сақтандырылады. 25. Судьяның тұрақты тұратын жеріндегі мөлшерi айлық есептi көрсеткiштiң екi жүз есеге дейiнгi сомадағы мүлкi және айлық есептi көрсеткiштiң жүз есеге дейiнгi мөлшеріндегі сомаға саяжайдағы немесе жазғы бақ үйіндегі мүлкi сақтандырушы өкiлiнiң шешуi бойынша тексерусiз аталған сомадан көп болғанда - мүлiк мiндеттi тексерумен сақтандырылуы мүмкiн. Судьяның қатысуымен тексерген жағдайда ол мәлiмдеген сақтандыру соманың қолда бар мүлiкке және оның құнына онымен сәйкестiгi тексерiледi. 26. Сақтандыру полисi судьяға мүлiктi сақтандырған күннен бастап 10 күн мерзiмнен кешiктiрмей тапсырылады. 27. Сақтандыру полисi жоғалған жағдайда сақтандырушы судьяға оның жазбаша өтiнiшiнiң негiзiнде полистiң дубликатын бередi. 28. Судьялардың мүлкiн мiндеттi мемлекеттік сақтандыру судьяның лауазымда болған және отставкадағы бүкiл кезеңiнде сақталады. 29. Сақтандыру оқиғасы болған кезде судья: үшiншi адамдардың бiле тұра заңсыз әрекеттерiнiң нәтижесiнде мүлiк ұрлаған, жойылған немесе бүлiнген жағдайда бұл жөнiнде милиция органдарына, өрт болған жағдайда өрт қадағалау органдарына, жарылыс немесе апат болған жағдайда - апат қызметiнiң тиiстi органдарына хабарлауға және сақтандырушыға жазбаша өтiнiш беруге тиiс. Өтiнiште: сақтандырылған мүлiктiң қашан, қай жерде және қандай жағдайда жойылғаны, бүлдiрiлгенi немесе ұрланғаны, бұл жөнiнде қандай құзыреттi органдарға хабарлағаны егжей-тегжейлi көрсетiлуi керек; сақтандырушыдан алған нысанда жойылған, бүлдiрiлген немесе ұрланған мүлiктiң тiзбесiн жасауы; сақтандырушы өкiлi оқиға болған жерге келгенше бүлiнген заттарды, тiзбеге енгiзiлген немесе олардан қалған қалдықтарды сақтап, акт жасау кезiнде тексеру үшiн оларды ұсынуы қажет. Судья болмаған жағдайда жоғарыда аталған iс-әрекеттердi оның отбасының кәмелетке толған мүшесi орындауға тиiс. 30. Сақтандырушы сақтандыру оқиғасы туралы өтiнiш алғаннан кейiн 3 күн мерзiм iшiнде белгiленген нысан бойынша акт жасайды. Акт судьяның (немесе оның кәмелетке толған отбасы мүшесiнiң) және куәлардың мiндеттi қатысуымен жасалады. Акт жасауға қатысуға тиiстi маман, ал тұрғын үй-коммуналдық кәсiпорындардың кiнәсiнен жылу, сумен қамтамасыз ету немесе канализация жүйелеріндегі апат болған жағдайда - осы ұйымдардың өкiлi шақырылады. 31. Зиянның мөлшерiн сақтандырушы сақтандырылған мүлiктiң жойылған, бүлiнген немесе ұрланған орны, уақыты, себебi мен өзге де жағдайлары туралы құзыреттi органдардан (гидрометқызмет, өртқадағалау, авариялық қызмет, сот, тергеу органдары және т.б.) алған құжаттары ескере отырып, жасалған актiнiң негiзiнде белгiлейдi. Егер сақтандыру оқиғасының болған фактiсi (олар бойынша қылмыстық iс қозғалған жағдайларды қоспағанда) акт жасалған кезде анықталатын болса немесе зиянның мөлшерi жиырма бес есе айлық есептi көрсеткiшiнен аспаса, онда құзыреттi органдардан ешқандай құжат сұратылмайды. 32. Зиян болып мыналар есептеледi: мүлiк жойылған немесе ұрланған жағдайда - осы мүлiк негiзделiп сақтандырылуға алынған бағалар бойынша белгiленетiн оның нарықтық құны, ал барлық мүлiк толық жойылғанда - мүлiктi сақтандыру кезiнде көрсетiлген сақтандыру сомасы; мүлiк бүлiнгенде - оның нарықтық құны мен бүлiнгеннен кейiнгi құнының арасындағы айырма, яғни арзандату сомасы. 33. Егер бүлiнген затты жөндеу арқылы мақсатына сай пайдалануға жарамды күйге келтiруге болса, онда зиян болып осы затты жөндеу құны есептеледi. Жөндеу құны нарықтық бағалар бойынша, ал егер ол мүмкiн болмаса, тиiстi ұйымдар азаматтардан алу үшiн белгiлеген бағалар (тарифтер) бойынша есептеледi. Жөндеу құны заттың қолданылып жүрген нарықтық құнынан аспайтын соманың шегiнде ғана зиян болып танылады. 34. Егер қолданылып жүрген ережелер бойынша жасаушы ұйым немесе тиiстi жөндеу кәсiпорны тегiн не абонемент төлемдерi есебiнен айырбастап немесе жөндеп беруге мiндеттi болса, кепiлдiк немесе абонементтiк (шарттық) қызмет көрсетуде тұрған телевизорлар мен тоңазытқыштарды айырбастау немесе жөндеу құны зиян болып танылмайды. 35. Мүлiктiң тозу процентi комиссиялық түрде айқындалады. 36. Судьяның пәтерiн (тұрғын үйiн) жөндеу құны да зиян болып танылады. Мұндай пәтердi (тұрғын немесе жеке қосалқы жайларды) әрлеу және жабдықтау элементтерi есепке алынады. Жөндеу құны нарықтық бағалар бойынша, ал егер ол мүмкiн болмаса - азаматтардың тиiстi жұмыстарға ақы төлеуi үшiн белгiленген бағалар бойынша айқындалады. 37. Зиянның сомасына, егер бұл шығыстар қажеттi болып танылса, сақтандыру оқиғасының басталуына байланысты мүлiктi құтқару және оны қалпына келтiру жөніндегі шығыстар да қосылады. Аталған шығыстардың мөлшерi нарықтық бағалар бойынша, ал егер ол мүмкiн болмаса - азаматтардың тиiстi жұмыстарға (қызмет көрсетуге) ақы төлеуi үшiн белгiленген бағалар (тарифтер) бойынша есептеледi. Егер мүлiктiң кейбір жойылған, бүлiнген немесе ұрланған заттарына қолданылатын нарықтық бағалар болмаса, онда зиянның мөлшерi акт жасалған күнi бiртектi (ұқсас) заттарға жарияланған, қолданылып жүрген нарықтық бағаларға қарай белгiленедi. 38. Сақтандыру өтемi зиянның мөлшерiнде төленедi, бiрақ ол сақтандыру сомасынан артық болмайды; пәтердiң әрлеу және жабдықтау элементтерi зақымданғанда оларды жөндеудiң нақты құны жалпы сақтандыру сомасының 20% шегiнде өтеледi. Көлiк ұйымы жарияланған құнымен жүк ретiнде тасымалдауға қабылдаған үй мүлкi жойылған (қалдықсыз) немесе ұрланған кезде, нақты зиян үшiн төленетiн сақтандыру өтемi осы жүктiң жарияланған құнының сомасынан артық бола алмайды. Iшкi iстер органдары сигнализация құралдарының көмегi мен күзетуге алған мүлiк ұрланғанда нақты зиян үшiн сақтандыру өтемi, одан сақтандырылған болып есептелмеген ұрланған заттардың құнын алып тастап, судьяның iшкi iстер органдарынан алған сомасын шегере отырып төленедi. 39. Егер сақтандырылған судья (немесе оның отбасының кәмелетке толған мүшесi) сақтандыру өтемiнiң мөлшерiн көбейту мақсатында жойылған, бүлiнген немесе ұрланған үй мүлкiнiң оған берiлген тiзбесiне шын мәнiнде жойылмаған, бүлiнбеген, немесе ұрланбаған заттарды әдейi қосқаны айқындалса, онда iстiң мән-жайына қарай сақтандырушы тиесiлi сақтандыру өтемiнiң мөлшерiн 50%-ке дейiн төмендету туралы шешiм қабылдай алады. 40. Сақтандырушы сақтандыру өтемiн барлық қажеттi құжаттарда алғаннан кейiн 7 күн мерзiмде төлейдi. Сақтандыру ұйымының кiнәсiнен төлемдердiң кешiктiрiлген әрбiр күнi үшiн заңдармен белгiленген мөлшерде өсiм төленедi. Бұл ретте қылмыстық iс қозғалған мүлiктi жою, бүлдiру немесе ұрлау фактiлерi бойынша төлем, егер судьяның немесе оның отбасы мүшесiнiң кiнәлi адам болып табылмайтындығы айқындалған болса, сондай-ақ егер зиянның мөлшерi қырық бес есе ең төменгi айлық есептi көрсеткiштен аспаса, тергеу барысында (iстi сотқа бергенге дейiн) жасалады. Iс бойынша мүлкi сақтандырылған судья, немесе оның отбасының мүшесi айыпкер болып табылған жағдайда, сақтандыру өтемiн төлеу немесе төлеуден бас тарту мәселе сақтандырушы ұйым соттың үкімін (шешiмiн) алғаннан кейiн шешiледi. 41. Сақтандыру өтемi судьяға төленедi. Оның қалауы бойынша төлем атаулы чек беру, салымына ақша аудару жолымен, нақты ақшамен немесе белгiленген тәртiпте почтамен ақша аудару арқылы жасалуы мүмкiн. Судья қайтыс болған жағдайда сақтандыру төлемi оның мұрагерлерiне төленедi. 42. Егер судья (немесе оның отбасының мүшесi) мүмкiншiлiгi бола тұра, сақтандырылған мүлiктiң жойылғаны немесе бүлiнгенi туралы белгiленген тәртiп пен мерзiмде мәлiмдемесе, сақтандырушының сақтандыру өтемiн беруден бас тартуға құқығы бар. Егер арыз беру тәртібі мен мерзiмiн бұзуға байланысты мүлiктiң жойылу немесе бүлiну фактiсi мен себебiн анықтау не келтiрiлген зиянның мөлшерiн белгiлеу мүмкiн болмаса, сақтандырушы мұндай тәртiп бұзуға байланысты сақтандыру өтемiн төлеуден бас тарту туралы шешiм қабылдауы мүмкiн. сақтандыру оқиғасы судьяның немесе оның отбасы мүшесiнiң қасақана әрекеттерiнiң салдары болып табылса не зиян тергеу органдары немесе сот қасақана қылмыс белгiлерiн айқындаған олардың әрекеттерiмен келтiрiлсе; мүлiктi ұрлау (ұрлауға әрекет жасау), оның үшiншi адамдардың заңсыз әрекеттерi нәтижесiнде жойылғаны немесе бүлдiрiлгенi туралы жауап алу және тергеу органдарына мәлiмделiнбесе, сондай-ақ егер бұл фактiнi жауап алу және тергеу органдары растамаса; заттардың қалдықсыз жойылуы мүмкiн реттердi қоспағанда, бүлiнген заттар немесе олардың қалдықтары көрсетiлмесе төленбейдi. Судьяның немесе оның отбасы мүшесiнiң әрекеттерiнде қасақана ниеттiң болуы, сондай-ақ олардың әрекеттеріндегі қасақана қылмыс белгiлерi сот немесе осы жағдай бойынша тергеу жүргiзген тиiстi құзыреттi органдар құжатының негiзiнде белгiленедi. 44. Егер зиян толық өтелсе, судья сақтандыру өтемiне деген құқығынан айырылады. Егер зиян iшiнара және келтiрiлген сақтандыру өтемiнен кем өтелсе, онда ол келтiрiлген зиян үшiн судьяның жауапты адамнан алған сомасын ескере отырып төленедi. 45. Егер акт жасау (зиянның көлемiн анықтау) мен сақтандыру өтемiн төлеу күнi аралығындағы кезеңде жойылған, бүлiнген немесе ұрланған заттарға деген қолданылып жүрген нарықтық бағалар өзгерсе (төмендесе немесе көтерiлсе), онда сақтандыру өтемi, судьяның бағалауы бойынша сақтандырылған заттарды қоспағанда, олардың жаңа құны бойынша төленедi. 46. Егер ұрланған зат судьяға қайтарылса, онда ол қайтарылған затты жөндетуге немесе қалпына келтiруге шыққан шығыстарды шегере отырып, осы зат үшiн алған сақтандыру өтемiн сақтандырушыға қайтаруға немесе оны белгiленген тәртiпте сақтауы үшiн сақтандырушыға өткiзуге мiндеттi. 47. Сақтандыру өтемiн төлеген сақтандырушыға төлеген соманың шегiнде келтiрiлген зиян үшiн жауапты адамға қарсы талап қою құқығы ауысады. 48. Судьялардың талаптарын (наразылықтарын) сақтандырушы ұйым немесе сот қарайды. 49. Тараптардың осы Ережемен көзделмеген басқа қатынастары қолданылып жүрген заңдармен реттеледi. IV. Судьялар мен олардың отбасы мүшелерiне медициналық көмек көрсету туралы 50. Қазақстан Республикасы соттарының барлық судьяларына, сондай-ақ олардың бiрге тұратын отбасы мүшелерiне мемлекеттік емдеу-профилактикалық мекемелерде медициналық қызмет көрсетiледi. Тiркелген мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерiнде медициналық қызметтi пайдалану құқығы отставкаға, жасы немесе мүгедектiгi бойынша зейнеткерлiкке шығуына байланысты сот жұмысын тоқтатқан адамдарда, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiнде сақталады. 51. Судьялар мен олардың отбасы мүшелерi медициналық қамсыздандыру үшiн өздерiнiң таңдауы бойынша аумақтық (орталық, облыстық, қалалық, аудандық) ауруханалар мен емханаларға тiркеледi. 52. Судьяларға медициналық қызмет көрсетудi жүзеге асыру үшiн Жоғарғы Сот, облыстық және оларға теңестiрiлген соттар, әдiлет басқармалары тиiстi емдеу-профилактикалық мекемелерге судьялар мен олардың отбасы мүшелерiнiң жыл сайын жаңартылып отыратын тiзiмдерiн бередi. 53. Үлкендер мен балаларға көрсетiлетiн жедел және кiдiрiссiз медициналық көмек, сондай-ақ шығыс стационарлық көмек халыққа көрсетiлетiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiне және мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасына сәйкес көрсетiледi. 54. Мемлекеттік емдеу-профилактикалық мекемелерде судьялар мен олардың отбасы мүшелерiне көрсетiлетiн медициналық қызмет үшiн ақы төлеу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзiледi. 55. Мемлекеттік емдеу-профилактикалық мекемелерде судьялар мен олардың отбасы мүшелерiне медициналық қызмет көрсетуге байланысты даулар заңдарда белгiленген тәртiппен шешiледi. V. Қазақстан Республикасы соттарының судьяларын санаторий-курорттық емдеу ҚР Үкіметінің 16.07.02 ж. № 789 қаулысымен 56-тармақ өзгертілді 56. Қазақстан Республикасы соттарының судьялары олардың қалауы бойынша санаторийлер мен демалыс үйлерiне жолдамалармен қамтамасыз етiледi. ҚР Үкіметінің 16.07.02 ж. № 789 қаулысымен 57-тармақ өзгертілді 57. Судьяларға кезектi еңбек демалысына шыққан кезде сауығу үшiн айлық жалақының екi еселенген мөлшерiнде жәрдем ақы төленедi. ҚР Үкіметінің 16.07.02 ж. № 789 қаулысымен 58-тармақ алынып тасталды 58. Судьялар санаторийлер мен демалыс үйлерiне жолдама сатып алғанда судьяның өзiне жолдама құнының 70 процентi және зайыбына 50 процентi жұмыс iстеу орны бойынша немесе зейнетақы алу орны бойынша төленедi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |