ҚР Қаржы министрлігінің 2007.21.06 № 217 бұйрығымен 2008 жылғы 1 қаңтардан бастапкүші жойылды
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы № 3 қаулысымен бекітілдi Бухгалтерлiк есепке алудың 5 стандарты Бұрынғы редакцияларды қара Мақсаты мен қолданылу өрiсi 1. Осы стандарттың мақсаты ұйым қызметiнiң нәтижесiнде алынатын табыстарды есепке алу тәртібін айқындау болып табылады, стандарт табысты тану шарттарын сипаттайды, оның көлемiн бағалауға мүмкiндiк бередi, қаржы есептемелерiнiң түсінiктеме жазбахатында табысты танудың маңызды аспектiлерiн ашып көрсетудiң негiзгi сәттерiн айқындайды. ҚР Қаржы министрлігінің 28.01.03 ж. № 27 бұйрығымен 1-сілтеме алынып тасталсын 2. Стандарт тауар-материалдық қорларды (бұдан әрi - тауарлар) өткізуден, қызметтер көрсетуден және ұйымға тиесiлi әрi сыйақы, роялти мен дивидендтер әкелетiн активтердi пайдалануға беруден алынатын табыстарды есепке алу кезiнде қолданылады. 3. Ұйымдар бұл стандартты бухгалтерлiк есепке алудың басқа стандартының шарттары бойынша есепке алудың басқа әдiстемесi қажет болатын немесе қолдануға рұқсат етiлетiн жағдайлардан басқа кездерде табыстарды есепке алу кезiнде қолданады. 4. Осы стандарттың қолданылу өрiсiне қаржы активтерi мен мiндеттемелерiн өткізу құнындағы өзгерістер немесе олардың шығып қалуы нәтижесiнде туындайтын табыстар енбейдi. ҚР Қаржы министрлігінің 28.01.03 ж. № 27 бұйрығымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 5. Кірістер - меншіктенушілердің салымдарымен байланысты емес меншік капиталдың артуына әкеп соқтыратын активтердің немесе олардың құнының арту не міндеттемелерінің азаю нысанында есепті кезең ішінде экономикалық пайдалардың артуы. 6. Ұйымның негiзгi және жанама қызметiнен алынған табыстар оның жиынтық табысын құрайды. 7. Өткізу құны - актив айырбасталатын немесе мәмiледен хабардар және оған дейiн тәуелсiз тараптар арасындағы мiндеттемеге төленетiн құн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|