|
|
|
Жарғылық капиталда қатысудың басым мемлекеттік үлесі бар акционерлік Бұрынғы редакцияларды қара ҚР Үкіметінің 25.06.04 ж. № 702 қаулысымен тақырыбында және мәтiнiнде сөздер ауыстырылды (бұр. ред. қара) Жарғылық капиталда қатысудың басым мемлекеттік үлесі бар акционерлік қоғамдардың ағымдағы қызметіне тиімді басшылық жасауды арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Жарғылық капиталда қатысудың басым мемлекеттік үлесі бар акционерлік қоғам атқарушы органы басшысымен жасалатын Үлгілік жеке еңбек шарты бекітілсін. ҚР Үкіметінің 25.06.04 ж. № 702 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін иемдену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары және Ұлттық Банкi (келісім бойынша) заңдарға сәйкес осы қаулымен бекітілген Үлгілік жеке еңбек шарты негізінде тиісті акционерлік қоғамдардың атқарушы органдар басшыларымен жеке еңбек шарттар жасасуын қамтамасыз етсін. 3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 шілдедегі № 909 қаулысымен бекітілген Жарғылық капиталда қатысудың басым мемлекеттік үлесі бар акционерлік қоғам атқарушы орган басшысымен жасалатын Үлгілік жеке еңбек шарты ҚР Үкіметінің 25.06.04 ж. № 702 қаулысымен тақырыбында және мәтiнiнде сөздер ауыстырылды (бұр. ред. қара)
1.___________________________________ акционерлік қоғамы, бұдан әрi "Қоғам" деп аталатын директорлар кеңесiнiң төрағасы ______________атынан, бiрiншi тараптан, және азамат ________________________________, екiншi тараптан, мына төмендегiлер туралы осы келісім шартты жасасты. ҚР Үкіметінің 25.06.04 ж. № 702 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Азамат_________ Қоғамның Директорлар Кеңесiнiң ____________ жылғы отырысының хаттамасына сәйкес Қоғам атқарушы органы басшысымен (бұдан әрi - Басшы) қызметiне сайланады. ҚР Үкіметінің 25.06.04 ж. № 702 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Басшы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қоғамның Жарғысына сәйкес қоғамды басқаруды жүзеге асыру мақсатында мынадай функцияларды орындайды: ҚР Үкіметінің 25.06.04 ж. № 702 қаулысымен 1-тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1) атқарушы органның тиiмдi жұмыс iстеуiн, Қоғамның қызметiн және акционерлердiң жалпы жиналысы мен директорлар кеңесi шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастырады; 2) Қоғамның филиалдарының, өкiлдiктерiнiң, сондай-ақ өз құзыреті шегіндегі еншiлес ұйымдардың немесе тәуелдi қоғамдардың жұмыстарын үйлестiредi және бағыттап отырады, 3) атқарушы органның және Қоғамның құрылымдық бөлiмшелерiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн бақылайды және қамтамасыз етедi; 4) атқарушы орган отырысы хаттамаларының жүргiзiлуiн ұйымдастырады және оларға Қоғам акционерлерiнiң кедергiсiз жiберiлуiн қамтамасыз етедi; 5) үшiншi тараптармен қарым-қатынастарда Қоғамның атынан сенiмхатсыз әрекет етедi; 6) Қоғамды бiлдiру құқына сенiмхат бередi; 7) Бас есепшiнiң кандидатурасы туралы Қоғамның Директорлар Кеңесiмен келiседi; 8) Қоғам атқарушы орган мүшелерiне тиесiлi сыйақылар мен өтемақылар мөлшерiн Қоғамның Директорлар Кеңесінің бекiтуiне енгiзедi; 9) банктерде есепшоттар ашады және қоғамның төлем құжаттарына қол қояды; 10) "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қоғамның жарғысында белгiленген тәртiппен Қоғам атынан мәмiлелер жасайды; 11) заңдарда және Қоғам жарғысының ережелерiнде, акционерлердiң жалпы жиналысы мен Қоғам директорлары кеңесi шешiмдерiнде белгiленген шеңберiнде қоғамның қаржысына билiк етедi; ҚР Үкіметінің 25.06.04 ж. № 702 қаулысымен 12-тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 12) Қоғам қызметкерлерiн (атқарушы орган мүшелерi болып табылатын қызметкерлердi қоспағанда) қабылдауды, ауыстыруды және босатуды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын қолданады және тәртiптiк жаза қолданады, Қоғамның штат кестесiне сәйкес қоғам қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысының мөлшерiн және жалақыларға дербес үстемелердi белгілейдi, атқарушы орган және қоғамның iшкi аудитi қызметiнiң құрамына кiретiн қызметкерлердi қоспағанда, қоғам қызметкерлерiнiң сыйақы мөлшерiн анықтайды; 13) ҚР Үкіметінің 25.06.04 ж. № 702 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара) 14) ҚР Үкіметінің 25.06.04 ж. № 702 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 25.06.04 ж. № 702 қаулысымен 15-тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 15) қоғамның қаржы-шаруашылық қызметiнiң орта мерзiмдi жоспарының (ұлттық компанияның даму жоспарының) әзiрленуiн ұйымдастырады; 16) Қоғам филиалдарының, өкілдiктерiнiң басшыларын және бас есепшiлерiн лауазымға тағайындайды және босатады; ҚР Үкіметінің 25.06.04 ж. № 702 қаулысымен 16-1-тармақшамен толықтырылды 16-1) акциялардың мемлекеттік пакетiне дивидендтер мөлшерiнiң болжамды көрсеткiштерiн көрсетілген акцияларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жоспарлының алдындағы жылдың бiрiншi сәуiрiне дейiн берудi қамтамасыз етедi; 17) өзiне заңдар, Директорлар Кеңесi мен Қоғамның жарғысы жүктеген басқа да функцияларды жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 25.06.04 ж. № 702 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 4. Басшының мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) Қоғамның мүддесiн барынша жоғары деңгейде көрсетедi деп санауға негiзделген тәсiлдердi қолдана отырып, өзiнiң лауазымдық өкiлеттігiн адал жүзеге асыру; 2) Жарғыға немесе акционерлердiң жалпы жиналысының немесе Қоғам мүлкi мен мүлiктiк құқықтарының Қоғамның Директорлар Кеңесiнiң шешiмдерiне сәйкес келмейтiн тұрғыда пайдаланылуына жол бермеу; 3) Қоғамның құрылтайшы құжаттарында белгiленген тәртiппен акционерлердiң жалпы жиналысы алдында есеп беру; 4) Қоғам қызметiнде заңдардың сақталуын қамтамасыз ету; 5) Қоғамның коммерциялық және қызметтiк құпиясын сақтау және оларды қорғауды қамтамасыз ететiн шараларды қолдану; 6) Қоғам қызметi туралы толық және дер кезiнде расталған есеп берiп тұру; 7) Басшы қызметке сайланған күннен бастап 6 ай толғанда өзiнiң қызметi және Қоғамның осы кезеңдегi нәтижелерi туралы Директорлар Кеңесiне есеп беру оның нәтижелерi бойынша Директорлар Кеңесi Қоғамның акционерлерiн алдын ала жазбаша хабардар етіп, Басшының атқарып отырған қызметіне сәйкестiк туралы, не Басшының өкiлеттігiн мерзiмiнен бұрын тоқтату және онымен осы жеке еңбек шартты бұзу туралы шешiм қабылдайды; 8) өзiне заңдар, Директорлар Кеңесi мен Қоғамның жарғысы жүктеген басқа да мiндеттердi орындау. ҚР Үкіметінің 25.06.04 ж. № 702 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 5. Басшы өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде: 1) басқа ұйымдарда ақы төленетін лауазымда болуға; 2) қоғамның мүмкiндiктерiн Қоғамды дамытуға және оның кірістерін арттыруға бағытталған қызметтен басқа өзге де мақсаттарда пайдалануға немесе олардың пайдаланылуына мүмкiндiк беруге; 3) қоғаммен бәсекелес ұйымдарды немесе оған еншiлес ұйымдарды немесе тәуелдi қоғамдарды құруға немесе қатысуға; 4) қоғамда оның филиалдарында, өкiлдiктерінде, оның еншiлес ұйымдарында немесе тәуелдi қоғамдарда үшiншi тұлғаның iстерi бойынша өкiл болуға; ҚР Үкіметінің 25.06.04 ж. № 702 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 6. Басшы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзiнiң заңсыз әрекеттерiмен келтiрiлген зиян үшiн Қоғам алдында жауаптылықта болады. ҚР Үкіметінің 25.06.04 ж. № 702 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 7. Басшыға сыйақыны Қоғамның Директорлар Кеңесi белгiлейдi. ҚР Үкіметінің 25.06.04 ж. № 702 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 8. Қоғамның Директорлар Кеңесi Басшыға қоғам шығынсыз жұмыс iстеген, өндiрiстiк және инвестициялық бағдарламалар орындалған, сондай-ақ осы шартта айтылған мiндеттемелер ойдағыдай орындалған жағдайда қосымша сыйақылар белгiленуi мүмкін. ҚР Үкіметінің 25.06.04 ж. № 702 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 9. Жыл сайын Басшыға күнтiзбелiк демалыс белгiленедi. Қоғамның Директорлар Кеңесiнiң шешiмiмен Басшыға ақылы қосымша демалыс белгіленуi мүмкін. ҚР Үкіметінің 25.06.04 ж. № 702 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 10. Қоғам: 1) Басшының еңбек кiтапшасындағы жазбаларды ол жұмыстан босатылған жағдайда дұрыс ресiмдеуге; 2) босатылатын Басшыға босатылған күнi еңбек кiтапшасын беруге және онымен толық есеп айырысуға; 3) осы жеке еңбек шарттың күшіндегі кезiнде Басшы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына заңдарда көзделген төлемдермен қатар ____________ мөлшерiнде жәрдемақы төленуге мiндетті. 11. Осы жеке еңбек шарттың қолданылу мерзiмi 1 жыл. ҚР Үкіметінің 25.06.04 ж. № 702 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 12. Басшының Қоғамды басқару жөніндегі қызметi тиiмдi болған жағдайда, осы жеке еңбек шарт келесi жылға ұзартылуы мүмкiн. 13. Осы жеке еңбек шарт тараптардың өзара келісімi бойынша немесе заңдарда көзделген негіздемелер бойынша бұзылуы мүмкiн. Сондай-ақ осы жеке еңбек шартты Қоғам бiржақты тәртiппен бұзуы мүмкiн. ҚР Үкіметінің 25.06.04 ж. № 702 қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 14. Басшының өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы Қоғамның Директорлар Кеңесi шешiм қабылдаған жағдайда, осы жеке еңбек шарт бiржақты тәртiппен Қоғамның бұзуына жатады. Мұндай шешiмнiң қабылдауына мынадай жағдайлар негіз болып табылады: 1) Басшының заңдарды және Қоғамның Жарғысын бұзуы; 2) Басшының акционерлердiң жалпы жиналысының және Қоғамның Директорлар Кеңесiнiң шешiмдерiн орындамауы; 3) Басшының кiнәсiнен Қоғамның қаржы-экономикалық жағдайының нашарлауы; 4) осы жеке еңбек шарттың 4-тармағында көрсетiлген міндеттерді, сондай-ақ осы жеке еңбек шарттың басқа да ережелерiн Басшының орындамауы не ойдағыдай орындамауы; 5) заңдарда немесе Қоғамның Жарғысында қарастырылған өзге де жағдайлар. 15. осы жеке еңбек шарттың тараптардың өзара келісімі бойынша өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін. Осы жеке еңбек шарттың барлық өзгертулері мен толықтырулары жазбаша түрде ресімделуі және осы жеке еңбек шарттың ажырамас бөлігі болып табылуы тиіс. 16. Осы жеке еңбек шарты қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 17. Осы жеке еңбек шартпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешілуге жатады. ҚР Үкіметінің 25.06.04 ж. № 702 қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 18. Осы жеке еңбек шарты мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды. Жеке еңбек шарттың екі данасының да бірдей заң күші бар. Бір данасы Қоғамда, екінші данасы Басшыда сақталады. ҚР Үкіметінің 25.06.04 ж. № 702 қаулысымен кіші бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара) Тараптардың орналасқан жерi және қолдары: Қоғам: Директорлар кеңесiнiң төрағасы Басшы ______________________________ _________________ ______________________________ _________________ (қолы) М.О. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 шілдедегі № 909 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі 1. "Мемлекеттік иелiгiнен алу және жекешелендiру процесіндегі шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн мемлекеттік реттеу мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 шілдедегі № 606 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 28, 341-құжат). 2. "Алаугаз мемлекеттік холдингтік компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 2 қыркүйектегi № 770 қаулысының 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1993 ж., № 34, 397-құжат). 3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 2 қыркүйектегi № 1177 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 29, 353-құжат). 4. "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1996 жылғы 19 қаңтардағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 6, 26-құжат).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |