«Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» ҚР Президентінің 2007 жылғы 21 наурыздағы № 299 Жарлығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы бекітілсін (қоса беріліп отыр). 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын іске асыру жөнінде шаралар қолдансын. 3. «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 11 ақпандағы № 1094 Қаулысының күші жойылған деп танылсын. 4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев
Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы
Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы (бұдан әрi - Әскери доктрина) мемлекеттiң әскери қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, соғыстар мен қарулы қақтығыстардың (бұдан әрi - әскери қақтығыстардың) алдын алуға, әскери құрылыс iсiне, сондай-ақ ұлттық мүдделердi қорғау және Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiн орындау мақсатында Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қолдануға негiз болатын көзқарастар жүйесi болып табылады. Осы Әскери доктрина егемен мемлекеттiң қалыптасуы және екi жақты әлемнен көп жақты әлемге көшу кезеңiнде әскери қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiн қалыптастыруға бағытталған 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Әскери доктринасының негiзiнде әрi оны дамыта отырып әзiрлендi. Бұл мiндет негiзiнен орындалды. Бүгiнгi таңда жаңа Әскери доктринаны қабылдау үшiн бiрқатар iшкi және сыртқы алғы шарттар бар. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|