|
|
|
"Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Заң шығару институты" Бұрынғы редакцияларды қара Заң жобалау қызметiн институционалдық нығайтуды жүзеге асырудың тиiмдiлiгін арттыру және жалпы ұлттық даму стратегиясын iске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында заң жобасы және сараптамалық жұмысты ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Заң шығару институты" мемлекеттік мекемесi жарғылық капиталда мемлекеттiң 100-проценттік қатысуымен "Қазақстан Республикасының Заң шығару институты" жабық акционерлік қоғамына (бұдан әрi - Заң шығару институты) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Заң шығару институтының негізгі мiндеттерi Қазақстан Республикасы заңдарын дамытудың ғылыми тұжырымдамасын әзiрлеу, Қазақстан Республикасының ?кіметi мен орталық атқарушы органдарының қызметiн құқықтық қамтамасыз ету саласында зерттеу жүргізу болып белгіленсiн. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру жөнiндегі комитеті заңдарда белгіленген тәртiппен: 1) Заң шығару институтының жарғысын бекiтсiн және оны әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн; 2) Заң шығару институты акцияларының мемлекеттік пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне берсiн; 3) осы қаулыны iске асыру жөнiндегі өзге де шараларды қабылдасын. 4.ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |