|
|
|
Теңiз кемелерiнiң басшылық құрамындағы адамдардың атақтары туралы
Қазақстан Республикасының 2002 ж. 22 тамыздағы № 936 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Саудалық теңiзде жүзу үшiн жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: Теңiз кемелерiнiң басшылық құрамындағы адамдардың атақтары туралы қоса берiлген Ереже бекітілсiн және ол осы қаулы шыққан сәттен бастап күшiне енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 28 ақпандағы № 233 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН Теңiз кемелерiнiң басшы құрамындағы адамдардың атақтары туралы ЕРЕЖЕ I. Жалпы ережелер 1. КСР Одағының Саудалық теңiзде жүзу Кодексiне сәйкес теңiз кемелерiнiң басшылық құрамындағы адамдарға мынадай атақтар белгiленедi: кеме жүргiзушiлерге: - алыс сапарға жүзу капитаны - жақын сапарға жүзу капитаны - алыс сапарға жүзу штурманы - жақын сапарға жүзу штурманы кеме механиктерiне: - бiрiншi разрядты кеме механигi - екiншi разрядты кеме механигi - үшiншi разрядты кеме механигi кеме электр механиктерiне: - бiрiншi разрядты кеме электр механигi - екiншi разрядты кеме электр механигi - үшiншi разрядты кеме электр механигi кеме радиомамандарына: - бiрiншi сыныпты кеме радиооператоры - екiншi сыныпты кеме радиооператоры - кеме радиотелеграфшысы - кеме оператор-радиотелефоншысы 2. Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің шешiмдерiнде көзделген жағдайларда шетел азаматтарына егер олардың жасы 18-ден кем болмаса, тиiстi теңiз білімi болса (капитандар, штурмандар, кеме механиктерi мен кеме электр механиктерi үшiн жоғары және орта арнаулы білім) және осы Ережеде көзделген талаптарды орындаса, теңiз кемелерi басшылық құрамындағы адамдарға арналған атақтарды арнаулы біліктiлiк комиссиялары бередi. Атақтар беру арнаулы біліктiлiк комиссияларында сынақтан өткеннен кейiн диплом немесе мамандығы туралы куәлiктер тапсыру арқылы куәлендiрiледi. Жағалау маңында, iшкi суларда, қорғалатын сулардың шеңберiнде немесе оған тiкелей жақын аралықтарда немесе кемежай ережелерi қолданылатын аудандарда жүзетiн теңiз кемелерiнiң басшылық құрамындағы адамдардың атақтарын, сондай-ақ осы Ереженiң 1 тармағында ескерiлмеген басшылық құрамдағы адамдардың және басшылық құрамға қатысы болмайтын кеме экипажындағы адамдардың атақтарын, осы атақтардың сыныптарын және соған байланысты құқықтарды мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының Көлiк министрлігі белгiлейдi. Әскери-теңiз білімi бар адамдарға атақтары осы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен және басқа мүдделi министрлiктерiмен, ведомстволармен бiрлесе отырып Қазақстан Республикасының Көлiк министрлігі белгiлеген тәртiппен берiледi. 3. Теңiз кемесiнiң капитандары, капитанның көмекшiлерi, механиктерi, электр механиктерi мен радиомамандары лауазымына орналасуға денсаулық жағдайы жарамды деп танылған басшы құрамдағы адамдардың атақтары берiлген, дипломдары (мамандықтық куәлiктерi) расталған азаматтар жiберiледi. Дипломдарды, мамандық куәлiктерi мен дипломдардың айғақтарын (мамандық куәлiктердi) саудалық теңiз бен балық теңiз кемежайларының капитандары бередi. 4. Айрықша жағдайларда дипломы бар адамға сол дипломда көрсетiлген мамандығынан бiр саты жоғары қызметке жеңiлдiкпен орналасуына рұқсат берiлуi мүмкiн. Егер дипломы жоқ адам болса, оған дипломды талап ететiн ең төменгi қызметке жеңiлдiктi рұқсат берiлуi мүмкiн. Жеңiлдiктi рұқсат мамандардың теңiзде жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi біліктiлiгi мен тәжiрибесi бар жағдайда 6 айдан аспайтын уақытқа берiледi. Капитан немесе аға механиктiң лауазымын атқаруға жеңiлдiктi рұқсат жеңiстiк бермейтiндей оқиғалар туа қалған жағдайда ғана, әрi мүмкiндiгiнше өте қысқа мерзiмге берiледi. 5. Арнайы біліктiк комиссияларын құру, сынақтан өткізу, дипломдар беру, мамандық куәлiктерi мен дипломдардың (мамандық куәлiктерiнiң) айғақтарын беру, сондай-ақ осы ережеде қарастырылған талаптарды орындау тәртібін мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың келісімi бойынша Қазақстан Республикасының Көлiк министрлігі белгiлейдi. 6. Осы Ереже қабылданған уақытқа дейiн теңiз кемелерiнiң басшылық құрамының атақтары берiлген адамдар осы Ережеде көзделген негiзде тиiстi атақтар алған адамдармен бiрдей құқықтарды пайдаланады. 7. Адамдарды басшылық құрамның атақтарынан айыруға қарамағына теңiз мекемелерi кiретiн министрлiктер мен ведомстволардың флот қызметкерлерiнiң тәртібі туралы жарғыларында көрсетiлген тәртiп бойынша еңбек тәртібі бұзылған, жүзу қауiпсiздiгiне қауiп төнген жағдайларда ғана жол берiледi.
II. Кеме жүргiзушiлердiң атақтары
8. Кеме жүргiзушiлерге атақтар беру үшiн мынадай талаптар қойылады: а) жақын сапарға жүзу штурманы - оқу орындарының оқу жоспарларына сай өздiгiнен жүретiн кемелерде кемiнде 15 ай бойы палуба командасының құрамында жүзуге және соның iшiнде дипломы бар капитан көмекшiсiнiң басшылығымен кемiнде 6 ай бойы кеменiң басқарым тұғырында вахта атқаруға тиiс; б) жақын сапарға жүзу капитаны - жалпы сыйымдылығы 200 рег. тонна және одан да асатын өздiгiнен жүретiн кемелерде 24 ай бойы капитанның вахталық көмекшiсi мiндетiн орындауға, соның iшiнде жақын сапарға жүзу кезiнде капитанның аға көмекшiсi қызметiнде 12 айдан кем болмауға тиiс; в) алыс сапарға жүзу штурманы атағы; жақын сапарға жүзу штурманына - жалпы сыйымдылығы 200 рег. тонна және одан да асатын өздiгiнен жүретiн кемелерде 12 ай бойы капитанның вахталық көмекшiсi мiндетiн орындаған, соның iшiнде алыс сапарға жүзу кезiнде капитанның екiншi көмекшiсiнен кем емес қызметте 6 айдан кем болмаған жағдайда; жақын сапарға жүзу капитанына - жалпы сыйымдылығы 200 рег.тонна және одан да асатын өздiгiнен жүретiн кемелерде кемiнде 6 ай бойы алыс сапарда капитанның екiншi көмекшiсi қызметiнде болған жағдайда; г) алыс сапарға жүзу капитаны атағы - жалпы сыйымдылығы 1600 рег. тонна және одан да асатын өздiгiнен жүретiн; жалпы сыйымдылығы 600 рег. тонна және одан да асатын балық өнеркәсiбi флотының аулау кемесiнде, ғылыми-зерттеу, ғылыми-iздестiру, инспекциялық, күзет және оқу кемелерiнде; бас қозғалтқышының жалпы тиiмдi қуаты 750 кВт және оданда жоғары мұзжарғыштарда, теңiз бұрғылау қондырғыларымен жабдықтау, буксир және құтқару кемелерiнде 18 ай капитанның аға көмекшiсi қызметiнде болған жағдайда берiледi. 9. Осы Ережедегi жақын сапарға жүзу деп: а) Ақ теңiзде сонымен қатар Баренц теңiзi суларында - шығысқа қарай - Меншиков мүйiсi мен Болван тұмсығын жалғайтын сызыққа дейiн; батысқа-Нордкап мүйiсi меридианына дейiн; солтүстiкте - 71 параллельге дейiн; б) Карск, Лаптев, Шығыс-Сiбiр, Чукот теңiздерiнде - жүзуге шығу пунктiнен бiр бағытта 400 теңiз милiнен кем ең қысқа жол бойынша; в) Шығанақтарымен бiрге Балтық теңiзiнде, Бельтада, Зундеде, Каттегатта және Скагерракта Скаген-Линнеснес сызығына дейiн және Кил каналы арқылы - Брюсбютелл шыға берiсiне дейiн; г) Азов теңiзiнде, сондай-ақ Қара теңiзде Стамбулға дейiн; д) Каспий теңiзiнде; е) Жапон теңiзiн Татар бұғазы арқылы Охот теңiзiне Елизавета мүйiсiндегi параллельге дейiн шығу; ж) Беринг, Охот теңiздерiнде және Тынық мұхитта - Жапон теңiзiнiң порттарын қоса есептегенде, сапарға шығу пунктiнен бiр бағытта 700 теңiз милiнен кем қысқа жол бойынша; сондай-ақ жағалаудан Тынық мұхитқа 400 теңiз мильге бойлайтын қашықтыққа дейiн жүзулер түсiнiледi. Осы аталған тармақта көрсетiлген теңiз жүзулерiндегi шеңберден шығатын қандай болсын жүзу алыс сапарға жүзу болып табылады. 10. Қазақстан Республикасының жағалауларын бойлап сапарға шығу пунктiнен бiр бағытта 250 теңiз милiнен кем қысқа жол бойынша жағадан 50 теңiз милiне қашықтайтын жүзулер жағалаулардағы жүзу болып саналады. 11. Кеме жүргiзушi атағы берiлген адамдарға: а) жақын сапарға жүру штурманына: жағалауларда, жақын және алыс сапарға жүзетiн қандай болсын кемелерде капитанның екiншi көмекшiсiнiң қызметiн қоса оған дейiнгi қызметтi атқаруға; капитанның вахталық көмекшiсi мiндетiн орындап кемiнде 12 ай бойы жүзген стажы расталған болса, соның iшiнде кемiнде 6 ай бойы капитанның екiншi көмекшiсi қызметiнде болса, онда жағалауларда және жақын сапарға жүзетiн жолаушы кемелерiнiң жалпы сыйымдылығы 5000 рег.тоннадан кем және жалпы сыйымдылығы 3500 рег.тоннадан кем жолаушы кемелерiнде капитанның екiншi көмекшiсi қызметiн қоса оған дейiнгi қызметтi атқаруға; б) жақын сапарға жүзу капитанына: жағалауларда және жақын сапарға жүзетiн кез келген жолаушылар тасымайтын кемелерде және жалпы сыйымдылығы 3500 рег.тоннадан кем жолаушы кемелерiнде капитан қызметiн қоса оған дейiнгi қызметтердi атқаруға; жағалауларда және жақын сапарға жүзетiн кез келген жолаушы кемелерiнде капитанның аға көмекшi қызметiн қоса оған дейiнгi қызметтердi атқаруға; алыс сапарға жүзуде кез келген кемелерде капитанның екiншi көмекшiсi қызметiн қоса оған дейiнгi қызметтердi атқаруға; в) алыс сапарға жүзу штурманына - жағалауларда, алыс және жақын сапарға жүзетiн кез келген кемелерде капитанның аға көмекшiсi қызметiн қоса оған дейiнгi қызметтi атқаруға; жақын сапарға жүзетiн капитанның дипломын алған кейiн алыс сапарға жүзетiн штурманның дипломын алған адамдарға жақын сапарға жүзетiн капитанның құқықтары сақталады; г) алыс сапарға жүзетiн капитанға - жағалауларда, жақын және алыс сапарға жүзетiн кез келген кемелерде капитан қызметiн қоса оған дейiнгi қызметтердi атқаруға рұқсат берiледi.
III. Кеме механиктерiнiң атақтары
12. Кеме механиктерi лауазымдарын беру үшiн мынадай талаптар қойылады: а) үшiншi разрядты кеме механигi атағына - кеме механизмдерiн күту мiндеттерiн атқара отырып, 8 ай бойы механикалық қозғалтқыштары бар кемелерде жүзу, аталған жүзу мерзiмiнен басқа оқу орындарының оқу жоспарларына сәйкес өндiрiстiк тәжiрибеден немесе кеме жөндеу жұмыстарында кемiнде 12 ай тәжiрибеден өтуге тиiс; б) екiншi разрядты кеме механигi атағына - бас қозғалтқышының жалпы тиiмдi қуаты 300 кВт және одан да жоғары болатын кемелерде 24 ай бойы үшiншi разрядты кеме механигi дипломымен кеменiң үшiншi механигiнен төмен емес қызмет атқаруға немесе бас қозғалтқышының жалпы тиiмдi қуаты 750 кВт, және одан да жоғары кемелерде 12 ай бойы үшiншi разрядты кеме механигi дипломымен кеменiң төртiншi механигiнiң қызметiн және бас қозғалтқышының жалпы тиiмдi қуаты 300 кВт және одан да жоғары кемелерде 12 ай бойы үшiншi механигi қызметiн атқаруға тиiс; в) бiрiншi разрядты кеме механигi атағына - бас қозғалтқышының жалпы тиiмдiлiк қуаты 750 кВт және одан да жоғары кемелерде 24 ай бойы екiншi разрядты кеме механигi дипломымен аға механик қызметiн атқаруға немесе бас қозғалтқышының жалпы тиiмдi қуаты 3000 кВт және одан да жоғары кемелерде екiншi механик қызметiн атқаруға тиiс. 13. Кеме механигi атағы берiлген адамдарға: а) үшiншi разрядты кеме механигiне: бас қозғалтқышының жалпы тиiмдi қуаты 750 кВт-тан кем кемелерде аға механик қызметiн қоса оған дейiнгi қызметтi атқаруға; жүзу стажы 12 айдан кем еместiгi айғақталып, вахта механигi қызметiн атқарса, оның iшiнде бас қозғалтқышының қуаты 750 кВт және одан да жоғары кемелерде 8 айға дейiн үшiншi механик қызметiнде болса, онда ол бас қозғалтқышының жалпы тиiмдi қуаты 3000 кВт-ға дейiнгi кемелерде екiншi механик қызметiн; үшiншi механик қызметiн қоса оған дейiнгi қызметтi барлық кемелерде атқаруға рұқсат етiледi; б) екiншi разрядты кеме механигiне: бас қозғалтқышының жалпы тиiмдi қуаты 750 кВт және одан да жоғары болатын кемелердегi жүзу стажы 12 айдан кем еместiгi айғақталып, екiншi механик қызметiн атқарған жағдайда, бас қозғалтқышының тиiмдi қуаты 3000 кВт-қа дейiнгi кемелерде аға механик қызметiн; екiншi механик қызметiн қоса оған дейiнгi қызметтi кемелердiң барлық түрлерiнде атқаруға рұқсат етiледi; в) бiрiншi разрядты кеме механигiне - өз мамандығына сәйкес кемелердiң барлық түрлерiнде кез келген қызметтi атқаруға рұқсат етiледi. 14. Мамандықтары бойынша кеме механиктерi: бумен iстелетiн қондырғылардың кеме механиктерi; iштен жану қозғалтқыштарының кеме механиктерi; атом қондырғыларының кеме механиктерi; әмбебап кеме механиктерi болып бөлiнедi. Кеме механиктерi кемелердегi қызметтердi атқаруға өздерiнiң алған мамандықтарына сәйкес жiберiледi.
IV. Кеме электр механиктерiнiң атақтары
15. Кеме электр механиктерi атақтарын беру үшiн мынадай талаптар қойылады: а) үшiншi разрядты кеме электр механигi атағын алу үшiн кеменiң электр жабдықтарын күту мiндеттерiн атқара жүрiп 8 ай бойы кемелерде жүзуге оған қоса осы аталған жүзу мерзiмiнен кемiнде 12 ай оқу орындарының оқу жоспарларына сәйкес өндiрiстiк тәжiрибеден және 12 ай кеме жөндеу жұмыстарынан өтуге; б) екiншi разрядты кеме электр механигi атағын алу үшiн - қуаты 600 кВт және одан да жоғары электр жабдықтары бар кемелерде 24 ай бойы үшiншi разрядты кеме электр механигi дипломымен электр механигi қызметiн атқаруға; в) бiрiншi разрядты кеме электр механигi атағын алу үшiн - қуаты 1500 кВт және одан да жоғары электр жабдықтары бар кемелерде 24 ай бойы екiншi разрядты кеме электр механигi дипломымен электр механик қызметiн атқаруға тиiс. 16. Кеме электр механигi атағы берiлген адамдарға төмендегiдей қызметтердi: а) үшiншi разрядты электр механигiне: есу қозғалтқыштарының жалпы қуаты 3000 кВт-тан кем болатын кемелерде екiншi электр механигi қызметiн қоса оған дейiнгi қызметтердi атқаруға; кез келген кемелерде үшiншi электр механигi қызметiн қоса оған дейiнгi қызметтердi атқаруға; есу электр қозғалтқыштары жоқ, электр қондырғыларының қуаты 3500 кВт-тан кем кемелерде екiншi электр механик қызметiн қоса оған дейiнгi қызметтердi атқаруға; есу қозғалтқыштары жоқ, электр қондырғыларының қуаты 2000 кВт-тан кем кемелерде электр механигi қызметiн атқаруға; б) екiншi разрядты кеме электр механигiне: есу қозғалтқыштарының жалпы қуаты 3000 кВт-тан кем кемелерде екiншi электр механигi қызметiн қоса оған дейiнгi қызметтердi атқаруға; есу электр қозғалтқыштары жоқ, электр қондырғыларының қуаты 3500 кВт-тан кем кемелерде электр механигi немесе аға электр механигi қызметтерiн қоса оған дейiнгi қызметтердi атқаруға; кез келген кемеде екiншi электр механик қызметiн қоса оған дейiнгi қызметтердi атқаруға; в) бiрiншi разрядты кеме электр механигiне - өз мамандығына сәйкес кемелердiң барлық түрлерiнде кез келген қызметтi атқаруға рұқсат берiледi. Ескерту. Ереженiң бұл бөлiмiнде балық өнеркәсiбi флотының кемелерiндегi электр жабдықтары қуатына балық аулау, өңдеу мен басқа да су кәсiбi объектiлерiн қамтамасыз ететiн электр қондырғыларының қуаты қосылмайды.
V. Кеме радиомамандарының атақтары
17. Кеме радиомамандарына атақтар беру үшiн мынадай талаптар қойылады: а) кеме операторы-радиотелефоншысы атағын алу үшiн - оқу жоспарына сай тәжiрибе сабақтарын орындауға; б) кеме радиотелеграфшысы атағын алу үшiн - оқу тәжiрибесiн қоса 6 ай бойы кемелерде өз мамандығына сай жұмыс атқара жүрiп жүзуге; в) екiншi разрядты кеме радиооператоры атағын алу үшiн: жоғарғы немесе орта арнаулы теңiз білімi бар адамдар - оқу тәжiрибесiн қоса 6 ай бойы кемелерде өз мамандығына сай жұмыс атқара жүрiп жүзуге; теңiзде жүзу мектептерiн немесе арнаулы курсты бiтiрген адамдар - кеме радиотелеграфшысы дипломымен 12 ай бойы кемелерде радиомаман қызметiн атқара жүрiп жүзуге тиiс; г) бiрiншi класты кеме радиооператоры атағын алу үшiн: жоғарғы теңiз білімi бар адамдар екiншi сыныпты кеме радиооператоры дипломымен 12 ай бойы кемелерде кеме радиомаманы қызметiн атқара жүрiп жүзуге; орта арнаулы теңiз білімi бар адамдар екiншi сыныпты кеме радиооператоры дипломымен 12 ай бойы кемелерде кеме радиомаманы қызметiн атқара жүрiп жүзуге; орта арнаулы теңiз білімi бар адамдар екiншi сыныпты кеме радиооператоры дипломымен 18 ай бойы кемеде кеме радиомаманы қызметiн атқара жүрiп жүзуге; теңiзде жүзу мектебiн немесе арнаулы курстарды бiтiрген адамдар екiншi сыныпты кеме радиооператоры дипломымен 24 ай бойы кемеде кеме маманы қызметiн атқарып жүрiп жүзуге тиiс. 18. Кеме радиомамандары атағы берiлген адамдарға: а) кеме операторы радиотелефоншысына - радиотелефон қондырғысымен жабдықталған кемелерде оператор-радиотелефоншы қызметiн атқаруға; б) кеме радиотелеграфшысына - жағалауда, жақын және топтасып алыс сапарларға жүзу кемелерiнде радиооператор қызметiн атқаруға; в) екiншi сыныпты кеме радиооператорына: кемелердiң барлық түрiнде радиооператор қызметiн атқаруға; жолаушылар тасымалдайтын жалпы сыйымдылығы 5000 рег.тоннадан кем кемелерде немесе 250-ге дейiн жолаушылар тасымалдайтын жолаушылар кемелерiнде радиостанция бастығы қызметiн атқаруға; г) бiрiншi сыныпты кеме радиооператорына - өз мамандығына сай кемелердiң барлық түрiнде кез келген қызметтi атқаруға рұқсат етiледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |