|
|
|
Құпияландыруға жататын мәлiметтердiң ведомстволық (салалық) тiзбелерiн әзiрлеудiң тәртібi туралы ереженi бекіту туралы
«Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Құпияландыруға жататын мәлiметтердiң ведомстволық (салалық) тiзбелерiн әзiрлеудiң тәртібі туралы ереже бекітілсiн. 2. Басшыларына мәлiметтердi мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнiнде өкiлеттiктер берiлген мемлекеттік органдар 2000 жылдың 1 маусымына дейiн құпияландыруға жататын мәлiметтердiң ведомстволық (салалық) тізбелерiн әзiрлесiн және заңдарда белгіленген тәртiппен бекітсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 14 наурыздағы № 389 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН
Құпияландыруға жататын мәлiметтердiң 2. Мәлiметтердiң құпиялық дәрежесi Осы Тәртiп «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және басшыларына мәлiметтердi Қазақстан Республикасының құпияларына жатқызу жөнiнде өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдар үшін олардың құпияландыруға жататын ведомстволық (салалық) мәлiметтердiң тiзбесiн (бұдан әрi - Тiзбе) әзiрлеуi кезiнде мiндеттi болып табылады. 1. Тiзбе ведомстволық, салалық немесе бағдарламалық-мақсаттық тиесiлiгi ескерiле отырып, нақты мәлiметтердiң (мәлiметтер тобының) құпиялық дәрежесiн анықтау үшiн «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңның 11, 12, 13 және 14-баптарымен айқындалған Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәлiметтер тiзбесiнiң негiзiнде әзiрленедi. 2. Басшыларына жекелеген мәлiметтердi мемлекеттік құпияларға жатқызу жөніндегі өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын Тiзбеге енгізiлген мәлiметтерге иелiк ету жөнiндегі өкiлеттiк берiледi. 3. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердiң құпиялық дәрежесi көрсетiлген мәлiметтердiң жариялануы немесе жоғалуы салдарынан Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгіне келтiрiлуi мүмкiн залалдың ауырлығы дәрежесiмен айқындалады. 4. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердiң жариялануы немесе жоғалуы салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделерiне келтiрiлген немесе келтiрiлуi мүмкiн залалдың, сондай-ақ мәлiметтердiң иесiне оларды құпияландыру нәтижесiнде келтiрiлетiн залалдың мөлшерiн айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. 5. Мәлiметтердi мемлекеттік құпияларға жатқызудың қажеттілiгiн негiздеу осы мәлiметтердi алған (әзiрлеген) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жүктеледi. 6. Мәлiметтердi мемлекеттік құпияларға жатқызу және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтерге иелiк ету жөніндегі өкiлеттiктердi мемлекеттік органдар арасында бөлу Мемлекеттік органдардың мәлiметтердi Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөнiндегі өкiлеттiктер берiлген лауазымды тұлғаларының тiзбесiмен айқындалады. 2. Мәлiметтердiң құпиялық дәрежесi 7. Мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәлiметтер құпиялық дәрежесi бойынша ерекше маңызды, өте құпия және құпия мәлiметтерге бөлiнедi. 8. Ерекше маңызды мәлiметтерге әскери, сыртқы саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, барлау, қарсы барлау және жедел-iздестiру қызметi саласындағы, таралуы Қазақстан Республикасының аталған салалардың бiреуіндегі немесе бiрнешеуіндегі ұлттық мүдделерiне залал келтiруi мүмкiн мәлiметтер жатқызылуы тиіс. 9. Өте құпия мәлiметтерге әскери, сыртқы саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, барлау, қарсы барлау және жедел-iздестiру қызметі саласындағы, таралуы аталған салалардың бiрiнде немесе бiрнешеуiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының немесе экономикасы салаларының мүдделерiне залал келтiруi мүмкiн мәлiметтер жатқызылуы тиiс. 10. Құпия мәлiметтерге мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтер қатарындағы барлық өзге мәлiметтер жатқызылуы тиiс. Бұл жағдайда әскери, сыртқы саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, барлау, қарсы барлау немесе жедел-iздестiру қызметі саласында ұйымның мүдделерiне келтiрiлген залал Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне келтiрiлген залал болып саналады. 11. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердiң құпиялығының үш дәрежесi және көрсетiлген мәлiметтер үшін құпиялықтың осы дәрежелерiне сәйкес келетiн: «ерекше маңызды», «өте құпия», «құпия» деген құпиялық таңбалары белгiленедi. 1) Мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерге «ерекше маңызды», «өте құпия» деген құпиялық таңбалары берiледi. 2) Қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерге «құпия» деген құпиялық таңбасы берiледi. 3) Мемлекеттік құпияларға жатқызылмаған мәлiметтердi құпияландыру үшiн аталған құпиялық таңбаларын пайдалануға, сондай-ақ көрсетiлген мәлiметтерге өзге де шектеу таңбаларын беруге жол берiлмейдi. 12. Мәлiметтердi мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнiндегі өкілеттік берiлген мемлекеттік органдардың басшылары Тізбені әзiрлеудi ұйымдастырады және нақты мәлiметтердi мемлекеттік құпияларға жатқызудың орындылығы жөнiнде өздерi қабылдаған шешiмдер үшiн жеке жауап бередi. 13. Мемлекеттік құпияларға иелiк ету жөніндегі өкiлеттік берiлген мемлекеттік органның басшысының бұйрығымен Тiзбенiң жобасын әзiрлеу мемлекеттік құпияларды қорғау жөнiнде тұрақты жұмыс iстейтiн комиссияға (ТЖК) немесе құрамына негiзгі өндiрiстiк бөлiмшелердiң ең біліктi мамандары мен мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлiмшелердің (МҚҚБ) өкiлдерi енгізiлетiн жеке құрылатын сараптамалық комиссияға жүктеледi. 14. Тiзбе тармақтарының сандық қатарына «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңның 11, 12, 13 және 14-баптарында белгiленген Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын тiзбеге енгізiлген мәлiметтер олардың туындысы болып табылатын Мәлiметтер тiзбесiнiң тиiсті баптары мен тармақшаларының сандық қатары қосымша көрсетiледі. Мысалы: 4-тармақ (14-бап, 16-тармақ - РМТ), мұнда 4-Тiзбенiң тармағы, РМТ - «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңның 11, 12, 13 және 14-баптарында белгіленген мемлекеттік құпияларды құрайтын республикалық мәлiметтердiң тiзбесi. 15. Тiзбенiң жобасын дайындау барысында сараптамалық комиссия немесе ТЖК (бұдан әрi мәтiн бойынша - комиссия) «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңда белгiленген мәлiметтердi құпияландыру принциптерiне сәйкес таралуы Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгіне залал келтiруi мүмкiн мәлiметтердi айқындау мақсатында мемлекеттік органның және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiнiң барлық түрлерiне талдау жүргiзедi. Ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен мемлекеттік органдардың мәлiметтердi әзiрлеген ұйымдардан келiп түскен мәлiметтердi мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнiндегі негізделген ұсыныстарын қарайды. 16. Комиссия мәлiметтердiң құпиялық дәрежесiн белгiлеген кезде мемлекет үшiн шын мәнiнде маңызды мәлiметтердiң сақталуын қамтамасыз ету қажеттiгiн де, экономикада ғылым мен техниканың ең жаңа жетiстiктерi мен қорғаныс өнеркәсiбiнiң озық тәжiрибесiн неғұрлым кеңiрек пайдалану үшiн жағдайлар жасау қажеттiгін де ескеруi тиiс. 17. Комиссияға Ведомстволық тiзбенi дайындау жөнiндегі жұмысқа мемлекеттік орган мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың жетекшi мамандарын тарту құқығы берiледi. 18. Бiрнеше мемлекеттік органдардың иелiгiндегі мәлiметтердiң құпиялық дәрежесi олардың арасындағы өзара келісім бойынша белгiленедi. 19. Комиссия жұмыс аяқталғаннан кейiн негізделген тиiстi қорытынды шығарады. Комиссияның қорытындысында: қаралған мәлiметтердiң сипаты мен мазмұны; оларды құпияландыру қажеттігiн туындатқан факторлар, оның iшiнде олар жария етiлгенде (жоғалғанда, берiлгенде, таралғанда және т.б.) мемлекетке келтiрiлуi мүмкiн залал; мәлiметтердiң комиссия ұсынатын құпиялық дәрежесi мен Тiзбенiң жобасы көрсетiледi. ҚР Үкіметінің 21.03.03 ж. № 287 қаулысымен 20-тармақ өзгерді 20. Комиссияның төрағасы Тiзбенiң жобасын: 1) Тiзбеге енгiзiлген мәлiметтердiң құпиялық дәрежесi мен бiрыңғай редакциясын келiсу үшiн мәлiметтердi мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнiнде өкiлеттік берiлген барлық мүдделi мемлекеттік органдарға; 2) келiсу үшiн мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттік органға; 3) келісілгеннен кейiн, сондай-ақ Тiзбенiң өзiн құпияландырудың орындылығы туралы мәселенi шешетiн мәлiметтердi мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнiнде өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органның басшысына ұсынады. 21. Тiзбелер бекітілгеннен кейiн: 1) толық көлемде не оларға қатысты бөлiгiнде мүдделi мемлекеттік органдарға; 2) оларға қатысты бөлiгiнде Тiзбенi бекiткен лауазымды тұлғаның шешiмi бойынша мемлекеттік органдар басқаратын салаларда жұмыс істейтін ұйымдарға; 3) осы жұмыстардың тапсырыс берушiсi белгiлеген көлемде бiрлескен жұмыстарды жүргiзуге қатысатын ұйымдарға; 4) оларға жұмыста басшылыққа алу үшiн және жұмыстардың, құжаттар мен бұйымдардың құпиялық таңбасын сәйкестiкке келтiру үшiн қатысты бөлiгiнде ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға берiледi. 1) азаматтардың қауiпсiздiгi мен денсаулығына қауiп төндiретiн төтенше жағдайлар мен апаттар және олардың салдары туралы, сондай-ақ табиғи зiлзалалар, олардың ресми болжаулары мен салдары туралы; 2) экологияның, денсаулық сақтаудың, санитарияның, демографияның, білім берудiң, мәдениеттiң, ауыл шаруашылығының жағдайы туралы, сондай-ақ қылмыскерлiктiң жағдайы туралы; 3) азаматтарға, лауазымды тұлғаларға және ұйымдарға мемлекет беретiн артықшылықтар, өтемақылар мен жеңiлдiктер туралы; 4) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылу фактiлерi туралы; 5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын валюта активтерiнiң және бағалы металдар мен асыл тастардың үкiметтiк (бюджеттік) резервiнiң мөлшерлерi туралы; 6) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, олардың лауазымды тұлғаларының заңдарды бұзу фактілерi туралы; 7) «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабында көзделген мәлiметтердi қоспағанда, саяси, әлеуметтік және басқа да себептер бойынша, оның iшiнде мұражайлардағы жаппай қуғын-сүргiндер туралы мәлiметтер енгiзiлмейдi және құпияландыруға жатпайды. 23. 22-тармақта аталған мәлiметтердi құпияландыру немесе оларды осы мақсатта мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтерге енгізу туралы шешiм қабылдаған лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi. Азаматтар мұндай шешiмдерге сот тәртібімен шағымдануға құқылы. 24. Тiзбелер қажет болған жағдайда (халықаралық жағдай өзгерген, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары жасалған, басқа мемлекеттерге мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi берген, ғылым мен техника саласында жаңа жетiстiктер пайда болған және т.б. кезде), бiрақ 5 жылдан аспайтын уақытта қайта қаралады. 25. Мүдделi мемлекеттік органдар мен ұйымдар Тiзбелерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөніндегі негiзделген ұсыныстарды комиссияның қорытындысымен бiрге бiр айдың iшiнде келiп түскен ұсыныстарға сараптама жүргізудi және тиiсті шешiм қабылдауды ұйымдастыруға мiндеттi, осы Тiзбенi бекiткен мемлекеттік органдардың басшыларына жiбередi. ҚР Үкіметінің 21.03.03 ж. № 287 қаулысымен 26-тармақ өзгерді 26. Егер көрсетiлген ұсыныстарды қабылдау Мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәлiметтер тiзбесiнiң өзгеруiне әкеп соқтыратын болса, мемлекеттік органдардың басшылары комиссияның қорытындыларымен бiрге тиiстi шешiмнiң жобасын: Тiзбеге енгiзiлген мәлiметтердiң құпиялық дәрежесi мен редакциясын өзгертулердi келiсу үшiн мәлiметтердi мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнiндегі өкiлеттiк берiлген барлық мүдделi мемлекеттік органдарға; сараптамалық бағалауды жүргiзу және шешiм қабылдау үшiн мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттік органға жiбередi. 27. Көрсетiлген ұсыныстарды қабылдау мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердiң жария етiлуiне әкеп соқтыратын болса, мемлекеттік органдардың басшылары тиiстi шешiмнiң жобасын негiздемесiмен бiрге Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне де жiбередi. 28. Түпкiлiктi шешiм қабылданғанға дейiн осы мәлiметтердiң құпиялығы Қазақстан Республикасындағы құпиялық режимiн қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес қамтамасыз етiлуi тиiс. 29. Тiзбеге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы ұсыныс қабылданбаған жағдайда, сондай-ақ Тiзбеден қандай да бiр мәлiметтер алынып тасталған жағдайда олар белгiленген тәртiппен құпиясыздандырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |