|
|
|
Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілерді айқындау туралы (2019.03.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 798 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 04.12.00 ж. № 1804 Қаулысымен тақырыбы мен мәтініндегі сөздер өзгертілді
Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің қару мен әскери техниканы пайдалануын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің тізбесі бекітілсін. 2. Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілер арасында қару мен әскери техниканы беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ғана жүзеге асырылады деп белгіленсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 04.12.00 ж. № 1804; 22.11.01 ж. № 1503; 28.12.01 ж. № 1755 22.10.02 ж. № 1138; 29.01.04 ж. № 100 (бұр. ред. қара);29.09.04 ж. № 996; 2006.13.01. № 38 (бұр.ред.қара); 2008.28.04. № 340 (бұр.ред.қара); 2009.27.04 № 585; Қаулыларымен; 2014.16.10. № 1098 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.27.10. № 628 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 154 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі № 1006 қаулысына қосымша
Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері 2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметі. 6. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 7. ҚР Үкіметінің 2014.16.10. № 1098 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 9. ҚР Үкіметінің 2011.02.08. № 900 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 10. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары 11. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлiк қызметi» республикалық мемлекеттік кәсiпорны. 12. Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |