Қазақстан Республикасының білім ұйымдарының педагог және басқа Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 ж. 18 қазандағы № 688 бұйрығына сәйкес осы бұйрығының күші жойылды Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңын орындау мақсатында бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасының білім ұйымдарының педагог және басқа қызметкерлерін аттестациялау тәртібі туралы Ереже бекітілсін. 2. Жалпы орта білім департаменті (Р.М. Жұмабекова) заңда белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-Министр Е. Арынға жүктелсін. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді. Министрдің міндетін атқарушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң 2000 жылғы 28 сәуiрiндегi № 422 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы білім ұйымдарының педагог және басқа қызметкерлерiн аттестациялау тәртібі туралы Ереже 1. Жалпы ережелер 1. Білім ұйымдарының педагог және басқа қызметкерлерiн аттестациялау олардың меншiк түрi мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кәсiби iскерлiкке ынталандыру, шығармашылық белсендiлiктi дамыту тәрбиеленушiлер мен оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жауаптылығын көтеру және нарықтық қатынастар жағдайында педагогтардың еңбекақыларын жүйелеу жолымен әлеуметтiк жағынан қорғау мақсатында өткiзiледi. Аттестация мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орындарының барлық жұмыс деңгейiн көтеруге педагог және басқа қызметкерлерiнiң қоғамдағы мәртебесi мен беделiн көтеруге, олардың жемiстi еңбектерiн моральдық және материалдық ынталандыру мүмкiндiгiн кеңейтуге ықпал жасайды. 2. Аттестациялаудың мiндетi - педагог және басқа қызметкерлерге олардың iскерлiк деңгейiне қарай біліктiлiк санаттары мен разрядтарын беру болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|