Педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген адамдарды аттестаттау ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 ж. 24 желтоқсандағы № 1051 бұйрығымен күші жойылды "Білім туралы" Қазақстан Республикасы заңын жүзеге асыру мақсатында бұйырамын: 1. Қоса берiлiп отырған Педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген адамдарды аттестациялау туралы ереже бекітілсін. 2. Жалпы орта білім департаментi (C.Ырсалиев) белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 3. "Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының педагог және басқа қызметкерлерiн аттестациялау тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде № 1193 болып тiркелген) Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігінiң 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 422 бұйрығының күшi жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрi К.H.Шәмшидиноваға жүктелсiн. 5. Бұйрық мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енедi. Министр Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 18 қазандағы № 688 бұйрығымен бекітілген Педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген адамдарды аттестаттау туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ереже 1. Осы Ереже меншiк нысандарына және ведомстволық бағынысына қарамастан мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқыту, жалпы орта, кәсiптiк бастауыш және орта, қосымша жалпы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген адамдарды (бұдан әрi педагогикалық қызметкерлерi) аттестаттау тәртібін анықтайды. 2. Осы Ережеде келесi терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) апелляция - жоғарғы органдарда қандай да бір шешiмге шағымдану; 2) педагогикалық қызметкерлердi аттестаттау - біліктілік деңгейiнiң кешендiк бағасы, және білiм беретiн мекемелердегi педагогикалық қызметкерлерi iс-әрекеттерiнiң өнімділігі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|