|
|
|
Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық рейстердiң жолаушыларына қызмет көрсетудi жақсарту жөнiндегі шаралары туралы (2014.21.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Әуежайлар қызметтерiнiң тиiмдi және сапалы жұмысына қол жеткізу, халықаралық рейстердiң жолаушыларына қызмет көрсету мәдениетiн жақсарту, авиажолаушыларға қызмет көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдардың келісілген iс-қимылын қамтамасыз ету, сондай-ақ ел экономикасына шетелдiк инвестицияларды тартуға ықпал ететiн Қазақстан Республикасының имиджiн көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық рейстердiң жолаушыларына қызмет көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестірушi болып белгiленсiн. 2. Халықаралық авиарейстердiң жолаушыларына қызмет көрсетудi және оларды теңдеме жүктерi мен жүктердi ресiмдеудi: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң кеден органдарымен бiрлесiп халықаралық рейстерге қызмет көрсететiн әуежайлардың қызметтерi; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекаралық қызметi қамтамасыз етедi деп белгiленсiн. Әуежайдың әкiмшiлiгi халықаралық авиарейстерде авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн жауаптылықта болады. 3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсiн. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1132 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар 1 ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 7-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Дипломатиялық (консулдық) өкiлдiлiктерге белгiленген үлгiдегi тұрақты рұқсаттамаларды ресiмдеудi және берудi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң ресми жазбаша өтiнiмiне орай шекара және кеден органдарымен келісiм бойынша әуежайдың әкiмшiлiгi жүргiзедi». 2. ҚР Үкіметінің 2014.21.01. № 19 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. ҚР Үкіметінің 2013.25.12. № 1398 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. «1998-2000 жылдарға арналған Қазақстан Рсспубликасының шекарасын аса қауiптi жұқпалы аурулардан санитарлық қорғау» мақсатты кешендiк бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 11 ақпандағы № 93 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 4, 26-құжат): 4-тармақ «санитарлық-эпидемиологиялық, малдәрiгерлiк және фитосанитарлық бақылауды жүзеге асырушы мамандарды» деген сөздерден кейiн «тазартылған аймақтан тысқары жерлерде» деген сөздермен толықтырылсын. ҚР Үкіметінің 28.04.03 ж. № 407 қаулысымен 5-тармақ алынып тасталды 5. «Малдәрiгерлiгі жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 2 қазандағы № 1205 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 40, 379-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген, Шеттен әкелiнетiн және шетке шығарылатын малдарды, мал өнiмдерi мен шикiзаттарын мемлекеттік шекара арқылы өткiзген кезде мемлекеттік малдәрiгерлiк қадағалауды жүзеге асыру тәртібі туралы ережеде: 5-тармақтың үшiншi абзацы «тазартылған аймаққа кiру қажет болған жағдайда шақыру арқылы жүзеге асырылады» деген сөздермен толықтырылсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |