|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекешелендіру туралы" "Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 163-құжат; "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 189-құжат; 1999 ж., № 21, 786-құжат; № 23, 916-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 1. 6-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: "1-1. Мүлiктiк кешен ретiнде жекешелендiруге жататын кәсiпорын (құрамына оларда сақтаулы тұрған мемлекеттік материалдық резервтiң материалдық құндылықтары кiрмейдi.". 2. 17-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: "2-1) жекешелендiру объектiсiнде мемлекеттік материалдық резервтiң материалдық құндылықтары болған жағдайда, мемлекеттік материалдық резервтi басқару жөніндегі уәкiлеттi органға объект жекешелендiрiлгенге дейiн осы материалдық құндылықтарды бұдан кейiнгi жерде орналастыру туралы шешiм қабылдауы үшiн алдағы жекешелендiру туралы алдын ала хабарлайды;". 3. 20-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Мемлекеттік материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сатудан алынған қаражатты пайдалану тәртібі өзге заң актілерімен белгiленедi.". Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |