|
|
|
Жылжымалы мүліктің қаржы лизингі шартын мемлекеттік тіркеу (2007.18.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1247 Қаулысымен күші жоыйлды
«Қаржы лизингі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шілдедегі Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Жылжымалы мүліктің қаржы лизингі шартын мемлекеттік тіркеу ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 3 мамырдағы № 597 қаулысымен бекітілген Жылжымалы мүліктің қаржы лизингі шартын мемлекеттік тіркеу ережесI Осы Ереже "Қаржы лизингi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында әзiрлендi. 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже жылжымалы мүлiктiң қаржы лизингi шартын (бұдан әрi - лизинг шарты) мемлекеттік тiркеу тәртібін белгiлейдi және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолдануға жатады. 2. Лизинг шарты мiндеттi түрде мемлекеттік тiркеуге жатады. Лизинг шартына өзгерістер мен толықтырулар, егер лизинг берушiнi немесе лизинг алушыны, лизинг мәнiн, сондай-ақ лизинг шартының қолданылу мерзiмiн өзгертуге әкелiп соқтырса, олар мiндеттi түрде мемлекеттік тiркеуге жатады. 3. Сублизинг шарты тiркелуi тиiс: 1) лизинг шарты немесе сублизинг шарты тараптарының бiреуiнiң талабы бойынша; 2) егер лизинг шартымен оның мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы оған сәйкес жасалған сублизинг шартының тоқтауына әкеп соқтырмайтыны көзделсе. 4. Лизинг мәнiн уақытша иелену және пайдалану құқығы лизинг шарты мемлекеттік тiркелген кезден бастап "Қаржы лизингi туралы" Заңның 5-бабына сәйкес лизинг алушыға толық көлемде өтедi. 5. Лизинг шартын мемлекеттік тiркеу лизинг мәнiне лизинг берушiнiң және лизинг алушының құқықтарын мемлекеттiң растауы мақсатында жүзеге асырылады. 6. Лизинг шартын мемлекеттік тiркеу Жылжымалы мүлiктiң қаржы лизингi шарттары тiзiлiмiне тиiстi жазу енгізу жолымен жүзеге асырылады. 7. Лизинг шартын мемлекеттік тiркеу лизинг берушiнiң не лизинг алушының өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады. 8. Осы Ереже сублизинг шартын мемлекеттік тiркеуге қолданылады. 2. Лизинг шартын мемлекеттік тіркеу үшIн ұсынылатын құжаттар, олардың мазмұны және оларға қойылатын талаптар 9. Лизинг шартын мемлекеттік тiркеу үшiн өтiнiш берушi тiркеушi органға мыналарды табыс етедi: лизинг шартын мемлекеттік тiркеу туралы жазбаша өтiнiш; екi данада лизинг шарты; егер лизинг берушi банк немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы ұйым болса, лизинг қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясының нотариалды куәландырылған көшiрмесi; егер лизинг мәнi мiндеттi түрде мемлекеттік тiркеуге жататын жылжымалы мүлiк болса, лизинг мәнiне меншiк құқығының мемлекеттік тiркелу фактiсiн растайтын құжаттың көшiрмесi. Бұдан басқа, жоғарыда көрсетiлген құжаттармен бiрге: 1) жеке кәсiпкер болып табылатын жеке тұлға тiркеушiге жеке басын куәландыратын құжатты көрсетедi және салық есебiнде тұру фактiсiн растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсынады; 2) заңды тұлғаның өкiлi заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн, нотариалды куәландырылған жарғының немесе ереженiң көшiрмесiн, заңды тұлғаның салық есебiнде тұру фактiсiн растайтын құжаттың көшiрмесiн, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжатты және осы заңды тұлғаның атынан iс-қимыл жасауға оның өкiлеттiгiн растайтын нотариалды куәландырылған құжатты ұсынады. 10. Лизинг шартын мемлекеттік тiркеу үшiн берiлетiн өтiнiш мыналарды қамтуы тиiс: 1) тiркеушi органның атауы; 2) өтiнiш берушiнiң атауы және орналасқан жерi (заңды тұлға үшiн) немесе тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрған жерi (жеке тұлға үшiн); 3) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлға өкiлiнiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттың деректерi (атауы, сериясы, нөмiрi, берiлген күнi); 4) лизинг шартының жасалған күнi және орны; 5) қоса берiлетiн құжаттардың тiзiмдемесi; 6) өтiнiш берушiнiң немесе оның өкiлiнiң қолы. Сублизинг шартын мемлекеттік тiркеу үшiн берiлетiн өтiнiш, жоғарыда көрсетiлген тармақтардан басқа мыналарды қамтуы тиiс: лизинг мәнiн сублизингке беруге лизинг берушiнiң келісімi туралы мәлiмет, осындай келісімдi жазбаша растау қоса тiркелiп; лизинг шартының мемлекеттік тiркелуiне сiлтеме (тiркеу № және күнi). 11. Лизинг шарты мемлекеттік тiркеуге, заңнамамен белгiленген талаптарға сәйкес ресiмделген, екi түпнұсқа данада тапсырылады. 3. Мемлекеттік тіркеу тәртібі және мерзімі 12. Лизинг шартын мемлекеттік тiркеу құжаттар қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнi ішінде жүргізілуі тиіс. 13. Қажеттi құжаттарды алған кезден бастап тiркеушi орган мынаған мiндеттi: 1) мемлекеттік тiркеуге түскен құжаттардың есебiн жүргiзу журналына өтiнiштi енгізуге және нөмiр беруге; 2) өтiнiш берушiге өтiнiштiң күнi және нөмiрi көрсетiлiп, тапсырылған құжаттардың қабылданғанын растайтын қолхат беруге; 3) өтiнiштегi мәлiметтердiң дұрыстығын тексеруге; 4) Жылжымалы мүлiктiң қаржы лизингi шарттарының тiзiлiмiне осы Ереженiң 21-тармағында белгiленген деректердi енгізуге; 5) мемлекеттік тiркеу жүзеге асырылғаннан кейiн лизинг шартының мемлекеттік тiркеу жүргiзiлгенi туралы мөртабан басылған бiр данасын өтiнiш берушiге қайтаруға. 14. Егер лизинг шарты нотариалды түрде куәландырылмаса және лизинг шартының тараптары (тараптардың бiрi) жеке кәсiпкер болып табылатын жеке тұлға болса, тiркеушi орган мәмiле жасаған тұлғалардың қолдарының растығын, сондай-ақ олардың өз еркiне сәйкестiгiн тексеруге мiндеттi. 4. Лизинг шартын мемлекеттік тіркеу орны 15. Мәнi мiндеттi түрде мемлекеттік тiркеуге жататын мүлiк болып табылатын лизинг шартын мемлекеттік тiркеуді, лизинг мәнiн мемлекеттік тiркеген орын бойынша, осы мүлiктi мемлекеттік тiркеуге уәкiлеттi органдар жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2007.18.09. № 816 қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 16. Мәнi мiндеттi түрде мемлекеттік қазыналық тiркеуге жатпайтын мүлiк болып табылатын лизинг шартын мемлекеттік тiркеуді, лизинг алушының аумақтық салық органында салық есебiне тұрған орны бойынша, "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Тiркеу қызметi комитетiнiң Жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталықтарының" мемлекеттік кәсiпорындары жүзеге асырады. Егер лизинг алушы Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекемесi, филиалы немесе өкiлдiгi жоқ Қазақстан Республикасының резидентi болмаса, лизинг шартын мемлекеттік тiркеу лизинг берушiнiң аумақтық салық органында салық есебiне тұрған орны бойынша жүзеге асырылады. 5. Мемлекеттік тіркеу органдарының құжаттамасы 17. Лизинг шартын мемлекеттік тiркеу жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшiн құжаттамасының нысаны мен мазмұнын тіркеуші орган осы Ережеге сәйкес белгiлейдi. 6. Мемлекеттік тіркеуге түсетін құжаттардың есебін жүргізу журналы
18. Мемлекеттік тiркеуге түсетiн құжаттардың есебiн жүргiзу журналы есеп және өтiнiштердiң және лизинг шарттарының, сондай-ақ басқа да құқық белгiлеушi құжаттардың есебiн жүргiзу әрi оларға нөмiр беру мақсатында жүргiзiледi. 19. Тiркеу органына келiп түскен әрбiр өтiнiшке сызықша арқылы жазылатын, ағымдағы жылға және өтiнiштiң реттiк нөмiрiне сәйкестi нөмiр берiледi. Өтiнiшке берiлген нөмiр өзгермейдi және лизинг шартын (өзге де құқық белгiлеушi құжатты) мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыру кезiнде оны мемлекеттік тiркеу жүргiзiлгенi туралы мөртабанға қою арқылы берiледi. 20. Мемлекеттік тiркеуге түскен құжаттардың есебiн жүргiзу журналында мынадай бағандар болуы тиiс: 1) "Өтiнiштiң №"; 2) "Өтiнiш берушiнiң атауы (Т.А.Ә.)"; 3) "Өтiнiш қабылдаған күн"; 4) "Құжаттың берiлген күнi, алушының тегi, аты-жөнi және қолы". Тiркеушi органның қарауы бойынша мемлекеттік тiркеуге түсетiн құжаттардың есебiн жүргiзу журналының мазмұнына қосымша бағандар кiргiзiлуi мүмкiн. 7. Жылжымалы мүліктің қаржы лизингі шарттарының тізілімі 21. Жылжымалы мүлiктiң қаржы лизингi шарттарының тiзiлiмiнде мыналар болуы тиiс: 1) лизинг шартын, лизинг шартына өзгерістер мен толықтыруларды, сублизинг шартын мемлекеттік тiркеген күн; 2) лизинг алушы және лизинг берушi туралы деректер; 3) құқық белгiлеушi құжаттың (лизинг шартының, лизинг шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шарттың, сублизинг шартының) нөмiрi; 4) лизинг шартының, лизинг шартына өзгерістер мен толықтырулардың, сублизинг шартының жасалған күнi және орны; 5) лизинг мәнi; 6) лизинг мәнiнiң құны; 7) шарттың қолданылу мерзiмi; 8) лизинг шартының, сублизинг шартының тоқтатылуы туралы деректер. 8. Лизинг шартын тіркеуді тоқтата тұру және одан бас тарту үшін негIздер 22. Мемлекеттік тiркеудi тоқтата тұру үшiн лизинг шарты тараптарының бiрiнiң не лизинг шартын даулаушы өзге мүдделi тұлғаның жазбаша арызы негiз болып табылады. Мемлекеттік тiркеу 10 күннен аспайтын мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн. Егер осы мерзiм iшiнде лизинг шартын даулаушы тұлға өзi беретiн талап арызға дәлелдер ұсынбаса, лизинг шартын мемлекеттік тiркеу жүзеге асырылуы тиiс, ал сотқа талап арыз беруге дәлелдер ұсынған ретте дауланып отырған лизинг шартын мемлекеттік тiркеу iстi сот шешкенге дейiн тоқтатыла тұрады. 23. Лизинг шартын мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшiн мынадай жағдайлар негiз болады: 1) лизинг шартының "Қаржы лизингi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының талаптарына сәйкес келмеуi; 2) құжаттарда ескертiлмеген тазалаулар, мәтiнде түзетулер, өңделген iздерiнiң болуы; 3) тиiстi емес тұлғаның мемлекеттік тiркеуге өтiнiш бiлдiруi; 4) осы Ережеге сәйкес талап етiлетiн құжаттардың тапсырылмауы. 24. Бас тарту жазбаша түрде ресiмделедi және құжаттар қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнi ішiнде өтiнiш берушiге жiберiледi. 25. Мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшiн негiз болған мән-жайлар жойылған кезде өтiнушi тiркеу органына жаңа өтiнiш берiп, қайтадан жүгiнуге құқылы. 26. Өтiнiш берушi, лизинг шартын мемлекеттік тiркеуден бас тартуға не мемлекеттік тiркеуден жалтаруға сот тәртібімен шағымдана алады. 9. Мемлекеттік тіркеу кезінде жіберілген техникалық қателерді түзеу 27. Лизинг шартын мемлекеттік тiркеу кезiнде жiберiлген жазудағы техникалық қателер қате анықталғаннан немесе кез келген мүдделi тұлғадан жазудағы қате туралы жазбаша түрде өтiнiш алғаннан кейiн тiркеушi органның шешiмiмен үш күн мерзiмде түзетiледi. Лизинг шартын мемлекеттік тiркеу кезiнде туындайтын қатынастардың қатысушылары техникалық қателердiң түзетiлгені туралы осындай мерзiмде мiндеттi түрде жазбаша ақпарат алады. Лизинг шартын мемлекеттік тiркеу кезiнде жiберiлген техникалық қатенi түзету, егер мұндай түзету тиiстi тiркеу жазуына сүйенген құқық иелерiнiң немесе үшiншi тұлғалардың заңды мүдделеріне зиян келтiруi немесе оларды бұзуы мүмкiн деп пайымдауға негiз жоқ болған жағдайда жүзеге асырылады. 28. Егер техникалық қатенi түзету тиiстi тiркеу жазуына сүйенген құқық иелерiнiң немесе үшiншi тұлғалардың заңды мүдделерiне залал келтiруi немесе бұзуы мүмкiн деп пайымдауға негiз бар болған жағдайларда, мұндай түзету лизинг шарты тараптарының келісімiмен не сот шешiмiмен жүргiзiледi. 10. Тіркелген лизинг шартына өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу тәртібі. Тіркелген лизинг шартының қолданылуын тоқтату туралы жазуды енгізу 29. Тiркелген лизинг шартына өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тiркеу тiркеушi органға өтiнiш беру жолымен жүргiзiледi. Өтiнiште бастапқы тiркелген лизинг шартына сiлтеме, лизинг шартына өзгерістердiң және толықтырулардың сипаттамасы болуы тиiс. Өтiнiшке лизинг шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шарттың екi түпнұсқа данасы қоса тапсырылуы тиiс, оның бiреуi өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырғаннан кейiн мемлекеттік тiркеу жүргiзiлгенi туралы мөртабан басылып, өтiнiш берушiге қайтарылады. 30. Тiркелген лизинг шарты тоқталған кезден бастап үш күн iшiнде өтiнiш берушi тiркеушi органға жазбаша хабарлама және лизинг шарты тоқтатылғанын растайтын құжаттарды жiберуге мiндеттi. Тiркеушi орган тiркелген лизинг шарты тоқтатылғаны туралы жазбаша хабарламаны алған кезден бастап Жылжымалы мүлiктiң қаржы лизингi шарттарының тiзiлiмiне лизинг шартының қолданылуы тоқтатылғаны туралы тиiстi жазу енгiзедi. 31. Лизинг шартын және оны мемлекеттік тiркеудi жарамсыз деп тану туралы сот шешiмi негiзiнде мүдделi тұлға тiркеушi органға лизинг шартын мемлекеттік тiркеудi жою туралы өтiнiш беруге құқылы. ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1181 қаулысымен 32-тармақ алынып тасталды 32. Егер лизинг шартымен лизинг мәнi лизинг алушының меншiгiне ауысуы көзделген және егер лизинг мәнi мiндеттi түрде мемлекеттік тiркеуге жатқан жағдайда, осы жылжымалы мүлiктiң түрiн мемлекеттік тiркеу үшiн көзделген ереже бойынша лизинг алушының атына лизинг мәнiн мемлекеттік тiркеу жүргiзiледi. 11. Лизинг шартын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру 33. Лизинг шартын мемлекеттік тiркеу жүргiзiлгенi туралы деректердi тiркеушi орган осы ақпаратты сұраған кез келген тұлғаға бередi. 34. Құқық белгiлеушi құжаттардың (лизинг шарты және басқалар) көшiрмелерi құқық иеленушiнiң сұрауы бойынша, құқық қорғау, сот, салық, кеден және басқа да мемлекеттік органдардың дәлелдi сұраулары бойынша берiледi. Өзге жағдайларда көрсетiлген құжаттар құқық иеленушiнiң жазбаша келісімiмен берiледi. 12. Дауларды шешу және мемлекеттік тіркеу тәртібIн бұзаны үшін жауаптылық 35. Лизинг шартын мемлекеттік тiркеуге және мемлекеттік тiркеу туралы ақпарат беруге байланысты даулар сотпен шешiледi. 36. Тiркеушi орган заңнамалық кесiмдермен белгiленген тәртiпте мыналар үшiн жауапты болады: 1) лизинг шартын мемлекеттік тiркеу ережесін сақтамау; 2) "Қаржы лизингi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сай келмейтiн лизинг шартын мемлекеттік тiркеу; 3) мемлекеттік тiркеу және Жылжымалы мүлiктiң қаржы лизингi шарттары тiзiлiмiне енгізу үшiн оған берiлген лизингi шарты туралы мәлiметтердiң дәл еместiгi, толық енгiзiлмеуi және ақпаратты бұрмалау; 4) мүдделi тұлғалардың сұрауы бойынша Жылжымалы мүлiктiң қаржы лизингi шарттары тiзiлiмiнен үзiндi беруден заңсыз бас тарту; 5) мемлекеттік тiркеу үшiн тапсырылған құжаттарды және ақпаратты, сондай-ақ Жылжымалы мүлiктiң қаржы лизингi шарттары тiзiлiмiне енгiзiлген ақпаратты сақтау тәртібін бұзу; 6) коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты жария ету. 37. Егер өтініш беруші осы Ереженің 30-тармағының талаптарын орындамағаны салдарынан лизинг шарты туралы ақпараттың мазмұны бұрмаланса, тіркеуші орган мұндай бұрмалаушылық үшін жауапты болмайды. 38. Мемлекеттік тіркеу, ақпарат беру тәртібін бұзумен, ақпараттың мазмұны бұрмалануымен келтірілген шығындар тіркеуші органның өтеуіне жатады. Беруге болатын және берілуі тиіс ақпаратты жасыруға ықпал ететін мәліметтерді қасақана бұрмалау және өзге де әрекеттер заңнамалық кесімдермен белгіленген тәртіпте жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |