2001 жылғы 15 ақпандағы
бекітілді ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 288 бұйрығымен күші жойылды Тауарлардың кедендік бақылаумен әкелінетіндігін 1. Тауарлардың кедендік бақылаумен әкелінетіндігін растау туралы куәлікті ресімдеу жөніндегі осы Тәртіп (бұдан әрі - Тәртіп) "Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 165-бабына сәйкес әзірленді және Кедендік бақылаумен тауарларды жеткізуді растау туралы куәліктің балнкілерін қосымшада белгіленген нысанда ресімдеу тәртібін анықтайды. 2. Жіберілімнің кедендік органының уәкілетті лауазымды адамы Кедендік бақылаумен тауарларды жеткізуді растау туралы куәлікті (бұдан әрі Куәлік) автомобиль көлігімен тасымалданатын тауарлар жеткізілім орнына келгеннен кейін, тасымалдаушыға немесе оның өкіліне ішкі кедендік мәлімдеменің (бұдан әрі - ІКМ) үшінші данасымен, ХЖТ кітапшасымен (ХЖТ жөніндегі конвенция , 1975 жыл) бірге, тауарлардың келіп түсуі туралы белгілер жасай отырып береді және де ол жіберілімнің кедендік органының елтаңба мөрімен, сондай-ақ жіберілімнің кедендік органының уәкілетті лауазымды адамының қолымен және жеке нөмірлі мөрімен расталады. 3. Куәлік үш дана болып толтырылады: Куәліктің бірінші данасы тасымалдаушыға немесе оның өкіліне осы Тәртіптің 2-тармағына сәйкес беріледі; екінші дана жеткізілімді бақылау құжатының екінші парағымен бірге немесе ХЖТ кітапшасының № 2 жұлып алынатын парағымен бірге кедендік органның Тауар жеткізілімін бақылау бөліміне беріледі; үшінші дана жіберілімнің кедендік органында қалады және кедендік жүк мәлімдемесімен бірге, сондай-ақ/немесе жеткізілген тауарларға қатысты басқа да құжаттармен бірге сақталады. Куәлікке төмендегідей нысандағы тіркеу нөмірі беріледі: 00000/111111, онда 00000 - Қазақстан Республикасының кедендiк органдарының жiктеушiсiне сәйкес жiберiлiмнiң кедендiк органының коды, 111111 - тiркеу кiтабы бойынша Куәлiктiң реттiк нөмiрi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|