|
|
|
Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысымен күші жойылды ҚР Үкіметінің 09.12.04 ж. № 1292 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара) "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. 1-қосымшаға сәйкес облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерi белгiленсiн және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі орынбасарларының шектi саны анықталсын. ҚР Үкіметінің 09.12.04 ж. № 1292 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. 2-қосымшаға сәйкес аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерi белгiленсiн және аудан (облыстық маңызы бар қала) , кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің әкімі орынбасарларының шектi саны анықталсын. 3. Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың әкiмдерiне республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың қызметкерлерi санының қолданылып жүрген нормативтерiн басшылыққа ала отырып, әкiмияттардың қызметкерлерi санының нормативтерiн әзiрлеу ұсынылсын. 4. 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2001 жылғы 21 шілдедегі № 985 қаулысына 1-қосымша ҚР Үкіметінің 05.03.02 ж. № 275; 13.12.02 ж. № 1311; 25.07.03 ж. № 747 қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 31.01.03 ж. № 115 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда берілген (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 14.03.03 ж. № 246; 06.08.03 ж. № 784 ; 09.12.04 ж. № 1292 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдерінің аппараттары штат санының лимиттері және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі орынбасарларының шекті саны ┌────────────────────┬────────────────────────────────────┐ │ Облыс │Әкімдер Оның ішінде әкімнің │ │ │аппараттарының орынбасарлары │ │ │саны (бірлік) (бірлік) │ ├────────────────────┼────────────────────────────────────┤ │ Ақмола │ 71 4 │ ├────────────────────┼────────────────────────────────────┤ │ Ақтөбе │ 68 4 │ ├────────────────────┼────────────────────────────────────┤ │ Алматы │ 78 4 │ ├────────────────────┼────────────────────────────────────┤ │ Атырау │ 57 5 │ ├────────────────────┼────────────────────────────────────┤ │ Батыс Қазақстан │ 66 4 │ ├────────────────────┼────────────────────────────────────┤ │ Жамбыл │ 72 4 │ ├────────────────────┼────────────────────────────────────┤ │ Қарағанды │ 78 4 │ ├────────────────────┼────────────────────────────────────┤ │ Қостанай │ 73 4 │ ├────────────────────┼────────────────────────────────────┤ │ Қызылорда │ 63 4 │ ├────────────────────┼────────────────────────────────────┤ │ Маңғыстау │ 48 4 │ ├────────────────────┼────────────────────────────────────┤ │ Оңтүстік Қазақстан │ 87 5 │ ├────────────────────┼────────────────────────────────────┤ │ Павлодар │ 71 4 │ ├────────────────────┼────────────────────────────────────┤ │ Солтүстік Қазақстан│ 70 4 │ ├────────────────────┼────────────────────────────────────┤ │ Шығыс Қазақстан │ 77 4 │ ├────────────────────┼────────────────────────────────────│ │ Алматы қаласы │ 295 4 │ ├────────────────────┼────────────────────────────────────┤ │ Астана қаласы │ 144 5 │ ├────────────────────┼────────────────────────────────────┤ │ Жиыны: │ 1418 67 │ └────────────────────┴────────────────────────────────────┘ Ескерту. Облыс әкімі аппаратының ең аз саны 45 бiрлiк деңгейiнде белгiленген, бұл ретте облыс халқының саны 300-ден 600 мың адамға дейiн болған кезде әкiм аппаратының саны халықтың 20 мың адамына 1 бiрлiк, 600-ден 1000 мың адамға дейiн - облыс халқының 50 мың адамына 1 бiрлiк, 1000 мың адамнан жоғары - халықтың 100 мың адамына 1 бiрлiк есебiмен арттырылды. Республикалық маңызы бар қала (астана) әкімінiң аппараты штат санының лимиттерiнде республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандар әкiмдерiнiң және өзге де лауазымды адамдардың лауазымдары ескерiлдi. Үкіметінің 2001 жылғы 21 шілдедегі № 985 қаулысына 2-қосымша ҚР Үкіметінің 09.12.04 ж. № 1292 2-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара) Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар),кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің аппараттары штат санының лимиттері және аудан (облыстық маңызы бар қала), кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтiң әкімі орынбасарларының шекті саны
Ескерту: халықтың саны 0,5 мың адамнан аз болған жағдайда ауыл (село) әкімінiң аппараты құрылмайды. Қалалар әкімдері аппараттарының саны осы қалалық әкiмшiлiктiң аумағындағы кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң аппараттары ескерілмей берілген. Үкіметінің 2001 жылғы 21 шілдедегі № 985 қаулысына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің Тізбесі 1. "Облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерi аппаратының үлгілік құрылымы, олардың дербес атқарушы органдарының тiзбесi, қызметкерлерiнiң жалпы санының лимиттерi, қызметтiк жеңiл автомобильдерінің саны, еңбекақы қоры және қызметтiк iссапарларға арналған шығындар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 1742 қаулысы. 2. "Қазақстан Республикасының зейнетақы қорына қаражат жинауды қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 мамырдағы № 840 қаулысы. 3. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 21 қарашадағы № 1425 және 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 1742 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 5 маусымдағы № 930 қаулысы. 4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 1742 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 4 қыркүйектегi № 1321 қаулысы. 5. "Ақмола қаласының мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 28 қаңтардағы № 45 қаулысы. 6. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің аумақтық органдарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 желтоқсандағы № 1920 қаулысы 4-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасы ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 55, 616-құжат). 7. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 28 шілдедегі № 421 Жарлығын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 сәуірдегі № 567 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістердiң 1-тармағы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |