Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар
жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 11 қаңтардағы № 36 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 28 қарашадағы Жарлығының 2-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекітілсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Жоспарда көзделген iс-шараларды орындау жөнiнде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ. Мәсiмовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Тоқаев Қ. |
Қазақстан Республикасы
?кіметінің
2002 жылғы 11 қаңтардағы
№ 36 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың
2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын
iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары
Р/с N | Iс-шара | Аяқтау нысаны | Орындалуына жауапты | Аяқтау мерзiмi |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 | Жол шаруашылығы мәселелерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлескен iс-қимыл тәртібін әзiрлеу Автожолдарды пайдаланушылардың шығындарды өтеуi негiзiнде жол кешенiн дамытуды қаржыландыруға бiртiндеп көшу тәртібін анықтау Негiзгi автожолдар бағыттарында жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту тәртібін анықтау Ақылы автомобиль жолдарын енгізу тәртібін анықтау Халықаралық маңызы бар жол желiлерiнде техникалық (құралдық) тексеру жүргiзу Автомобиль жолдарының бүкiл желiсіндегі көпiр шаруашылығын техникалық тексерудi жүргiзу Жол жұмыстарының сапасы бойынша салалық нормативтiк- техникалық құжаттарды әзiрлеу. Өнiм сапасын басқарудың салалық жүйесi Жол жобаларының қоршаған ортаға әсерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдi әзiрлеу Жол саласы кадрларын даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру жөніндегі бағдарламаны әзiрлеу Жол шаруашылығына ғылыми жетiстiктердi енгізудi жүзеге асыру Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын басқару жүйесiн жетiлдiру Автомобиль жолдарының негiзгi стандарттарын жетiлдiру | Нормативтiк құқықтық кесiмнiң жобасы Нормативтiк құқықтық кесiмнiң жобасы Нормативтiк құқықтық кесiмнiң жобасы Нормативтiк құқықтық кесiмнiң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметіне жыл сайынғы есеп Жыл сайынғы есеп Бiрлескен бұйрық Нормативтiк құқықтық кесiмнiң жобасы Бiрлескен бұйрық Жыл сайынғы есеп Нормативтiк құқықтық кесiмнiң жобасы Нормативтiк құқықтық кесiмнiң жобасы | ККМ ІІМ Әкiмияттар ККМ ӘдМ ЭСМ ККМ ІІМ ТОҚМ Әкiмияттар ККМ МКМ Әкiмияттар ККМ IIМ ККМ ІІМ ККМ ІІМ ЭСМ ККМ ТОҚМ ЭСМ ККМ БҒМ ККМ БҒМ ККМ ӘдМ ЭСМ ҚКМ ІІМ ЭСМ | 2003-ІІ 2003-ІV 2003-ІІ 2003-ІV 2002-2005 2002-2005 2003-І 2003-ІV 2002-ІV 2002-2005 2002-ІV 2004-ІV |