Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы Қазақстан ҚР Президентінің 2004 жылғы 24 тамыздағы № 1426 Жарлығымен күші жойылды "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет комиссиясы туралы ереже бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру жөніндегі бюджеттік комиссия туралы" 2001 жылғы 25 сәуірдегі № 589 Жарлығының 3-тармағын қоспағанда, аталған Жарлықтың күші жойылды деп танылсын. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Президентінің 2002 жылғы 7 ақпандағы № 801 Жарлығымен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже тұрақты негізде жұмыс істейтін Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) қызметін реттейді. 2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңнамасы және өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды. 3. Комиссия қызметінің негізгі мақсаты тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын уақытылы және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету республикалық бюджетті нақтылау және атқару жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау болып табылады. 3. Комиссияның міндеттері мен функциялары 4. Комиссияның негізгі міндеттері: Қазақстан Республикасының орта мерзімді кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарының негізінде үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік және республикалық бюджеттердің негізгі болжамды көрсеткіштерін айқындау; тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын қарау және айқындау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|