|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1765 Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Еуропалық Бiрлестiк арасында Көмiр және Болат бойынша болаттың белгiлi бiр бұйымдарымен сауда жөніндегі келісімнiң жобасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1765 қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзілсiн: 1) 2-тармақ "Есенбаевқа" деген сөзден кейiн "Келісімнiң жобасына қағидатты сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат ете отырып," деген сөздермен толықтырылсын; 2) көрсетiлген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Еуропалық Бiрлестiк арасында Көмiр және Болат бойынша болаттың белгiлi бiр бұйымдарымен сауда жөніндегі келісімнiң жобасы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 16 шілдедегі № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Еуропа Көмiр және Болат Бiрлестiгi арасындағы болаттан алынатын белгiлi бiр бұйымдар жөніндегі сауда КЕЛIСІМІ Бiрiншi Жақтан ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ YКIМЕТI және екiншi Жақтан ЕУРОПА КӨМIР ЖӘНЕ БОЛАТ БIРЛЕСТIГІ Аталған фактiлердi назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрi "Қазақстан" деп аталатын) және Еуропа Көмiр және Болат Бiрлестiгi (бұдан әрi "Қоғамдастық" деп аталатын) Қазақстан мен Еуропа Көмiр және Болат Бiрлестiгi арасындағы болат саудасын ұйымдасқан түрде және әдiлеттi дамуына ықпал етедi; Аталған фактiлердi назарға ала отырып, 1995 жылғы 23 қаңтарда қол қойылған, Қазақстан Республикасы бiрiншi жақтан Еуропа Қоғамдастықтары екiншi жақтан және оларға мүше-мемлекеттер арасындағы Әрiптестiк және Ынтымақтастық туралы Келісім келешекте Әрiптестiк ынтымақтастық деп аталатын 1999 жылғы 1 шiлдеде күшiне ендi; Аталған фактiлердi назарға ала отырып, екi Жақ Келісімнiң күшiн сақтау қажеттілігiн ескертедi; болаттан жасалатын бұйымдар саудасына қатысты тұрақтылықты қамтамасыз етедi; Аталған фактiлердi назарға ала отырып, ӘЫК-нiң 17(1) бабында қарастырылған, Келісімнiң ЕКББ-нiң Әрiптестiк жайлы саудасы IIІ бөлiмiнде реттеледi; тек оның 11-бабын қоспағанда; Аталған фактiлердi назарға ала отырып, Еуропа Көмiр және Болат Бiрлестiгi бекiткен 2000 және 2001 жылдары Келісімде қамтылған белгiлi бiр болаттан жасалған сауда бұйымдар, екі Жақты Келісімнiң негiзгi тақырыбы болды; Болашақта болатын 2-Жақ арасындағы қарым-қатынастың дамуын ескеретiн келісіммен ауыстырылуы қажет; Аталған фактiлердi назарға ала отырып, белгiлi бiр шарттар сақталған жағдайда, атап айтқанда, осы Келісімдi қамтитын болат бұйымдарына қатысты тиiстi бәсекелестiк жағдайлар жасалған жағдайда, осы Келісімнiң ЕКББ құратын Шартты қамтитын, белгiлi бiр бұйымдар саудасына сандық шектеулердi жою мүмкiндiгi осы Келісімнiң негiзiн құрайды; Аталған фактiлердi назарға ала отырып, бұл Келісім Әрiптестiк және Ынтымақтастық туралы Келісімнiң 17(2) бабында қарастырылғандай, ЕКББ-ның Байланыс Тобы шеңберiнде тиiстi ақпарат алысуды қоса алғанда, 2-Жақта болат құю өнеркәсiбiне қатысты ынтымақтастығымен қатар жүруi тиiс. Осы келісімдi жасауға ШЕШIМ ҚАБЫЛДАНДЫ және осы мақсатта өздерiне уәкiлеттi тұлғалар ретiнде: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТIН ЖӘНЕ ЕУРОПА ҚОҒАМДАСТЫҒЫ КОМИССИЯСЫН тағайындады; ОЛАР МЫНАЛАР ТУРАЛЫ КЕЛIСТI: 1-бап 1. Осы Келісім мына жағдайларда қолданылады: а) 1-қосымшада келтiрiлген, ЕКББ бекiткен Шартта қамтылған; 2-Жақта өндiрiлетiн болат бұйымдардың саудасы. б) Еуропалық Қоғамдастықтың Құрамалы номенклатурасына сай 7204 позициясында классификацияланатын қара металл қалдықтары мен металл сынықтарына қолданылады. 2. ЕКББ жасайтын Шартта көрсетiлген, бiрақ 1-қосымшаға енгiзiлмеген болат бұйымдарымен сауда, сауда және онымен байланысты мәселелер бойынша 2-Жақ арасындағы қолданыстағы демпингке қарсы рәсiмдерге және қорғау шараларына жататын ережелердi Әрiптестiк Ынтымақтастық Келісім қолдану үшiн нұқсан келтiрместен сандық шектеулерге ұшырамауы тиiстi. 3. Осы Келісіммен қамтылмаған талқылау нысаны туындаған жағдайда, Әрiптестiк және Ынтымақтастық туралы Келісімнiң тиiстi шарттары қолданылуы тиiстi. 2-бап 1. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан өзiнiң болаттан жасалынатын бұйымдарын Қоғамдастық елдерi экспортына әрбiр сандық шектеулер белгiлеуге және сақтауға келiседi. Мұндай экспорт А Хаттамасына сәйкес қосарлы бақылауға жатады. 2. 2-Жақ бәсекелестiк талаптары белгiленген жағдайда, 1-қосымшада көрсетiлген болат бұйымдарына қатысты сауданы толық ырықтандыруға қол жеткiзген соң өз мiндеттемелерiн қуаттайды. 3. 2-Жақ арасындағы Құрамалы номенклатурасына сай, 7204 позициясында сыныпталатын қара металдар қалдықтары мен металл сынықтарына қатысты бiрдей әсерi бар сандық шектеулерге, кеден баждарына, алымдарға және басқа да шараларға тыйым салынған. 4. 2-Жақ 1-қосымшада ескертiлген, 2002 жылғы 1 қаңтардан Қазақстаннан ЕО елдерiне шығатын импорт бұйымдарын, осы Келісім күшiне енгенге дейiн, 2-қосымшада көрсетiлген сандық шектеулерден шегерiлуге тиiстi деп келiстi. 5. Импорттың толық көлемде жүзеге асуы, 2-шi қосымшада көрсетiлген көлемнен асып кеткен жағдайда, ЕҚ өнеркәсiбi iшкi сұранысты қанағаттандыра алмаған жағдайда жiберiледi, ол 1-шi қосымшада көрсетiлген, қандай болса да бiр немесе бiрнеше бұйымдардың тасымалық жеткілiксiз дәрежеде жүзеге асуына әкеледi. 2-Жақтың кез-келгенiнiң өтiнiшi бойынша жетiспеушілiк деңгейiн анықтау мақсатымен дереу консультациялар өткiзiлуге тиiстi. Консультациялар нәтижелерiнен кейiн, сондай-ақ объективтi деректерге негiзделе отырып, ЕО 2-қосымшада көрсетiлген сандарды арттыру үшiн өзiнің iшкі рәсiмдерiн енгiзедi. 6. Егер ЕО-на мүшелiкке үмiткер елдер осы Келісімнiң мерзiмi аяқталғанға дейiн қосылса, 2-Жақ 2-қосымшада көрсетiлген сандық шектеулердi арттыру мүмкiндiгiн қарауға келiседi. 7. 2-Жақтың әрқайсысы кез-келген уақытта: мына мәселелерге байланысты консультациялануына болады: - 1-қосымшада көрсетiлген болаттан жасалынатын бұйымдар едәуiр нашарлаған немесе Жақсарған жағдайда, 2-қосымшада көрсетiлген сандық шектеулер деңгейi; - сандардың толық пайдаланылмаған бұйымдар топтарына және басқа топтарға ауысу мүмкiндiгi. 3-бап 1. 1-қосымшада көрсетiлген болат бұйымдарының еркiн айналысы үшiн Қоғамдастықтың кеден аумағына әкелiнуi Қазақстанның құзырлы органдары берген экспорттық лицензиясы және А Хаттамасының ережелерiне сәйкес сертификаты болған жағдайда жүзеге асырылуға тиiстi. 2. 1-қосымшада көрсетiлген болат бұйымдары "Қоғамдастықтың" кеден аумағына әкелiнуi, олар сол күйiнде немесе Қоғамдастықтағы әкiмшiлiк бақылау жүйесi шеңберiнде қайта өңдеуден кейiн Қоғамдастықтан тысқары жерлерге қайта экспортқа арналған мағлұматтамада көрсетiлген жағдайда, 2-қосымшада көрсетiлген сандық шектеулерге ұшырамауға тиiстi. 3. 2-қосымшада көрсетiлген қандай да бiр күнтiзбелiк жыл iшiнде жұмсалмаған сандық шектеулер көлемiнiң күнтiзбелiк жылға тиiстi сандық шектеулерiнен өтетiн қоры олардың пайдаланылмаған жыл iшіндегі тиiстi сандық шектеуiнiң 10%-не дейiн құрауы мүмкiн. Қазақстан өзiнiң осы ереженi пайдалану ниетi туралы келесi жылдың 1 наурызынан кешiктiрместен Қоғамдастықты хабардар етуге тиiстi. 4. Бұйымдардың белгiлi бiр тобының сандық шектеуi екi Жақтың келiсуiмен күнтiзбелiк жыл iшiнде бiр рет қайта қаралуы мүмкiн. Ауыстырумен байланысты сандық шектеулерге кез-келген түзетулер тек ағымдағы күнтiзбелiк жылға қатысты болады. Келесi күнтiзбелiк жылдың басында сандық шектеулер осы Баптың 3-тармағының ережелерiне нұқсан келтiрместен, 2-қосымшада көрсетiлген шектеулерге сәйкес болуға тиiстi. Қазақстан осы ереженi қолдану ниетi туралы 30 маусымнан кешiктiрместен Қоғамдастықты хабардар етуге тиiстi. 4-бап 1. Қосарлы бақылау жүйесiн неғұрлым тиiмдi жүргiзу үшiн қиянат жасау мен заңсыздықты болдырмау мақсатында: - Қазақстан өкiмет органдары алдыңғы айда берілген, экспортқа арналған лицензиялар туралы әр айдың 28-не дейiн Қоғамдастықтың тиiстi құзырлы органдарын хабардар етуге тиiстi; - Қоғамдастықтың үкiмет органдары алдыңғы айда берген, импортқа арналған рұқсаты туралы әр айдың 28 күнi Қазақстанның құзырлы органдарын хабардар етуге тиiстi. Мұндай ақпаратқа тартылған уақытша факторларды ескере отырып, қандай да бiр едәуiр үйлеспеушiлiк жағдайында 2-Жақтың әрқайсысы консультация алуды cұpаyы мүмкiн, ол кiдiрiссiз ұсынылуға тиiстi. 2. Екi Жақ Осы Баптың 1-тармағына нұқсан келтiрместен, осы Келісімнiң тиiмдi қолданысын қамтамасыз ету мақсатымен тасымалдау кезіндегі заңсыздыққа қарсы маршрут өзгерген жағдайда, елi немесе шыққан жерi туралы жалған мәлiмдеуге, құжаттарды бұрмалауға, тауарлардың санына немесе сыныпталуына қатысты жалған мәлiмдеуге немесе қандай да бiр өзге жағдайларға қарсы, оларды болдырмау, тергеу жөнiнде барлық қажеттi шаралар қабылдау және барлық қажеттi құқықтық және/әкiмшiлiк шаралар қолдану жөнiнде келiседi. 2-Жақ, тиiстi экспорттаушыларға және/немесе импорттаушыларға мiндеттi жауапкершiлiк шараларын қабылдау, заңсыздықтарға қарсы осындай тиiмдi iс-қимылдар қолдануға рұқсат ететiн қажеттi құқықтық ережелер және әкiмшiлiк рәсiмдер белгiлеуге келiседi. 3. Егер 2-Жақтың бiрi өзіндегі ақпарат негiзiнде осы Келісім бұзылған деп санаса, басқа бiр Жақтан консультация талап етуi мүмкiн, ол еш кiдірiссiз жүргiзiлуге тиiстi. 4. Осы Баптың 3-тармағында аталған консультациялардың нәтижелерiн күте отырып және Қоғамдастықтың талап етуi бойынша, сондай-ақ жеткiлiктi дәлел берiлген кезде, Қазақстан осы консультациялар нәтижесiнде туындауы мүмкiн сандық шектеулердiң кез-келген өзгерістерiн осы Баптың 3-тармағына сәйкес консультацияға сәйкес сауал жасалған күнтiзбелiк жылға немесе осы күнтiзбелiк жылға лимит таусылғанда, келесi жылға енгiзiлуiн қамтамасыз етедi. 5. Егер, 2-Жақ, осы Баптың 3-тармағына сәйкес жүргiзiлген консультациялар барысында өзара шешiмге келе алмаса, 1-қосымшада көрсетiлген, Қазақстанда өндiрiлетiн бұйымдар осы Келісімнiң бұзылуымен импортталғандығының жеткiлiктi дәлелi болған жағдайда, Қоғамдастықтың тиiстi сандарды 2-қосымшадағы көрсетiлген бойынша сандық шектеулер есебiне есептеуге құқы бар. 6. Егер, 2-Жақ, осы Баптың 3-тармағына сәйкес консультациялар барысында өзара шешiмге келе алмаса, санға байланысты немесе жiктелуi жалған мәлiмдеу болғандығын көрсететiн жеткiлiктi дәлел болған жағдайда, Қоғамдастықтың осы бұйымдар импортынан бас тартуға құқығы бар. 7. 2-Жақ осы Келісімнiң бұзылуынан туындайтын барлық мәселелерiн болдырмау және тиiмдi шешу үшiн тығыз ынтымақтастыққа келiседi. 5-бап 1. Болаттан жасалынатын бұйымдарын ЕКББ Қоғамдастық импортына, 2-қосымшадағы көрсетiлген сандық шектеулердi Қоғамдастық аймақтық квоталарға бөлмеуге тиiстi. 2. 2-Жақ дәстүрлi толассыз саудада Қоғамдастықтағы күтпеген және зиян келтiретiн өзгерістердi болдырмау үшiн ынтымақтасуға тиiстi. Дәстүрлi толассыз саудада күтпеген және зиян келтiретiн өзгерістер болған жағдайда (аймақтық шоғырлануды немесе дәстүрлi жеткiзiлiмдердi жоғалтуды қоса алғанда), Қоғамдастық туындаған проблеманы қанағаттандыратындай етiп шешу үшiн консультация талап етуге құқығы бар. Mұндай консультациялар кiдiрiссiз өткiзiлуi тиiс. 3. 1-қосымшадағы көрсетiлген Қазақстан болат бұйымдарының Қоғамдастыққа 1 жыл iшiнде мейлiнше қалыпты жүзеге асырылуын қамтамасыз етiлуiне ықпал етедi. Импорт күтпеген және қолайсыз тез өскен жағдайда, Қоғамдастық туындаған проблеманы шешу үшін консультация талап етуге құқығы бар. Мұндай консультациялар еш кiдiріссiз жүргiзiледi. 4. Осы Баптың 3-тармағындағы мiндеттемеге қосымша егер, қазақстандық өкiмет органдары берген лицензиялар бойынша болат бұйымдарының сол жылда қаралатын сандық шектеулердiң 90%-ын құраса, 2-Жақ кез-келгенi осы жылға сандық шектеулер туралы консультация сұрауы мүмкiн. Мұндай консультациялар еш кiдiрiссiз жүргiзiлуге тиiстi. Мұндай консультациялардың нәтижелерiн күтуде, осы лицензиялар бойынша бұйымдар саны 2-қосымшада көрсетiлген мөлшерден аспаған жағдайда, Қазақстанның құзырлы органдары осы Келісіммен қамтылған бұйымдар экспортына лицензиялар берудi жалғастыруы мүмкiн. 6-бап 1. Егер осы Келісіммен қамтылған өнiмнiң қандай да бiр түрi Қоғамдастық елдеріндегі осындай өнiмдер өндiрушiлер үшiн едәуiр нұқсан әкелетiн немесе әкелуi мүмкiн жағдайлар Қазақстаннан Қоғамдастыққа импортталса, Қоғамдастық Қазақстанға екi Жақ үшiн қонымды шешiм табуға тырысу үшін толық көлемде тиiстi ақпарат беруге тиiстi. 2-Жақ еш кiдірiссiз консультациялар бастауға тиiстi. 2. Егер, осы баптың 1-тармағында аталған консультациялар кeзiнде Қоғамдастықтың консультациялар бастау өтiнiшiмен жүгiнген күнiнен 30 күн iшiнде келісімге қол жеткiзуге сәтi келмесе, Қоғамдастық ӘЫҚ ережесiне сай, қорғау шараларына қатысты құқығын пайдалануға белгiлi бiр қадамдар жасауы мүмкiн. 3. Осы Келісімнiң ережесiне қарамастан 13-баптың 6-тармағы ӘЫҚ қолданылатын болады. 7-бап 1. Осы Келісіммен қамтылған бұйымдардың жiктелуi Қоғамдастықтың тарифтiк және статистикалық номенклатурасына (бұдан әрi "Құрамалы номенклатура" немесе қысқаша нысанда "ҚН" деп аталатын) және оған кез-келген түзетулерге негiзделедi. 2-қосымшадағы көрсетiлген немесе тауарлардың сыныпталуы туралы кез-келген шешiммен қамтылған бұйымдарға қатысты, Қоғамдастықта қолданылатын ережелерге сәйкес ҚН-ға жасалған кез-келген түзетудiң 2-қосымшада көрсетiлген сандық шектеулердi өзгертуге мүмкiндiк беретiн күшi болмауға тиiстi. 2. Келісіммен қамтылған бұйымдардың шыққан жерi Қоғамдастықтағы ережелерге сәйкес айқындалуға тиiстi. Шыққан жерi туралы осы ережелерге енгiзілген кез-келген түзету туралы "Қазақстанға" хабарлануға тиiстi және 2-қосымшадағы көрсетiлген сандық шектеулерiн өзгертуге мүмкіндiк беретiн күшi болмауға тиiстi. Жоғарыда көрсетiлген бұйымдардың шыққан жерiн бақылау тәртібі А Хаттамасында баян етiлген. 8-бап 1. 2-Жақ осы Келісімнiң 4-бабына (1) сай экспортқа лицензиялар мен импортқа рұқсаттар туралы кезеңімен ақпарат алысуға нұқсансыз, осы Келісімнiң 3-бабына сай берiлген, экспортқа лицензиялар және импортқа рұқсаттар және осындай бұйымдарға қатысты импорт пен экспорт туралы статистикалық деректерге кiретiн, осы ақпарат дайындалуға тиiстi eң қысқа уақыттар ескерiле отырып, сәйкес арақашықтықта 1-қосымшаға жататын бұйымдарға қатысы бар барлық статистикалық ақпарат алысып отыруға келiседi. 2. 2-Жақтың әрқайсысы ақпарат берудегi қандай да бiр едәуiр алшақтық жағдайында консультация алуға жүгiнуi мүмкiн. 9-бап 1. Осы Келісімнiң алдындағы баптарында көрсетiлген белгiлi бiр мiндеттемелерге қатысты көзделген консультациялар туралы ережелерге нұқсансыз, 2-Жақтың кез-келгенiнiң сауалы бойынша осы Келісімдi қолдану барысында туындайтын кез-келген мәселе бойынша консультациялар жүргiзiлуге тиiстi. Кез-келген консультация ынтымақтастық рухында және 2-Жақтар арасындағы айырмашылықтарды реттеу ниетiмен жүргiзiледi. 2. Егер осы Келісім консультациялардың еш кiдiрiссiз жүргiзiлуiн көздесе, уағдаласушы Жақтар оларды жүргiзу үшiн барлық парасатты iс-қимылды қолданады. 3. Барлық басқа консультациялар мына ережелермен реттеледi: - 2-Жақтың кез-келгенi консультацияға сұрау салуды 2-Жақты жазбаша түрде хабардар етуге тиiстi; - тиiстi жағдайларда, ақылға қонымды мерзiмдерде, сауалдан кейiн мұндай консультациялардың себептерiн негiздейтiн есеп болуға тиiстi; - сауал берiлген күннен бастап бiр ай iшiнде консультациялар басталуға тиiстi; - егер 2-Жақтардың келiсуi бойынша мерзiм ұзартылмаса, консультациялар басталған күннен бiр ай iшiнде өзара қолайлы шешiм қабылдануға тиiстi. 4. Сондай-ақ, осы Келісім Жақтардың келісімi бойынша арнайы қосымша консультациялар жүргiзiлуi мүмкiн. 10-бап 1. Екi Жақта болаттан жасалынатын бұйымдармен сауданы толық ырықтандыруға қол жеткiзудi мақсат тұтады және мұның өз араларында сауданы жылжытудың маңызды шарты болып табылатындығын, Жақтардың әрқайсының өз iшiнде қолданатын бәсекелестiктiң және мемлекеттік көмектiң және қоршаған ортаны қорғау келісімдi болуға тиiстi деп таниды. Осы мақсатпен Қазақстан тарапынан сауал негiзiнде, Қоғамдастық Қазақстан Республикасының Қоғамдастық қабылдаған және қабылдайтындарымен үйлесiмдi заңнама ережелерiн қабылдауға және iске асыруға көмектесуi үшiн техникалық көмек көрсетуге тиiстi. Мұндай көмек екi Жақ келiсуге тиiстi жобаларда дәл айқындалатын болады және олардың мақсатын, күнтiзбелiк мерзiмдерiн дәл айқындайды. 2. Егер, осындай келессөздер ұйымдастырылса Жақтар болат құю саласында мемлекеттік көмек және субсидиялар туралы халықаралық келісімдер бойынша келiссөздерге қатысуға келiседi. 11-бап 1. 2002 жылғы 23 шiлдеде, ЕКББ жасаған Шарттың күшiнде болатын мерзiмi өтiсiмен, Еуропалық Қоғамдастық осы Келісімге сәйкес осы қатысушы қабылдаған барлық құқықтар мен мiндеттердi өзiне қабылдауға тиiстi. 2. Осы Келісімдi ұзарту туралы, ал Жақтардың осы Келісім шеңберiнде жасасқан құқықтары және мiндеттемелерi оның күшiнде болатын мерзiмi аяқталғаннан кейiн сақталатындығымен келiстi. 3. Әрiптестiк және Ынтымақтастық туралы келісімнiң 17-бабында Еуропа Көмiр және Болат бiрлестiгi жасаған Шарт қамтыйтын бұйымдарға сiлтеме көрсетiлген Шарттың күшiнде болатын мерзiмi өткен бойда, 3-қосымшаға енгiзiлген бұйымдарға жүгiну мақсатымен оқылады. 12-бап 1. Осы Келісім оның қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Егер осы Баптың 3-тармағының ережелерiне сәйкес бұзылмаса, ол 2004 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қолданылуға тиiстi. 2. 2-Жақтың кез-келгенi, кез-келген уақытта осы Келісімге 2-Жақтардың әрқайсысының сауалы бойынша консультацияларда талқылаудың өзегi болатын өзгерістер енгізудi ұсынады. 3. 2-Жақтың кез-келгенi бұл туралы eң кемi алты ай бұрын хабарланған жағдайда ғана осы келісімдi бұзуы мүмкiн. Егер 2-Жақтар өзге уағдаластыққа қол жеткiзбесе, бұл жағдайда, Келісім хабар мерзiмi өтiсiмен аяқталуға тиiстi, ал Қоғамдастықтың 2-қосымшада осы Келісімге белгiлеген сандық шектеулерi бұзу күнiне қатарлас кемiтiлуге тиiстi. 4. Егер, Қазақстан осы Келісімнiң күшiнде болатын мерзiмi өткенге дейiн ДСҰ-на қосылса, ережелер ДСҰ ережелерiне сәйкес болуын қамтамасыз ету мақсатымен, осы Келісім оның күшiне ену мерзiмiне дейiн қайта қаралатын болады. Сонымен катар, 1-қосымшадағы көрсетiлген болат бұйымдарына қатысты Қоғамдастық пен Қазақстан қабылдаған жаңа көп Жақты мiндеттемелер туындаған жағдайда Келісімнiң күшi де қайта қаралатын болады. 5. Егер 2-Жақтың осының алдындағы баптарда көзделген консультациялар кезiнде өзара тиiмдi шешiмге келе алмағандығын немесе Жақтардың бiрi осы Келісімдi бұзғанда, осы Келісімге 1-қосымшада көрсетiлген, Қазақстан өнiмдерiнiң экспортына қатысты дербес квоталар жүйесiнің қайта енгiзiлуiн қоса алғанда, Қоғамдастық кез-келген уақытта барлық, қажеттi шаралар қолдану құқығын сақтайды. 6. Қосымша мен А Хаттамасы осы Келісімнiң ажырамас бөлiгi болып табылады. 13-бап Осы Келісім қазақ, орыс, дат, голланд, ағылшын, фин, француз, немiс, грек, итальян, португал, испан және швед тiлдерiнде жасалды, осы мәтiндердiң бәрiнiң күшi бiрдей. Қол қойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі үшiн Еуропа Қоғамдастығы Комиссиясы үшiн 1-ҚОСЫМША ҚАЗАҚСТАН SA Қаңылтыр прокат SA 3 Басқа қаңылтыр SA 1 Орамдар прокат 7208 10 00 7208 25 00 7209 18 99 7208 26 00 7209 25 00 7208 27 00 7209 26 10 7208 36 00 7209 26 90 7208 37 90 7209 27 10 7208 38 90 7209 27 90 7208 39 90 7209 28 10 7209 28 90 7211 14 10 7209 90 10 7211 19 20 7210 11 10 7219 11 00 7210 12 11 7219 12 10 7210 12 19 7219 12 90 7210 20 10 7219 13 10 7210 30 10 7219 13 90 7210 41 10 7219 14 10 7210 49 10 7219 14 90 7210 50 10 7210 61 10 7225 20 20 7210 69 10 7225 30 00 7210 70 31 7210 70 39 SA 1а Қайталама 7210 90 31 прокаттау үшін 7210 90 33 арналған орамдар 7210 90 38 7208 37 10 7208 38 10 7211 14 90 7208 39 10 7211 19 90 7211 23 10 SA 2 Қалың қаңылтырлы 7211 23 51 болат 7211 29 20 7208 40 10 7211 90 11 7208 51 10 7208 51 30 7212 10 10 7208 51 50 7212 10 91 7208 51 91 7212 20 11 7208 51 99 7212 30 11 7208 52 10 7212 40 10 7208 52 91 7212 40 91 7208 52 99 7212 50 31 7208 53 10 7212 50 51 7212 60 11 7211 13 00 7212 60 91 SA 3 Басқа қаңылтыр 7219 21 10 прокат 7219 21 90 7208 40 90 7219 22 10 7208 53 90 7219 22 90 7208 54 10 7219 23 00 7208 54 90 7219 24 00 7208 90 10 7219 31 00 7219 32 10 7209 15 00 7219 32 90 7209 16 10 7219 33 10 7209 16 90 7219 33 90 7209 17 10 7219 34 10 7209 17 90 7219 34 90 7209 18 10 7219 35 10 7209 18 91 7219 35 90 7225 40 80 2-ҚОСЫМША САНДЫҚ ШЕКТЕУЛЕР (тонна) Бұйымдар 2002 2003 2004 SA Қаңылтыр прокат SA 1. Орамдар 50 000 50 000 50 000 SA 1a Қайталама 5 000 5 000 5 000 прокаттауға арналған орамдар SA 2. Қалың қаңылтырлы 0 0 0 болат SA 3. Басқа 53 000 55 700 58 500 қаңылтыр прокат 3-ҚОСЫМША 11-БАПТА СІЛТЕМЕ ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМДАР 72011011 72082500 72102010 72149190 72192300 72254080 72011019 72082600 72103010 72149910 72192400 72255000 72011030 72082700 72104110 72149931 72193100 72259110 72011090 72083600 72104910 72149939 72193210 72259210 72015010 72083710 72105010 72149950 72193290 72259910 72015090 72083790 72106110 72149961 72193310 72261110 72021120 72083810 72106910 72149969 72193390 72261910 72021180 72083890 72107031 72149980 72193410 72261930 72029911 72083910 72107039 72149990 72193490 72262020 72031000 72083990 72109031 72159010 72193510 72269110 72039000 72084010 72109033 72161000 72193590 72269190 72041000 72084090 72109038 72162100 72199010 72269210 72042110 72085110 72111300 72162200 72201100 72269320 72042190 72085130 72111410 72163111 72201200 72269420 72042900 72085150 72111490 72163119 72202010 72269920 72043000 72085191 72111920 72163191 72209011 72271000 72044110 72085199 72111990 72163199 72209031 72272000 72044191 72085210 72112310 72163211 72210010 72279010 72044199 72085291 72112351 72163219 72210090 72279050 72044910 72085299 72112920 72163291 72221111 72279095 72044930 72085310 72119011 72163299 72221119 72281010 72044991 72085390 72121010 72163310 72221121 72281030 72044999 72085410 72121091 72163390 72221129 72282011 72045010 72085490 72122011 72164010 72221191 72282019 72045090 72089010 72123011 72164090 72221199 72283020 72061000 72091500 72124010 72165010 72221910 72283041 72069000 72091610 72124091 72165091 72221990 72283049 72071111 72091690 72125031 72165099 72223010 72283061 72071114 72091710 72125051 72169910 72224010 72283069 72071116 72091790 72126011 72189111 72224030 72283070 72071210 72091810 72126091 72189119 72241000 72283089 72071911 72091891 72131000 72189911 72249001 72286010 72071914 72091899 72132000 72189920 72249005 72287010 72071916 72092500 72139110 72191100 72249008 72287031 72071931 72092610 72139120 72191210 72249015 72288010 72072011 72092690 72139141 72191290 72249031 72288090 72072015 72092710 72139149 72191310 72249039 73011000 72072017 72092790 72139170 72191390 72251100 73021031 72072032 72092810 72139190 72191410 72251910 73021039 72072051 72092890 72139910 72191490 72251990 73021090 72072055 72099010 72139990 72192110 72252020 73022000 72072057 72101110 72142000 72192190 72253000 73024010 72072071 72101211 72143000 72192210 72254020 73029010 72081000 72101219 72149110 72192290 72254050 Келісілген хаттама 2-Жақ ____________ қол қойылған, Қазақстан мен ЕКББ арасында болаттан жасалынатын белгiлi бұйымдар саудасы жөніндегі Келісімнiң түп мәтiнiнде: - 2-Жақ экспортқа лицензияларға және импортқа рұқсаттарға қатысты осы Келісімнiң 4-бабында (1) көзделген ақпарат алысылуын орындау үшiн тұтастай, Қоғамдастықтың және оған мүше-мемлекеттерге жүгiнуi бойынша осындай ақпарат бередi;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |