|
|
|
2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. 412, 412-1, 413, 414, 415, 416, 417, 418, 419, 420, 421, 422, 423, 424, 425, 426, 427, 428, 429 (құпия), 430, 431, 432, 433, 434, 435, 436, 437, 438, 439, 440, 441, 442, 443, 444, 445, 446, 447, 448, 449, 450, 451, 452, 453, 453-1, 454, 455, 456, 457, 458, 459, 460, 461, 462, 462-1, 463, 464-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң 2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
?кіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсан № 1429 қаулысына 412-қосымша ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 412-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi 2003 жылға арналған 001 "Әкімшілiк шығындар" республикалық бюджет бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 303835 мың теңге (үш жүз үш миллион сегiз жүз отыз бес мың теңге). 2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы; Қазақстан Республикасының "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасы органдарының мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бірыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Азаматтардың денсаулығын қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жетiлдiру туралы" 2001 жылғы 17 қазандағы № 705 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 қарашадағы № 1465 қаулысы; "Штаттық құрам лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 1 сәуірдегі № 314 қаулысы. 3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: жүктелген функциялардың барынша тиiмдi орындалуына қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің орталық аппараты мен оның аумақтық бөлiмшелерiнің iс-қызметiн қамтамасыз ету. 5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің орталық аппараты мен оның аумақтық бөлiмшелерiн ұстау. 6. Бюджет бағдарламасын iске асыру шараларының жоспары:
7. Бюджет бағдарламасының орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелген функциялардың сапалы және уақтылы орындалуы. ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 412-1-қосымшамен толықтырылды Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 бұйрығына 412-1-қосымша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі _________________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2003 жылға арналған 006 "Өткен жылдардың мiндеттемелерiн орындау" республикалық бюджет бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 1653091 мың теңге (Бір миллиард алты жүз елу үш миллион тоқсан бір мың теңге). 2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк-құқықтық негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi № 2468 Заңы; "Салық және басқа да бюджетке мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексi (Салық кодексi). 3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: "Астана қаласындағы 240 төсекке арналған аурухана кешенi" объектiсi бойынша кеден және салық төлемдерiнен өткен жылдардың кредиторлық берешегін өтеу. 5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: республикалық бюджеттен төлеу арқылы кеден және салық төлемдерi бойынша мiндеттемелердi орындау. 6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: "Астана қаласындағы 240 төсекке арналған аурухана кешенi" объектiсi бойынша кеден және салық төлемдерiнен өткен жылдардың кредиторлық берешегiн өтеу. ?кіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсан № 1429 қаулысына 413-қосымша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi 2003 жылға арналған 007 "Орта кәсіптiк білімдi мамандар даярлау" республикалық бюджет бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 67699 мың теңге (алпыс жетi миллион алты жүз тоқсан тоғыз мың теңге). 2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы "Білім туралы" Заңының 4 , 8 , 24, 35, 43-баптары, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы "Халық денсаулығы" Мемлекеттік бағдарламасы туралы" № 4153 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 25 мамырдағы "2000-2005 жылдарда Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды одан әрi дамыту тұжырымдамасы туралы" № 790 қаулысы. 3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: республика азаматтарының денсаулығын сақтау мен нығайту, халыққа біліктiлiгi жоғары медициналық көмек көрсету, салауатты өмiр сүру салтын қалыптастыруды насихаттау мақсатында денсаулық сақтау саласын жоғары біліктi орта медициналық және фармацевтикалық мамандармен қамтамасыз ету. 5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: Мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес орта медициналық және фармацевтикалық білімдi мамандарды даярлау. 6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: еңбек рыногында бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету, санитарлық-эпидемиологиялық және зертханалық қызметтер, балалардың және әйелдердi босандыру жөніндегі емдiк ұйымдар үшiн, обаға қарсы күрес станциялары, туберкулезге қарсы күрес және психоневрологиялық диспансерлер үшiн, геронтологиялық ұйымдар, хоспистер, аллергиялық-иммунобиологиялық орталықтар, ЖҚТБ орталықтары үшін бәсекеге жарамды орта медициналық бiлімдi мамандардың жоспарланған бiтiруi. ?кіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсан № 1429 қаулысына 414-қосымша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi 2003 жылға арналған 009 "Жоғары оқу орындарында кадрлар даярлау" республикалық бюджет бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 368618 мың теңге (үш жүз алпыс сегiз миллион алты жүз он сегiз мың теңге). 2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы "Білім туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірiншi кезектi шаралар туралы" № 3956 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" № 4153 Жарлығы, Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2000 жылғы 25 мамырдағы "2000-2005 жылдарда Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды одан әрi дамыту тұжырымдамасы туралы" № 790 қаулысы. 3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: денсаулық сақтау саласын жоғары медициналық білімдi біліктi мамандармен қамтамасыз ету. 5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: 1999 жылға дейiн медициналық ЖОО түскен жоғары медициналық білімi бар мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету. 6. Бюджет бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мемлекеттік жалпыға міндеттi стандарттардың талаптарына сәйкес еңбек нарығында бәсекеге жарамды жоғары оқу орнын бiтiргеннен кейiнгi кәсiби білімдi мамандарды уақытылы және тиiмдi даярлау. ?кіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсан № 1429 қаулысына 415-қосымша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi 2003 жылға арналған 010 "Кадрлардың біліктiлігін арттыру және оларды даярлау" республикалық бюджет бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 135714 мың теңге (жүз отыз бес миллион жетi жүз он төрт мың теңге). 2. Бюджет бағдарламасының нормативтік құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы "Білім туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегі "Ғылым туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы "Мемлекеттік қызметкерлердi даярлауды, қайта даярлауды және біліктiлiгiн көтерудi жетiлдiру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" № 4075 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы "Қазақстанның 2030 жылға дейiн Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі шаралар туралы" № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы "Халық денсаулығы" Мемлекеттік бағдарламасы туралы" № 4153 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы "Мемлекеттік қызметтi өткерудiң тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" № 357 Жарлығы; Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2000 жылғы 25 мамырдағы "2000-2005 жылдарда Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды одан әрі дамыту тұжырымдамасы туралы" № 790 қаулысы. 3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: қойылған біліктiлiк талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары мен ведомстволық медициналық-санитарлық қызмет қызметкерлерiнің кәсiби білімi мен дағдыларын жаңарту және тереңдету. 5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: саланың қажеттiлігіне сәйкес кадрлардың біліктiлiгiн көтерудi және қайта даярлауды жүзеге асыру. Мемлекеттік қызметкерлердің, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары мен ведомстволық медициналық-санитарлық қызмет қызметкерлерінің емдiк, педиатрия, стоматология, фармацевтика медициналық-биологиялық, медициналық-алдын алу, мейiрбикелік бейін бойынша біліктілігiн көтеру және қайта даярлау. 6. Бюджет бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: практикалық денсаулық сақтау талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің кәсiби деңгейiн арттыру, кәсiби білімдерi мен дағдыларын тереңдету. ?кіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсан № 1429 қаулысына 416-қосымша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi 2003 жылға арналған 024 "Ақпараттың жалпыға қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету" республикалық бюджет бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 2 600 мың теңге (екi миллион алты жүз мың теңге). 2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 23, 33-баптары; "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының орталық атқару органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысы. 3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: медицина саласындағы санаткерлiк қызметтi жақсарту, жұмыс сапасын арттыру және мамандардың білiм деңгейiн арттыру. 5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: саланың осы заманғы даму деңгейiне сәйкес медициналық ғылым және практикалық денсаулық сақтау саласындағы мамандарға кiтапханалық және ақпараттық-кiтапханалық қызмет көрсету. Кiтапхана қорын медициналық кiтаптармен, оқулықтармен, мерзiмдiк басылымдармен толықтыру, көрмелер мен шығып сөйлеулердi өткізу. 6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: ғылыми-зерттеу мекемелерiн және денсаулық сақтау ұйымдарын, сала ғалымдары мен мамандарын халық денсаулығын сақтау проблемалары жөніндегі осы заманғы ақпараттармен дер кезiнде қамтамасыз ету. Медицина, әлемдiк практикалар саласындағы жетiстiктер бойынша құнды ғылыми еңбектермен кiтапхана қорын толықтыру, және сөйте отырып барынша тиiмдi пайдалануға және ғылыми жетiстiктердi денсаулық сақтау практикасына енгізуге көмектесу. ?кіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсан № 1429 қаулысына 417-қосымша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi 2003 жылға арналған 030 "Денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер" республикалық бюджет бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 324301 мың теңге (үш жүз жиырма төрт миллион үш жүз бір мың теңге). 2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 26-бабы; "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірiншi кезектегi шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы; (2000-2005 жылдары Қазақстан Республикасын одан әрi дамыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 25 мамырдағы № 790 қаулысы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |