|
|
|
2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. 713, 714, 715, 716-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының 2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 713 қосымша Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы ______________________________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкiмгерi 2003 жылға "Әскери қызметшiлердi, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн және олардың отбасы мүшелерiн емдеу" 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 29330 мың теңге (жиырма тоғыз миллион үш жүз отыз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы № 362-II "2003 жылдың республикалық бюджетi туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы "Әскери қызметшiлердiң және олардың отбасы мүшелерiнiң дәрежесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 13-бабы, Қазақстан Республикасы Президентiнің 1995 жылғы 5 желтоқсандағы № 2671 "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы" заң күшi бар Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентiнің 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2689 "Республикалық ұлан туралы, Республикалық ұланның ұйымдық құрылымы мен санын белгiлеудi айқындау Ережесін бекіту туралы" Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаржысы. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiнiң барлық категориясына, әскери зейнеткерлерге, әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiне мамандандырылған медициналық көмек көрсету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Республикалық ұланның жеке құрамын медициналық қамтамасыз ету; медициналық мүлiктермен және дәрi-дәрмектермен жабдықтау; Қазақстан Республикасы Республикалық ұланның әскери қызметшілерінің барлық категориясына, әскери зейнеткерлерге, әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiне амбулаторияда және стационарда мамандандырылған медициналық көмек көрсету; әскери қызметке шақыру, әскери қызметшілерді запасқа босату және олардың әскери қызметке жарамдылық дәрежесін анықтау үшін куәландыру барысында әскери дәрiгерлiк сараптама жүргізу. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындағандағы күтiлетiн нәтиже: тұрақты жауынгерлiк даярлықты ұстау үшiн сапалы және уақытында медициналық көмек көрсету, әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң арасында науқастық деңгейдi төмендету. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 714 қосымша Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы ______________________________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкiмгерi 2003 жылға "Күзетiлетiн тұлғалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысу және дәстүрлiк рәсiмдердi орындау" 076 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 733037 мың теңге (жетi жүз отыз үш миллион отыз жеті мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы № 362-II "2003 жылдың республикалық бюджетi туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы "Әскери қызметшiлердің және олардың отбасы мүшелерiнің дәрежесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 5 желтоқсандағы № 2671 "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы" заң күшi бар Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентiнің 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2689 "Республикалық ұлан туралы, Республикалық ұланның ұйымдық құрылымы мен санын белгiлеудi айқындау Ережесін бекіту туралы" Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаржысы. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: дәстүрлiк рәсiмдердi орындауға қатысу, Мемлекет Басшысының және өзге күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, аса маңызды мемлекеттік объектілердi күзету, Қазақстан Республикасының Республикалық ұлан әскери бөлiмдерінің алдына қойылған мiндеттердің орындалуын және бақылауды iске асыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: күзетiлетiн тұлғалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысу; Қазақстан Республикасының дипломатиялық және хаттамалық iс-шараларды, мерекелерi мен салтанаттарын өткізу барысында дәстүрлiк рәсiмдердi атқаруға қатысу; аса маңызды мемлекеттік объектiлердi, сондай-ақ тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн үйлердi, ғимараттарды және қызмет жайларды күзету; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының эталондарын күзету; Республикалық ұланды тұрақты жауынгерлiк даярлықта ұстау жөніндегі iс-шараларды әзiрлеу және орындалуын ұйымдастыру; Республикалық ұланға жүктелген мiндеттердi орындау барысында туындаған жағдай туралы мәлiметтердi жинау және талдау; шұғыл және жауынгерлiк даярлыққа, оқу-тәрбие процесiне басшылық жасау; қызметтiк-жауынгерлiк iс-әрекетiнiң қамтамасыз етiлуiн ұйымдастыру, кадрларды iрiктеу, орналастыру және тәрбиелеу, жеке құрамды есепке алу. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындағандағы күтiлетiн нәтиже: Республикалық ұланның жауынгерлік даярлығына тиімді басшылық жасау, Республикалық ұланның қызметтiк-жауынгерлiк iс-әрекетін ұйымдасып қамтамасыз етуге қол жеткізу, жоғары біліктi әскери кадрлармен жасақтау, әскери бөлімдерді қызметтік-жауынгерлiк даярлықта ұстау, мемлекеттік объектiлердi күзетудiң берiктiлiгi мен хаттамалық және рәсiмдiк iс-шараларды тиiстi деңгейде қамтамасыз ету, Республикалық ұланның алдында тұрған тапсырмаларды уақытында және сапалы орындау. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 715 қосымша ҚР Үкіметінің 07.01.03 ж. № 150г қаулысымен 715-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы ______________________________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкiмгерi 2003 жылға "Астана қаласындағы Республикалық ұлан ғимараты кешенiнiң құрылысы" 304 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 470360 мың теңге (төрт жүз жетпiс миллион үш жүз алпыс мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы № 362-II "2003 жылдың республикалық бюджетi туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы "Әскери қызметшiлердің және олардың отбасы мүшелерiнің дәрежесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 5 желтоқсандағы № 2671 "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы" заң күшi бар Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентiнің 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2689 "Республикалық ұлан туралы, Республикалық ұланның ұйымдық құрылымы мен санын белгiлеудi айқындау Ережесін бекіту туралы" Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаржысы. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Республикалық ұланның мерзiмдi қызметтiк әскери қызметшiлерiнің және келісім-шарт бойынша әскери қызметшiлерiнiң тұрмыстық жағдайын жақсарту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Астана қаласында мерзiмдi қызметтiк әскери қызметшілерді және келісім-шарт бойынша әскери қызметшiлердi орналастыру үшін ғимарат кешенінің құрылысын салу. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындағандағы күтiлетiн нәтиже: Қазақстан Республикасының Республикалық ұланының Астана қаласында 400 мерзiмдi қызметтiк әскери қызметшілерді орналастыру үшiн казармалар құрылысын аяқтау және келісім-шарт бойынша әскери қызметшiлер үшiн 40 отбасыға арналған пәтерлiк үлгідегi жатақхана салу (Астана қаласындағы кешендi ғимараттың екiншi кезегi). Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 716 қосымша Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы ______________________________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкiмгерi 2003 жылға "Қазақстан Республикасы Республикалық ұланын есептеу және ұйымдық техникалармен қамтамасыз ету" 600 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 2500 мың теңге (екi миллион бес жүз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы № 362-II "2003 жылдың республикалық бюджетi туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 23 қазанындағы № 1351 "Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттік тiркелiмiн жүргiзу Ережесін бекіту туралы" қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттiң қаржысы. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiн құру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Республикалық ұлан бөлiмдерiнiң арасында бiрыңғай электрондық құжат айналымын енгізу; хабарларды өңдеу мен беру жағдайын бақылау; құжаттарды есепке алу автоматтандырылған жүйенiң жүйесiн өрiстету; мәлiметтер базасының автоматтандырылған есепке алу бағдарламасын енгізу. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындағандағы күтілетін нәтиже: бiрыңғай электрондық құжат айналымына, құжаттарды есепке алуда бірыңғай автоматтандырылған жүйеге қол жеткізу. Мәліметтер базасына шұғыл бақылауды іске асыру.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |