|
|
|
2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. 617, 618, 619, 620, 621, 622, 623-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 15 қыркүйектегі № 150ж қаулысымен 617-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 617 қосымша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ____________________________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 001 "Әкiмшiлiк шығындар" республикалық бюджеттік бағдарламасының 2003 жылға арналған ПАСПОРТЫ 1. Құны: 3192360 мың теңге (үш миллиард жүз тоқсан екi миллион үш жүз алпыс мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 1-30-баптары; "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 56-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбек ақы төлеудің бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік, органдар жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының өздерiне жүктелген функциялардың барынша тиiмдi орындалуына қол жеткiзу үшiн қызметiн қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Бac прокуратурасының орталық аппаратын, облыстық және оған теңестiрiлген прокуратураларды, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының орталық аппаратын және оның аумақтық бөлiмшелерiн ұстау. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жүктелген функцияларды уақытылы және сапалы орындау, республиканың прокуратура органдарының үздiксiз жұмыс iстеуi. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 618 қосымша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ____________________________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 010 "Кадрлардың біліктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау" республикалық бюджеттік бағдарламасының 2003 жылға арналған ПАСПОРТЫ 1. Құны: 11173 мың теңге (он бiр миллион жүз жетпiс үш мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 3-бабы; "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы. 3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының прокуратура органдары қызметкерлерiнiң кәсiби деңгейiн арттыру, мамандардың кәсiби білімiн тереңдету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: прокуратура органдары қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыру жөніндегі iс-шаралардың уақытылы және сапалы өткiзiлуiн қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: прокуратура органдары қызметкерлерiнiң біліктілігін арттыру жоспарын орындау. Мамандардың кәсiби білімін тереңдету, тиісті сертификаттар бере отырып, прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру. ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 15 қыркүйектегі № 150ж қаулысымен 619-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 619 қосымша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ____________________________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 030 "Қылмыстық және жедел есептердi жүргiзу" бюджеттік бағдарламасының 2003 жылға арналған ПАСПОРТЫ 1. Құны: 1750 мың теңге (бip миллион жетi жүз елу мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 56-бабы; "Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесiн одан әрi реформалау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қылмысқа қарсы күрес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мiндеттерiн шешу кезiнде мемлекетаралық өзара қарым-қатынас. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: тараптардан әрқайсысынан мемлекетаралық ақпараттық банкiге келiп түсетiн есепке алу материалдарының санына байланысты үлестiк қатысушы нысандағы мемлекетаралық ақпараттық банкінің мазмұны. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мемлекетаралық мүдделерден шығатын қылмыстарды алдын-алу, ашу және тергеу мақсатында жедел-анықтамалық, iздестiру, криминалдық және өзге есепке алынатын мәлiметтердi ұсыну. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 620 қосымша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ____________________________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 039 "Қылмыс адамдарды экстрадициялауды қамтамасыз ету" республикалық бюджеттік бағдарламасының 2003 жылға арналған ПАСПОРТЫ 1. Құны: 9262 мың теңге (тоғыз миллион екi жүз алпыс екi мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 534, 537-541-баптары; "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 56-бабы; "Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы" Конвенциясы. 3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қылмыстық қудалау саласындағы алынған халықаралық мiндеттемелердi жедел орындау және қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: шетелде ұсталған Қазақстан Республикасының азаматтарын экстрадициялау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: қылмыстарды ашу, оны жасаған адамдарды әшкерлеу және қылмыстық жауапкершiлiкке тарту, қылмыстық әрекет жасағаны үшін міндетті түрде жазалау. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 621 қосымша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ____________________________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 040 "Кеден баждары мен төлемдерi бойынша берешектi өтеу" республикалық бюджеттік бағдарламасының 2003 жылға арналған ПАСПОРТЫ 1. Құны: 298893 мың теңге (екi жүз тоқсан сегiз миллион сегiз жүз тоқсан үш мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 56-бабы; "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңының 6-бабы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әкiмшілiк ғимарат құрылысына сатып алынған, кеден төлемдерiн салудан босатылған, құрылыс материалдары мен жабдықтарға кеткен шығындарды өтеу бойынша Бас прокуратура мiндеттемелерiн орындау. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекет Басшысының қатысуымен хаттамалық кеңесiнде анықталған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әкiмшiлiк ғимаратының құрылысын белгiленген мерзiмде аяқтау. Заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асыру үшiн прокуратура органдары қызметкерлерiне жағдай жасау. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ғимарат құрылысын аяқтау, шетел мердiгерлерiнiң алдындағы мiндеттердi толығымен орындау, кеден заңдарын сақтау (орындау). ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 15 қыркүйектегі № 150ж қаулысымен 622-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 622 қосымша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ____________________________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 600 "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының ақпараттық жүйесiн құру" республикалық бюджеттік бағдарламасының 2003 жылға арналған ПАСПОРТЫ 1. Құны 50000 мың теңге (елу миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 56-бабы; "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының жүйесiн одан әрi реформалау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі № 3465 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрес бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 31 қазандағы № 1641 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, уәждiлiгiн және жеткiлiктілiгiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасында қылмыстар туралы автоматтандырылған ақпараттық мәлiметтер базасын қалыптастыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ақпараттық жүйенi жетiлдiру мақсатында ақпараттық базаны қалыптастыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: республика бойынша статистикалық есептiң бiрыңғай автоматтандырылған мәлiметтер базасын құру және ақпараттық-статистикалық жүйенi толығымен компьютерлендiру және автоматтандыру үшiн жағдай жасау; құқықтық статистика субъектiлерiнiң қызметтерi және құқық бұзушылық, қылмыстар, оларды жасаған адамдар туралы ақпараттарды өңдеу және жинау жеделдiлiгiн арттыру. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 623 қосымша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ____________________________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 602 "Прокуратура органдарын есептеу және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасының 2003 жылға арналған ПАСПОРТЫ 1. Құны: 50000 мың теңге (елу миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы (53, 56-баптар); "Қазақстан Республикасындағы қылмысқа қарсы күрес бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 31 қазандағы № 1641 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: материалдық бөлiктерiнiң елеулi тозуына байланысты нақты және моральды ескірген компьютерлердi ауыстыру және аумақтық прокуратура органдарын қазіргі компьютер техникасымен қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: прокуратура органдарының техникалық қамтамасыз етiлуiнің прокуратура органдарында дамыту, аймақтық желiлерi негiзiнде бiрыңғай ақпараттық жүйе құру, республиканы автоматтандырылған жұмыс орындарын ұйымдастыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жабдықтарды және бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу және орнату, аумақтық прокуратура органдарын уақытты компьютер техникасымен қамтамасыз ету, бiрыңғай ақпараттық кеңiстiк құру, заңдылықтың сақталуына қатысты мәселелердi жедел шешу үшiн қызметкерлерге жағдай жасау.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |