|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 5 тамыздағы № 1084 және 1998 ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 1 қыркүйектегі № 922 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгiзiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасында СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөніндегі үйлестiру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 тамыздағы № 1084 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 27, 322-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөніндегі үйлестiру кеңесi туралы ереже осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2) "Қазақстан Республикасында СПИД-тiң алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестiру кеңесiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 7 шiлдедегi № 647 қаулысына: көрсетiлген қаулыға қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2003 жылғы 20 мамырдағы № 468 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 тамыздағы № 1084 қаулысымен бекітілген ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегі үйлестiру кеңесi туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының аумағында АҚТҚ инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі iс-шараларды жүргiзуде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, халықаралық және басқа да ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылған. 2. Кеңестiң құрамына мүдделi орталық атқарушы органдардың, халықаралық және басқа да ұйымдардың өкiлдерi кiредi. 3. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 2. Кеңестің негізгi мiндеттерi мен функциялары 4. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мыналар бойынша ұсыныстар әзiрлеу болып табылады: 1) ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес мәселелерiне қатысты бөлiгiнде заңнамалық және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетілдiру; 2) АҚТҚ/ЖҚТБ таралуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргiзу мақсатында орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысын үйлестiру мен халықаралық және басқа да ұйымдардың өзара iс-қимылын қамтамасыз ету; 3) АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша эпидемиологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру. 5. Кеңестiң негiзгi функциялары мыналар бойынша ұсыныстар әзiрлеу болып табылады: 1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың АҚТҚ/ЖҚТБ мәселелерi бойынша қызметiн үйлестiрудi жетiлдiру; 2) халықаралық және басқа да ұйымдармен АҚТҚ/ЖҚТБ мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл мен ынтымақтастықты қамтамасыз ету; 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi № 1207 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның iндетiне қарсы iс-әрекет жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаның (бұдан әрi - Бағдарлама) iске асырылуын қамтамасыз ету; 4) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың АҚТБ/ЖҚТБ-ның алдың алу жөніндегі тиiмдi iс-шараларды қамтамасыз етуi. 6. Кеңес өз мiндеттерiн iске асыру мен функцияларын жүзеге асыру үшiн: 1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардан Кеңестiң мiндеттерiн iске асыруға қажеттi ақпаратты сұрауға және алуға; 2) Кеңестiң отырыстарында Кеңестiң құзыретiне енетiн мәселелер бойынша орталық және жергілiктi атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың өкiлдерiн тыңдауға; 3) Кеңестiң құзыретiне жататын өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бap. 3. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру 7. Кеңестi оның қызметiне басшылық ететiн, отырыстарда төрағалық ететiн, оның жұмысын жоспарлайтын және Кеңес шешiмдерiнiң iске асырылуын бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқарады. 8. Кеңестiң хатшысы отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстар, оны өткізу үшін қажеттi құжаттар мен материалдар дайындайды және оны өткiзгеннен кейiн хаттамаларды ресiмдейдi. 9. Кеңестiң отырыстары хаттамалармен ресiмделедi. 10. Шешiмдер ашық дауысқа салумен қабылданады және егер олар үшiн Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусы берiлген болса, қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi. 11. Кеңестiң отырыстары жылына кемiнде екi рет өткiзiледi. 12. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі болып табылады. Үкіметінiң 2003 жылғы 20 мамырдағы № 468 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 7 шiлдедегi № 647 қаулысына қосымша ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегі үйлестiру кеңесінің құрамы Мұхаметжанов - Қазақстан Республикасы Премьер- Бауыржан Әлiмұлы Министрінің орынбасары, төраға Досқалиев - Қазақстан Республикасының Жақсылық Ақмырзаұлы Денсаулық сақтау министрi, төрағаның орынбасары Ерасылова - ЖҚТБ-ның алдын алу және оған Исидора Бекмұхамедқызы қарсы күрес жөніндегі республикалық орталықтың бас директоры, хатшы Жұмағұлов - Қазақстан Республикасы Премьер- Бақытжан Тұрсынұлы Министрінің Кеңсесi Әлеуметтiк- мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi Әбусейiтов - Қазақстан Республикасының Сыртқы Қайрат Қуатұлы iстер бiрiншi вице-министрi Коржова - Қазақстан Республикасының Наталья Артемовна Экономика және бюджеттік жоспарлау бiрiншi вице-министрi Әшитов - Қазақстан Республикасының Еңбек Батыржан Зайырқанұлы және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Белоног - Қазақстан Республикасының Анатолий Александрович Денсаулық сақтау вице-министрi, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерi Власов - Қазақстан Республикасының Iшкi Николай Афанасьевич iстер вице-министрi Досжан - Қазақстан Республикасының Ардақ Дүкенбайұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрi Елекеев - Қазақстан Республикасының Әдiлет Ирак Қасымұлы вице-министрi Тоқсейiтов - Қазақстан Республикасының Қаржы Рақымберген вице-министрi Құрманғалиұлы Тасболатов - Қазақстан Республикасының Абай Бөлекбайұлы Қорғаныс вице-министрi Шәмшидинова - Қазақстан Республикасының Бiлiм Күләш Ноғатайқызы және ғылым вице-министрi Қанағатов - Қазақстан Республикасының Туризм Елсияр Баймұхамедұлы және спорт жөніндегі агенттiгi төрағасының орынбасары Посмаков - Қазақстан Республикасының Әдiлет Петр Николаевич министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң төрағасы Асқаров - Қазақстан Республикасы Денсаулық Альберт Мұхтарұлы сақтау министрлігінiң Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Адамян Рудик - БҰҰ-ның Орталық Азия елдеріндегі АҚТҚ/ЖҚТБ жөніндегі бiрлескен бағдарламасының мемлекетаралық кеңесшiсi (келісім бойынша) Шарман Алмас - Америкалық халықаралық даму жөніндегі агенттiктiң жұқпалы аурулар жөніндегі кеңесшiсi (келісім бойынша) Тұрмағамбетова - Адам құқығы және заңды сақтау Жемiс Өтегенқызы жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро директорының орынбасары (келісім бойынша) Аманжолов Нұралы - "Шапағат" АҚТҚ-сы бар адамдар мен олардың жақындарын қолдау қоғамдық қайырымдылық қорының президентi (келісім бойынша)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |