|
|
|
Қазақстан Республикасы ?кіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен (2008.23.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қолданыстағы бағдарламаларды заңнамаға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн. 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) "2001-2005 жылдарға арналған Республикалық "Сапа" бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 2 мамырдағы № 590 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 16, 209-құжат); 2) "Тоқтап тұрған кәсiпорындарды және тиiмдiлiгi шамалы өндiрiстердi саралаудың, кейiннен оларды белгiленген тәртiппен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне берудiң 2001-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 17 шiлдедегi № 969 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 26, 330-құжат); 3) "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 17 шiлдедегi № 969 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 5 тамыздағы № 876 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 26, 283-құжат). 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2003 жылғы 20 мамырдағы № 462 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерістер мен толықтырулар 1. "Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiн дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 қыркүйектегi № 1347 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 38-39, 450-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiн дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған Бағдарламасында: 3-бөлiмнен басқа, мәтіндегі "Энергетика, индустрия және сауда министрлігі", "Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң", "Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне" деген сөздер "Индустрия және сауда министрлігі", "Индустрия және сауда министрлігінiң", "Индустрия және сауда министрлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын; Бағдарламаның паспортында: "Негiзгi әзiрлеушiлер" деген үшiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң" деген сөздермен ауыстырылсын; "Қаржыландыру көздерi" деген жетiншi абзац мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын: "Қаржыландыру көлемi мен көздерi. Бағдарламаны iске асыруға арналған қаржылық шығындар республикалық бюджет есебiнен көзделедi, жыл сайынғы көлем тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланады және 2001-2003 жылдарға 8 344 мың теңгенi құрайды, оның iшіндe жылдар бойынша: 2001 жылға - 3 000 мың теңге, 2002 жылға - 5 344 мың теңге."; Бағдарлама мынадай мазмұндағы 6-1-бөлiммен толықтырылсын: "6-1. Қаржыландырудың қажеттi көлемi мен көздерi. Бағдарламаны қаржыландыру технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге арналған республикалық бюджетте көзделетiн қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады. Бағдарламаны 2001-2003 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландырудың қажеттi көлемi 8 344 мың теңгенi құрайды, оның iшiнде жылдар бойынша: 2001 жылға - 3 000 мың теңге, 2002 жылға - 5 344 мың теңге, 2003 жылға - 0. Жыл сайынғы көлем тиiстi бюджеттік бағдарлама бойынша республикалық бюджетте көзделетiн көлемге сәйкес нақтыланады."; "Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiн дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шараларының жоспары" деген 7-бөлiм осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. "Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшiн радиоэлектрондық аспаптар мен құралдарды әзiрлеу, жасау және дамыту" 2001-2005 жылдарға арналған республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1956 қаулысына: көрсетілген қаулымен бекiтілген "Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшiн радиоэлектрондық аспаптар мен құралдарды әзiрлеу, жасау және дамыту" 2001-2005 жылдарға арналған республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламада: Бағдарламаның төлқұжатында: "Қаржыландыру көлемi мен көздерi" деген тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Қаржыландыру көлемi мен көздерi Бағдарламаны қаржыландыру технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге арналған республикалық бюджетте көзделетiн қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады. Бағдарламаны 2001-2005 жылдарға арналған бюджеттен қаржыландырудың қажеттi көлемi 690,0 миллион теңгенi құрайды, оның iшiнде жылдар бойынша: 2001 жылға - 130 млн. теңге; 2002 жылға - 140 млн. теңге; 2003 жылға - 140 млн. теңге; 2004 жылға - 140 млн. теңге; 2005 жылға - 140 млн. теңге. Жыл сайынғы көлем тиiстi бюджеттік бағдарлама бойынша республикалық бюджетте көзделетiн көлемге сәйкес нақтыланады. Бағдарламаны iске асыру үшiн қосымша тартылатын бюджеттен тыс қаражаттың жоспарланатын көлемi шамамен 2,0 млрд. теңгенi құрайды. Мемлекеттік тапсырысшы-Бағдарламаның әкiмшiсi - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі."; "Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi" деген 6-бөлiмде: екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Бағдарламаны қаржыландыру технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулер үшiн республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне көзделетiн бюджет қаражаты есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады. 5 жылға арналған Бағдарламаны (2001-2005 жылдар) iске асыруға 690,0 миллион теңге бюджет қаражаты қажет болады, оның iшiнде жылдар бойынша 2001 жылға - 130 млн. теңге; 2002 жылға - 140 млн. теңге; 2003 жылға - 140 млн. теңге; 2004 жылға - 140 млн. теңге; 2005 жылға - 140 млн. теңге. Жыл сайынғы көлем тиiстi бюджеттік бағдарлама бойынша республикалық бюджетте көзделетiн көлемге сәйкес нақтыланады."; үшiншi абзацтағы "Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң" деген сөздер "Индустрия және сауда министрлігінiң" деген сөздермен ауыстырылсын; "Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiм осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 3. ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. "Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургия кешенiнiң 1999-2003 жылдары тұрақты қызметi мен стратегиялық басымдықтарының дамуын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасының негiзгi тапсырмалары мен көрсеткiштерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 8 қаңтардағы № 15 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 1, 5-құжат): 2-тармақта: "Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы" деген сөздер "Білім және ғылым министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; "Энергетика" деген сөз алынып тасталсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургия кешенiнiң 1999-2003 жылдары тұрақты жұмыс icтeуі мен стратегиялық басымдықтарының дамуын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" республикалық нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламасының негізгі тапсырмалары мен көрсеткiштерiнде": 1 "Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургия кешенiнiң жер қойнауын пайдалану процестерiн стратегиялық басқаруды ұйымдастыруды ғылыми-әдістемелiк және нормативтiк қамтамасыз ету", 2 "Түстi және қара металлургияның бәсекеге қабiлетi бар өнiм шығаруды қамтамасыз ететiн руда және техногендiк шикiзатты кешендi пайдалану үшiн ресурс және энергия үнемдейтiн экологиялық жағынан таза технологиялар мен жабдықтар жасау және оларды iске асыру", 3 "Экология және табиғи ресурстар 2030" мемлекеттік стратегиясын дамыту үшiн тау-кен-металлургия кешенiнiң жұмыс iстеуiнiң экологиялық қауiпсiздiгiн арттыру" деген кiшi бағдарламалар мынадай мазмұндағы 4 және 5 бағандармен толықтырылсын:
5. ҚР Үкіметінің 2006.16.06. № 557 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 мамырдағы № 462 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қыркүйектегі № 1347 қаулысымен бекітілген 7. Қазақстан Республикасының машина жасау кешенін дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |