|
|
|
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілерiне стандарттау және 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. "Стандарттау туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 20, 724-құжат): 1) Заңның бүкiл мәтiнi бойынша "уәкiлеттi мемлекеттік орган", "уәкiлеттi мемлекеттік органның", "уәкiлеттi мемлекеттік органды", "уәкiлеттi мемлекеттік органға" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi органды", "уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақша "құжат" деген сөздiң алдынан "стандарттау жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "4) стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау - стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң мiндеттi талаптардың бұзылу фактілерiн анықтауға, олардың жолын кесуге, оларды жоюға бағытталған қызметi;"; 5) тармақша алып тасталсын; 6) тармақшадағы "стандарттау саласындағы" деген сөздерден кейiн ", оның iшiнде өнiмдi каталогтау саласындағы" деген сөздермен толықтырылсын; 7) тармақшадағы "мiндеттi және (немесе) ұсынылатын талаптардан тұратын және" деген сөздер алып тасталсын; 10) тармақшадағы "мiндеттi және (немесе) ұсынылатын талаптардан тұратын және" деген сөздер алып тасталсын; 15) тармақшадағы "уәкiлеттi мемлекеттік басқару органы бекiткен", "және тұтынушылардың қалың көпшiлiгiнiң қолы жетiмдi" деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 18-1) және 23-1) тармақшалармен толықтырылсын: "18-1) салалық стандарт - салалық маңызы бар өнiмдерге, процестер (жұмыстар) мен қызмет көрсетулерге қойылатын талаптары бар стандарт;"; "23-1) өнiмдi каталогтау жүйесi өндiрiлетiн өнiмнiң сипаттамалары мен дайындаушылары туралы белгiленген тәртiппен ақпарат жинауды және берудi қамтамасыз ететiн ұйымдастырушылық-техникалық жүйе;"; 25) тармақшадағы "стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiнде танылған орган бекiткен" деген сөздер алып тасталсын; 27) тармақша "нормативтiк құжат" деген сөздердiң алдынан "стандарттау жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 29-1) және 31) тармақшалармен толықтырылсын: "29-1) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi орган - стандарттау, метрология, сертификаттау және тiркеу жөніндегі жұмыстарды басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;"; "31) стандарттау жөніндегі сарапшы-аудитор - стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен стандарттау саласында жұмыстар жүргiзу құқығына аттестатталған жеке тұлға."; тақырыбы "мақсаттары" деген сөзден кейiн "мен принциптерi" деген сөздермен толықтырылсын; 9) тармақша "көрсетулердiң" деген сөзден кейiн "қауiпсiздiгi мен" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Стандарттаудың негiзгi принциптерi: 1) келiсу; 2) бүкпесiздiк; 3) ерiктілік; 4) отандық және шетелдiк өндiрушiлер мен өнiм берушiлер үшiн стандарттау саласындағы бiрдей талаптар; 5) экономикалық қисындылық болып табылады."; 1) тармақша "саласында" деген сөзден кейiн "бiрыңғай" деген сөзбен толықтырылсын; 4) тармақша "ұйымдастырады" деген сөзден кейiн "және жүзеге асырады" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын: "10) стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттардың мемлекеттік тiлге және орыс тіліне аударылуын және олардың расталуын қамтамасыз етедi; 11) стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттардың стандарттар, халықаралық және аймақтық нормалар талаптарына сәйкестiгiне сараптаманы жүзеге асыру тәртібін белгiлейдi."; 5) 7-бап "мемлекеттік орган стандарттау" деген сөздерден кейiн "метрология, сертификаттау, сапаны басқару және аккредитациялау" деген сөздермен толықтырылсын; 6) 8-баптың 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: "1) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi органнан, оның аумақтық бөлiмшелерiнен және ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындарынан;"; "3) жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерден, сарапшы-аудиторлардан;"; 1-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын: "9) салалық стандарттар."; 5-тармақта: бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: "5. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 5)-9) тармақшаларында көрсетiлген стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттар, оларға өзгерістер, сондай-ақ олардың күшiн жою туралы шешiмдер бекітілуге және тiркелуге жатады."; екiншi бөлiк алып тасталсын; 8) 10-баптың 4-тармағындағы "уәкiлеттi" деген сөз алып тасталсын; 9) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын: "10-1-бап. Салалық стандарттар 1. Салалық стандарттар салалық маңызы бар өнiмге, процестер (жұмыстар) мен қызмет көрсетулерге әзiрленедi және оларды мемлекеттік басқару органдары өз құзыретi шегiнде бекiтедi. 2. Салалық стандарттардың объектiлерi мен осы стандарттарды әзiрлеу, келiсу, тiркеу жөніндегі жалпы ережелердi стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлейдi. 3. Салалық стандарттардың түрлерiне, олардың объектiлерiне, әзiрлену және келісілу ерекшелiктерiне, бекіту тәртібіне қойылатын талаптарды өз құзыретi шегiнде мемлекеттік басқару органдары белгiлейдi. 4. Салалық стандарттармен белгiленген нормалар және талаптар мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттармен белгiленгеннен төмен болмауға тиiс."; 10) 13-баптың 2-тармағы "бекiтедi" деген сөзден кейiн "және тiркейдi" деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақтың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: "Халықаралық стандарттау жүйесi ережелерiне сәйкес, техникалық регламенттерге осы Заңға сәйкес құзыретiне мiндеттi талаптарды (құрылыс, санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық нормалар мен ережелер, фармакопеялық баптар, өртке қарсы қауiпсiздiк және төтенше жағдайлар, тау-кен қадағалау, атом, экологиялық және радиациялық қауiпсiздiк, жолдардағы және көлiктiң барлық түріндегі қауiпсiздiк нормалары мен ережелерi және басқалар) белгiлеу кiретiн мемлекеттік басқару органдары қабылдайтын стандарттау жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi және нормативтiк құжаттарды, мiндеттi талаптар бөлiгiнде мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттарды жатқызу керек."; 2-тармақтың төртiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасында стандарттау жөніндегі мемлекетаралық нормативтiк құжаттарды қолданысқа енгiзудi стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi орган жүзеге асырады."; 12) 17-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: "3) өнiмдi каталогтау жөніндегі ақпаратты қалыптастыруды, жүргiзу мен берудi ұйымдастырады."; 13) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын: "17-1-бап. Өнiмдi каталогтау жүйесi 1. Өнiмдi каталогтау жүйесi мемлекеттік стандарттау жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады, мемлекеттiң, дайындаушылардың және тұтынушылардың мүдделерi үшiн жасалады. 2. Каталогтауға Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн өнiм жатады."; 14) 18-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiнде "жатқызылған" деген сөз "жатқызылмаған" деген сөзбен ауыстырылсын; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "3) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және қалалардың стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуын және өлшеу құралдарын қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы - стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң басшысы;"; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: "3-1) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және қалалардың стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуын және өлшеу құралдарын қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары - стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi бөлiмдерiнiң басшылары;"; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "4) стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуын және өлшеу құралдарын қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар - стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi бөлiмдерiнiң басшылары, барлық дәрежедегi мамандары."; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "4) стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарына сәйкестiгiн бақылау үшiн сынақ (талдау, өлшеу) өткiзуге өнiмнiң сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеу iсiн жүргiзуге;"; 7) тармақша "сәйкестiк сертификатынсыз" деген сөздерден кейiн "(сәйкестiк сертификатының көшiрмелерiнсiз) және (немесе) сәйкестiк таңбаларынсыз немесе сәйкестiгi туралы декларацияларсыз (сәйкестiгi туралы декларациялар көшiрмелерiнсiз)" деген сөздермен толықтырылсын; 17) 23-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының үшiншi абзацы "сәйкестiк сертификатының" деген сөздерден кейiн "(сәйкестiк сертификатының көшiрмелерi) және (немесе) сәйкестiк таңбалары немесе сәйкестiгi туралы декларациялары (сәйкестiгi туралы декларациялар көшiрмелерi)" деген сөздермен толықтырылсын; 18) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын: "25-бап. Қазақстан Республикасының стандарттау туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының стандарттау туралы заңдарын бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады."; 19) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын: "28-бап. Мемлекеттік стандарттау және мемлекеттік қадағалау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру 1. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен: 1) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiн ұстауға және стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруға арналған шығыстар; 2) стандарттау, метрология және тiркеу саласындағы бағдарламалар; 3) өнiмнiң сынамалары мен үлгiлерiн сатып алу және олардың стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарына сәйкестiгiн сынау (талдау, өлшеу); 4) Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі халықаралық, аймақтық және мемлекетаралық ұйымдарға мүшелiк жарналар енгiзуi мен қатысуы қаржыландырылады. 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген стандарттау жөніндегі жұмыстар шарт негiзiнде орындалады.". 2. "Сертификаттау туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 20, 725-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 15-16, 231 құжат; № 23, 321-құжат): 1) Заңның бүкiл мәтiнi бойынша "уәкiлеттi мемлекеттік орган", "уәкiлеттi мемлекеттік органның" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын; 1), 12) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: "1) тiркеу - стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi органның сертификаттау және тiркеу саласындағы жұмысты жүзеге асыруға ұйымның құқықтылығын ресми тануы;"; "12) сертификаттау жөніндегі нормативтiк құжат (бұдан әрi нормативтiк құжат) - сертификаттау жөніндегі қызметтiң алуан түрлерiне немесе оның нәтижелерiне қатысты нормаларды, ережелердi, сипаттамаларды, принциптердi белгiлейтiн, стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бекiткен құжат; 13) өнiмдi, процестердi, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сертификаттау жөніндегі орган - белгiлi бiр қызмет саласында сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге тiркелген заңды тұлға;"; мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын: "13-1) тiркеу саласында консалтингтiк қызмет көрсету жөніндегі ұйымдар - стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен тiркелген, өнiмдi, процестердi, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сертификаттау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарын) тiркеуге дайындау жөніндегі жұмыстарды жүргiзетiн заңды тұлғалар;"; 16) тармақшада "мемлекеттік сертификаттау жүйесiнiң ережелерi бойынша" деген сөздер "нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын; 17) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын: "17-1) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi орган - стандарттау, метрология, сертификаттау және тiркеу жөніндегі жұмыстарды басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;"; 3) 4-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Өнiмдi, процестердi, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сертификаттау жөніндегі тiркелген органдар мен сынақ лабораториялары (орталықтар) тiркеу саласында консалтингтiк қызметтер көрсетуге құқылы емес."; екiншi абзацта "мемлекеттік" деген сөз "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы бесiншi және алтыншы абзацтармен толықтырылсын: "Tipкeу саласында консалтингтiк қызмет көрсету жөніндегі тiркелген ұйымдар; сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар."; 5) 6-бапта: тақырыбындағы "мемлекеттік" деген сөз "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақта: бiрiншi абзацтағы "мемлекеттік" деген сөз "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын; үшiншi абзац "саласында" деген сөзден кейiн "бiрыңғай" деген сөзбен толықтырылсын; бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "мемлекеттік сертификаттау жүйесiнде ұйымдарды сертификаттау, сертификаттау сынақтары, тiркеу саласында консалтингтiк қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргiзу құқығына тiркеу;"; жетiншi абзац "ұйымдастыру" деген сөзден кейiн "және жүзеге асыру" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын: "зертханааралық салыстырма сынақтар (салыстырулар) жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру."; 2-тармақтың бiрiншi абзацындағы "мемлекеттік" деген сөз "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын; 6) 7-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгіндегі "мемлекеттік" деген сөз "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын; 7) 8-баптың 2-тармағындағы "мемлекеттік" деген сөз "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын; тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "14-бап. Нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуын және сертификатталған өнiмнiң сапасын мемлекеттік қадағалау"; 1-тармақта "Сертификаттау ережелерiнiң сақталуына," деген сөздер "Нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуына және" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақ алып тасталсын; бiрiншi абзац "қызмет көрсетулердiң" деген сөздерден кейін "қауiпсiздiгіне және" деген сөздермен толықтырылсын; екiншi және үшiншi абзацтардағы "сапасын" және "сапасына" деген сөздер тиiсiнше "қауiпсiздiгiн және сапасын", "қауiпсiздiгiне және сапасына" деген сөздермен ауыстырылсын; төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "өнiмнiң нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарына сәйкестiгiн бақылау үшiн оның сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеу iсiн жүргiзуге;"; 10) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын: "18-бап. Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру 1. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен: 1) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi органды және оның мемлекеттік қадағалау жөніндегі аумақтық бөлiмшелерiн ұстауға арналған шығыстар; 2) сертификаттау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарын) тiркеу жөніндегі жұмыстарды, сондай-ақ зертханааралық салыстырма сынақтар (салыстырулар) жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға арналған шығыстар; 3) сапа және сертификаттау саласындағы бағдарламалар; 4) Қазақстан Республикасының тiркеу және сапаны басқару жөніндегі халықаралық ұйымдарға мүшелiк жарналар енгiзуi мен қатысуы қаржыландырылады. 2. Осы Заңмен көзделген және осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген мемлекеттік сертификаттау жүйесіндегі жұмыстар шарт негiзiнде орындалады."; 11) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын: "19-бап. Қазақстан Республикасының сертификаттау туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының сертификаттау туралы заңдарын бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.". 2-бап. Осы Заң, 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 1-тармағының 19) тармақшасын және 2-тармағының 10) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |