Жанар-жағар май материалдары мен қатты отынды мемлекеттік сатып алу
жөніндегі бiрыңғай конкурсты ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі № 646 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 29.01.04 ж. № 100 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2004 ж. 11 наурыздағы № 307 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттiгi республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi үшін қатты отынды және жанар-жағар май материалдарын сатып алу жөніндегі конкурсты бiрыңғай ұйымдастырушы болып белгiленсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 3 шiлдедегi
№ 646 қаулысына
қосымша
ҚР Үкіметінің 29.01.04 ж. № 100 қаулысымен тізбе өзгертілді
Бiрыңғай конкурс өткізу жөнiнде жанар-жағар май материалдары мен қатты
отынды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын республикалық бюджеттік
бағдарламалар әкiмшілерiнiң тiзбесi
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi |
2. Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесi |
3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты |
4. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы |
5. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы |
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсiздiк комитетi |
7. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi |
8. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы |
9. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi |
10. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі |
11. Қазақстан Республикасының Iшкі iстер министрлігі |
12. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі |
13. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
14. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі |
15. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі |
16. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі |
17. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
18. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
19. Қазақстан Республикасының Көлiк және телекоммуникациялар министрлігі |
20. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі |
21. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
22. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
23. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
24. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі |
25. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi |
26. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы |
27. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтe жөніндегі агенттiгi |
28. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгi |
29. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi |
30. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiгi |
31. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгi |
32. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгi |
33. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi |
34. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi |
35. Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттiгi (қаржы полициясы) |
36. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi |
37. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң ШБ |