|
|
|
Археология және тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қалпына келтiру
ҚР Үкіметінің 2007.14.06. № 495 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Археология және тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қалпына келтiру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын біліктiлiк талаптары бекітілсiн. 2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиялардың) тiзбесi: мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 42-жолмен толықтырылсын: "42. Қазақстан Республикасы археология және Мәдениет, ақпарат және тарих пен мәдениет қоғамдық келісім ескерткiштерiн қалпына келтiру министрлігінiң Мәдениет жұмыстарын жүзеге асыру кoмитeтi жөніндегі қызмет 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2003 жылғы 7 шiлдедегi № 662 қаулысымен бекітілген Археология және тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қалпына келтiру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын біліктiлiк талаптары Бiлiктiлiк талаптары лицензия алуға үмiткер заңды тұлғаларға қолданылады және: 1) тарих пен мәдениет ескерткiштерiне қатысты археологиялық жұмыстар жүргiзуге құқық беретiн Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы далалық комитетінің ұсынымы; 2) ғылыми-өндiрiстiк (жөндеу-қалпына келтiру) базасы, мамандандырылған ғылыми-зерттеу зертханасын, жабдықтар; 3) мамандығы бойынша бір жылдан кем емес практикалық жұмыс тәжiрибесi бар ғылыми жетекшiлердiң біліктi құрамын (археология, тарих, сәулет); 4) тарих пен мәдениет ескерткiштерiне қатысты археологиялық және қалпына келтiру жұмыстары бойынша жобалары; 5) жабдықтарды, құрылғылар мен жарақтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн қызметтердiң болуын қамтиды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |