|
|
|
Қазақстан Республикасы көлік-коммуникация кешенінің мәселелері Қазақстан ҚР Үкіметінің 24.11.04 ж. № 1232 қаулысымен күші жойылды "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Темір жол көлігі комитеті құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған Темір жол көлігі комитеті туралы ереже бекітілсін. ҚР Үкіметінiң 21.11.03 ж. № 1165 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1334 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 45, 413-414-құжаттар): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті туралы ережеде: 10-тармақтың 2) тармақшасында: "әуе" деген сөзден кейін "және темір жол" деген сөздермен толықтырылсын: "қатынас жолдарын" деген сөздер алынып тасталсын; 11-тармақтың 1) тармақшасындағы "әуе" деген сөзден кейін "және темір жол" деген сөздермен толықтырылсын; 12-тармақтың 3) тармақшасында: "әуе" деген сөзден кейiн "және темір жол" деген сөздермен толықтырылсын; ", қатынас жолдарын пайдаланудың" деген сөздер алынып тасталсын; 4) тармақшадағы ", жол қатынастарын пайдаланудың" деген сөздер алынып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 20 қарашадағы № 1756 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 51, 506-құжат): 3-тармақ мемлекеттік тiлдегi мәтiнiнде үшiншi абзацтағы "комитетi" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы төртiншi, бесiншi және алтыншы абзацтармен толықтырылсын: "Темір жол көлiгi комитетi; Көлiктiк бақылау комитетi; Аэроғарыш комитетi"; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі туралы ережеде: 1-тармақтың екiншi абзацы "Аэроғарыш комитетi" деген сөздерден кейiн "Темір жол көлiгi комитетi" деген сөздермен толықтырылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2003 жылғы 6 тамыздағы № 786 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгінiң Темір жол көлiгi комитетi туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Темір жол көлiгi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң құзыретi шегiнде темір жол көлiгi саласында мемлекеттік саясатты iске асыруды, темір жол көлiгiнiң қызметiн үйлестiрудi, реттеудi және бақылауды, сондай-ақ оның құзыретiне жатқызылған салада салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады. 2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және ?кіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрi және мемлекеттік тiлде өзiнiң атауы жазылған мөртаңбасы, белгiленген үлгiде бланкiлерi, сондай-ақ банкiлерде заңнамаға сәйкес есеп шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болуға құқығы бар. 4. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар шығарады. 5. Комитеттiң штат саны лимитiн Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi. 6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 49. 7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Темір жол көлiгi комитетi" мемлекеттік мекемесi. 8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтайшы құжаты болып табылады. 9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Комитетке Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға құқық берiлген болса, онда осындай қызметтен түскен кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. 2. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары 10. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi: 1) темір жол көлiгi саласында мемлекеттік саясатты iске асыру; 2) өзiнiң құзыретi шегiнде темір жол көлiгi саласындағы мемлекеттік реттеу, үйлестiру мен бақылау; 3) темір жол көлiгiнiң қызметтер көрсету рыногын қалыптастыруға қатысу; 4) Қазақстан Республикасында, одан тыс жерлерде жүк пен жолаушыларды тасымалдау кезiнде темір жол көлiгiн тиiмдi пайдалануға және магистралдық темір жол желiсiн дамытуға бағытталған iс-шараларды әзiрлеу және iске асыру; 5) темір жол көлiгi саласындағы қатынастарды реттейтiн заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеуге қатысу; 6) темір жол көлiгi саласында бiрыңғай инвестициялық, ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен жүргiзудi және кадрлар даярлауды қамтамасыз ету; 7) өз құзыретiнiң шегiнде темір жол көлiгi туралы заңнаманы орындауды қамтамасыз ету; 8) өз құзыретiнiң шегiнде темір жол тасымалындағы мемлекеттік мұқтаждар қажеттiлiктерiн уақытылы және сапалы қамтамасыз етудi жүзеге асыру болып табылады. ҚР Үкіметінiң 21.11.03 ж. № 1165 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді 11. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) жүк пен жолаушыларды темір жолмен тасымалдаудағы мемлекет экономикасының және халықтың қажеттiлiктерiн қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясат пен стратегияны өз құзiретi шегiнде iске асыру; 2) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша темір жол көлiгi туралы нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және қабылдау; 3) магистралдық темір жол желiсiне еркiн және тең қол жеткізудiң қамтамасыз етiлуiн бақылау; 4) темір жол көлiгiмен жолаушылар тасымалдау бойынша қызметтер көрсетудi сатып алу жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу; 5) темір жол көлiгi саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу; 6) тиiстi мемлекеттік органдармен темір жолдарды және ондағы құрылыстарды салу, пайдалану және күтiп ұстау мәселелерi бойынша үйлестiру және өзара iс-қимыл жасау жөніндегі шараларды жүзеге асыру; 7) темір жол көлiгi объектiлерi мен кәсiпорындарын жекешелендiру жөніндегі мәселелердi шешуге қатысу; 8) жүктелген өкiлеттiктер шегiнде темір жол көлiгi саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiру; 9) өз құзыретiнiң шегiнде темір жол көлiгi саласындағы қызметтi мемлекеттік реттеудi, үйлестiрудi және бақылауды қамтамасыз ету; 10) заңнамамен оған жүктелген өзге де функциялар. 12. Негiзгi мiндеттерiн iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитеттiң: 1) мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан Комитеттiң құзыретiне енетiн мәселелер бойынша қажеттi ақпаратты, материалдарды, анықтамалық деректердi сұрауға; 2) өз құзыретiнiң шегiнде темір жол көлiгi саласындағы қызметтi реттеу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар кесiмдер шығаруға; 3) темір жол көлiгi саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеуге; 4) темір жол көлiгiнде тасымалдау және басқа да функцияларды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың темір жол көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртібін белгiлейтiн заңнамалық ережелердi олардың сақтауы бөлiгіндегі қызметтi тексеруге; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi бар. 14. Комитетке бекітілiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 15. Комитеттiң өзiне бекітілiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе басқа тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Комитетке заңнамада белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке иелiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру 16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Комитет төрағасының екi орынбасары болады. 17. Комитет төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуы үшiн жеке жауап бередi. 1) өз орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi; 2) заңнамаға сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитет қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады және көтермелейдi; 4) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтедi; 5) Комитеттi мемлекеттік органдарда, халықаралық және өзге де ұйымдарда бiлдiредi; 6) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды; 7) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату 19. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |