|
|
|
Жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1034 Қаулысымен күші жойылды
«Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығын қараңыз
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу ережесi бекітілсiн. 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) «Мемлекет меншiгіндегі жер учаскелерiн немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алу-сату тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 10 желтоқсандағы № 1511 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 51, 491-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 20 маусымдағы № 760 және 1996 жылғы 10 желтоқсандағы № 1511 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 3 қарашадағы № 1487 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы 1997 ж., № 48, 447-құжат). 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы № 1140 қаулысымен бекітілген Жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже мемлекет меншiгіндегі және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуге және ұйымдастыруға байланысты қатынастарды реттейдi. 2. Осы Ережелерде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) аукцион - сауда-саттыққа қатысушылардың арасындағы ашық бәсекелестiктi қамтамасыз ететiн жеке және заңды тұлғаларға жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сатуға бағытталған сауда-саттықты өткізу тәсiлi; 2) аукционшы - аукцион өткiзетiн тұлға; 3) сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi - бастапқы баға алдын ала хабарланған қадаммен неғұрлым жоғары баға ұсынған бiр қатысушы қалған сәтке дейiн көтерiлетiн сауда-саттық әдiсi; 4) екiншi сатып алушы - мөлшерi жағынан екiншi бағаны атаған қатысушы; 5) сауда-саттықтың голландтық әдiсi - бастапқы баға хабарланған қадаммен қатысушылардың бiрi хабарланған баға бойынша объектiнi сатып алуға келiскен сәтке дейiн төмендейтiн сауда-саттық әдiсi; 6) конкурс - сатып алынатын жер учаскесiн пайдаланудың неғұрлым қолайлы жағдайларын ұсынған жеке және заңды тұлғаларға жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын бес жылға дейiн бөлiп төлеп сатуға бағытталған сауда-саттықты өткізу тәсiлi; ҚР Үкіметінің 2006.06.06 № 511 қаулысымен 7 ) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 7) ең төменгi баға - жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын бұдан төмен бағаға сатуға болмайтын баға; Мемлекет сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатқан кезде жер учаскесiнiң немесе жер учаскесiн жалдау құқығының ең төменгi бағасы Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген олардың құзыреті шегінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы белгілеген кадастрлық (бағалау) құнынан төмен болуы мүмкiн емес; 8) бастапқы баға - әрбiр жер учаскесi немесе жер учаскесiн жалдау құқығы бойынша сауда-саттық басталатын баға; 9) ұйымдастырушы - меншiк иесi немесе ол мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес ол белгiлеген, жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты дайындауды және өткізудi жүзеге асыратын ұйым; 10) сатып алушы - сауда-саттықта жеңiп шыққан және сатушымен сатып алу-сату шартын жасасқан тұлға; ҚР Үкіметінің 2006.06.06 № 511 қаулысымен 11 ) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 11) сатушы -Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген олардың құзыреті шегінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы; 12) сауда-саттық - жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сатудың аукциондық, конкурстық нысаны; 13) қатысушы - сауда-саттыққа қатысу үшiн белгіленген тәртiппен тiркелген жеке немесе заңды тұлға. ҚР Үкіметінің 2008.18.03 № 262 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Сатушы жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сатуды қолданыстағы заңнамада және осы Ережеде белгiленген тәртiппен жүзеге асырады. 4. Сатушының айрықша функциялары мыналар болып табылады: 1) жергiлiктi өкiлдi орган бекiткен тiзбеге сәйкес нақты жер учаскелерiн және жер учаскесiн жалдау құқығын анықтау; 2) сауда-саттық (аукцион, конкурс) өткізу нысандарын, сондай-ақ аукциондық сату нысаны кезiнде сауда-саттықты өткізу әдiсiн анықтау; 3) сауда-саттыққа шығарылатын жер учаскесiнiң немесе жер учаскесiн жалдау құқығының бастапқы және ең төменгi бағасын, кепiлдiк жарналардың мөлшерiн бекіту; 4) ұйымдастырушымен сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге шарт жасасу; 5) ҚР Үкіметінің 2006.06.06 № 511 қаулысымен алып тасталды(бұр. ред. қара) 6) сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу барысына бақылауды жүзеге асыру; 7) қатысушылармен, сатып алушылармен және ұйымдастырушымен есеп айырысуды жүзеге асыру. Сатушы жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты өз бетiмен ұйымдастырады және өткiзедi не ұйымдастырушымен оларды ұйымдастыруға және өткізуге арналған шарт жасасады. 5. Жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге арналған шарт сатушы мен ұйымдастырушы арасында жасалады және: 1) сауда-саттыққа қойылатын объектiлердiң тiзiмiн; 2) сауда-саттықты өткізудiң шектi мерзiмiн; 3) әрбiр объектiнi сату кезiнде сауда-саттықты өткізу әдiсiн; 4) ұйымдастырушыға берiлетiн әрбiр объект бойынша құжаттардың тiзбесiн; 5) сауда-саттыққа дайындық және оны өткізу барысы туралы ұйымдастырушы есептiлiгiнiң кезеңділiгi мен нысанын; 6) тараптардың өзара мiндеттерi және мүлiктiк жауапкершiлігiн; 7) ұйымдастырушының сыйақы алу мөлшерi мен шартын және сатушымен өзара есеп айырысу тәртібін; 8) шарттың қолданылу мерзiмiн және оны бұзу шарттарын; 9) тараптардың шартты орындамағаны немесе тиесілі орындамағаны үшiн айыппұл санкцияларын қамтуы тиiс. 6. Ұйымдастырушы сыйақысының мөлшерi әрбiр сатылған объектiнiң сату бағасының 5 пайызынан аспайды және сатушы қаражатының есебiнен төленедi. 7. Сатушы жеке меншiкке сатылатын немесе жер учаскесiн жалдау құқығы сатылатын жер учаскесi бойынша қажеттi құжаттаманы сауда-саттықты ұйымдастырушыға ұсынады. 8. Осы Ереженiң 28, 29, 49-тармақтарында белгiленген тәртiппен тiркеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтарына және мемлекеттік емес заңды тұлғаларына сауда-саттыққа қатысуға жол берiледi. Шетелдiк азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдiк заңды тұлғалар, егер сауда-саттыққа шығарылатын жер учаскесi немесе жер учаскесiн жалдау құқығы жер заңнамасына сәйкес көрсетiлген тұлғалардың жеке меншiк құқығында немесе жалдау құқығында бола алатын болса, сауда-саттыққа қатыса алады. 1) мемлекеттік заңды тұлғалар; 2) сауда-саттықты ұйымдастырушы; 3) аукционшы; 4) алдыңғы сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жеңiп шыққан, бiрақ жасалған шарттың ережелерiне сәйкес сатып алынған жер учаскесi (жер учаскесiн жалдау құқығы) үшiн есеп айырыспаған тұлғалар конкурсқа, аукционға қатысушылар бола алмайды. 10. Егер объект бiрiншi аукционда, конкурста сатылмаса, ол екiншi және келесi сауда-саттықтарға шығарылады. 11. Сауда-саттықты ұйымдастырушы әрбiр жер учаскесi немесе жер учаскесiн жалдау құқығы бойынша сауда-саттық (аукцион, конкурс) басталар алдында сауда-саттыққа қатысушылардың санын есепке алады. 12. Егер осы жер учаскесi немесе жер учаскесiн жалдау құқығы бойынша сауда-саттыққа қатысушылардың саны екіден кем болса, осы жер учаскесi немесе жер учаскесiн жалдау құқығы бiр ғана қатысушыға сатылуы мүмкiн үшiншi және келесi сауда-саттықтарды қоспағанда, сауда-саттық өтпедi деп жарияланады. 13. Сауда-саттық (аукциондар, конкурстар) өткізудiң белгіленген тәртібі бұзылған жағдайда олардың нәтижелерi жарамсыз деп танылуы мүмкiн. 14. Жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықтардың (конкурстардың, аукциондардың) нәтижелерiн жарамсыз деп тану туралы даулар сот тәртібімен қаралады. ҚР Үкіметінің 2008.18.03 № 262 қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 15. Жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сатып алушы мен сатушы арасындағы сауда-саттықтың нәтижелерi бойынша қосымшаға сәйкес сатып-алу-сату шарты жасалады. Тiркелген сатып алу-сату шарты жер учаскесiне (жер учаскесiн жалдау құқығына) сәйкестендіретін құжатты сатып алушыға беру үшiн негiз болып табылады. 2. Сауда-саттықтың аукциондық нысаны және аукцион өткізуге дайындық 16. Аукционды өткізуге дайындық мынадай тәртiппен жүзеге асырылады: 1) жергiлiктi өкiлдi орган бекiткен тiзбеге сәйкес аукционға шығарылатын жер учаскелерiнiң және жер учаскесiн жалдау құқығының тiзiмi анықталады; 2) әрбiр жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату әдiсi анықталады; 3) әрбiр жер учаскесiнiң немесе жер учаскесiн жалдау құқығының бастапқы және ең төменгi бағасы анықталады; 4) кепiлдiк жарнаның мөлшерi және оны енгізу тәртібі анықталады; 5) аукцион өткiзiлетiн күн белгiленедi; 6) аукцион өткізу туралы хабарлама жарияланады. 17. Жер учаскесiнiң немесе жер учаскесiн жалдау құқығының бастапқы бағасы жер заңнамасына сәйкес белгiленген жер учаскесiн (жер учаскесiн жалдау құқығының) бағалау құнынан төмен болмауға тиiс. 18. Ең төменгi баға сауда-саттық әдiстерiне қарай анықталады: 1) сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi кезiнде бастапқы баға ең төменгi бағаға тең болады; 2) сауда-саттықтың голландтық әдiсi кезiнде бастапқы баға ең төменгiден кемiнде жүз рет асып түсуi тиiс. 19. Ең төменгi бағаны белгiлеген кезде оның өлшемi аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетiледi. 20. Аукционға қатысуға арналған кепiлдiк жарна аукционға шығарылатын барлық объектiлер үшiн бiрдей мөлшерде белгiленедi және мынадай әдiстемелердiң бiрi бойынша есептеледi: 1) әрбiр объект бойынша объектiнiң бастапқы бағасының 5 пайызы анықталады; 2) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес алынған нәтижелерден орташа арифметикалық өлшем анықталады; 3) сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi бойынша аукционға шығарылған объектiлердiң iшiнен объектiнiң ең аз бастапқы бағасы анықталады; 4) сауда-саттықтың голландтық әдiсi бойынша, аукционға шығарылған әрбiр объектiнiң бастапқы бағасының 30 пайызына тең өлшемнiң ең азы анықталады; 5) кепілдiк жарнаның мөлшерi осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында алынған нәтижелердiң өлшемiнен ең азына тең қабылданады. 21. Қатысушылар кепiлдiк жарналардың кез келген санын енгізуге құқылы, бұл ретте бiр кепiлдiк жарна бiр жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сатып алуға құқық бередi. 22. Аукционда жеңiп шыққан жағдайда кепiлдiк жарна қатысушының мынадай мiндеттемелерiн қамтамасыз ететiн болып табылады: 1) аукционның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қою; 2) аукционның нәтижелерi туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сату шартын жасасу; 3) сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелердi орындау. 23. Кепiлдiк жарна аукцион өткізу туралы хабарламада белгiленген нысанда әрi тәртiппен және заңнамаға сәйкес енгiзiледi. Кепiлдiк жарнаның мөлшерi хабарлама жарияланғаннан кейiн өзгертiлуi мүмкiн емес. Кепiлдiк жарнаны қатысушының атынан кез келген басқа жеке немесе заңды тұлға енгізуi мүмкiн. 24. Аукционды жеңiп шыққан және сатып алу-сату шартын жасасқан тұлғаның кепiлдiк жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесiлi төлемдердiң есебiне жатады. Егер жер учаскесiнiң немесе жер учаскесiн жалдау құқығының құны кепілдiк жарнаның сомасынан кем болған жағдайда, олардың арасындағы айырманы сатушы сатып алушыға аукцион өткiзiлген күннен бастап бес банктiк күннен кешiктiрмей қайтарады. Егер сауда-саттыққа қатысушы енгiзген кепiлдiк жарналардың саны сауда-саттықта сатып алынған объектiлердiң санынан асса, пайдаланылмаған кепiлдiк жарналар қатысушыға аукцион өткiзiлген күннен бастап бес банктiк күннен кешiктірмей қайтарылады. 25. Сатушы кепiлдiк жарнаны мынадай жағдайларда: 1) аукцион өткізуге дейiн үш күннен аз уақыт қалғанда оған қатысудан бас тартса; ҚР Үкіметінің 2008.18.03 № 262 қаулысымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) осы Ереженің 22-тармағында көзделген міндеттемелерді орындаудан бас тартқанда; 2) осы Ережеде және Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға қатысушы сәйкес болмаса қайтармайды. Басқа жағдайлардың бәрiнде кепілдiк жарналар аукцион өткiзiлген күннен бастап бес банктiк күннен аспайтын мерзiмде, ал егер ақша сатушының шотына аукционнан кейiн түссе, онда олар түскен күннен бастап бес банктiк күн iшiнде қайтарылады. 26. Сатушыдан алынған деректердiң негiзiнде сауда саттықты ұйымдастырушы сатуға ұсынылған жер учаскесi туралы ақпараттық хабарлама жасайды және оны аукцион өткізудiң жарияланған күнiне дейiн 15 күннен кешiктiрмей мерзiмдi баспасөз басылымында жариялайды. Ақпараттық хабарлама: 1) аукцион өткiзілетiн күндi, уақытты, орынды және оның шарттарын; 2) учаскенiң мекен-жайы мен орналасқан жерiн, оның алаңын және жер учаскесiн сату шарттарын; 3) иелiктен алынатын құқықтың (меншiк құқығының немесе жер учаскесiн жалдау құқығының) түрiн; 4) жер учаскесiне түсетiн барлық қиындықтар (шектеулер) тiзбесiн; 5) жер салығының немесе жалдау ақысының мөлшерiн; 6) сауда-саттыққа қатысуға арналған өтiнiмге қоса берiлетiн сатып алушы ұсынатын құжаттардың тiзбесiн; 7) өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмiн; 8) төлемнiң бастапқы бағасын, нысаны мен шарттарын; 9) кепiлдiк жарна сомасын және оны енгізу тәртібін, сондай-ақ сатушының депозиттiк шотын; 10) өтiнiм қабылданатын орынды, мерзiмдi және нысанын қамтуға тиiс. 27. Аукционға қатысушыларды тiркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргiзiледi және аукцион басталғанға дейiн бiр сағат бұрын аяқталады. 28. Аукционға қатысушы ретiнде тiркелу үшiн: 1) аукционға қатысуға арналған өтiнiмдi; 2) жеке басын куәландыратын құжатты; 3) кепiлдiк жарна енгiзiлгенiн растайтын төлем құжатының көшiрмесiн; 4) өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжатты ұсыну қажет. 29. Заңды тұлғалар жарғының және заңды тұлғаны тiркеу туралы куәлiктiң нотариалды расталған көшiрмелерiн қосымша ұсынады. 30. Сатушы мен ұйымдастырушының: 1) қатысушыдан аукционға шығарылғандардың iшiнен сол немесе өзге объектiнi сатып алу ниетi туралы ақпаратты талап етуге; 2) сауда-саттыққа дайындықтың және оны өткізудiң барлық кезеңi iшiнде сауда-саттыққа қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жариялауға; 3) осы Ереженің 28, 29-тармағында санамаланғандардан басқа, қатысушы ретiнде тiркеу үшiн қосымша құжаттар берудi талап етуге құқығы жоқ. 31. Тiркеуден өткен тұлға аукцион күнi аукциондық нөмiрге алмастырылатын қатысушы билетiн алады. Бұл ретте ұйымдастырушының берiлетiн нөмiрлердi белгiлi бiр объектiлерге бекітіп тiркеуге құқығы жоқ. Сауда-саттық процесiнде аукциондық нөмiрдi басқа тұлғаның пайдалануына тыйым салынады. 32. Аукционды аукционшы өткiзедi. Аукцион оны өткізу ережесін хабарлаудан басталады. Қатысушылар мен қатысып отырған тұлғалар өткізу ережелерiн бұзған жағдайда аукционшы оларды аукцион өткізу орнынан шығарып жiберуi мүмкiн. Жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сауда-саттыққа шығарудың кезектiлiгi туралы шешiмдi аукционшы қабылдайды. 33. Әрбiр жер учаскесi немесе жер учаскесiн жалдау құқығы бойынша аукцион аукционшының оның атауын, қысқаша сипаттамасын, сауданың өткiзiлу әдiсiн, бастапқы баға мен бағалардың өзгеру қадамын хабарлауынан басталады. Аукционшы сауда-саттық процесiнде қадамдарды бұл туралы хабарлай отырып өзгертуге құқылы. Өзгерту қадамы объектiнiң осы бағаларының 5-тен 10 пайызына дейiнгi шектерде жүргiзiледi. Сауда-саттық төменде баяндалған екi әдiстiң бiреуi бойынша өткiзiледi. 34. Ағылшындық сауда-саттық әдiсi. Аукционшы объектiнiң бастапқы бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттыққа қатысушылар нөмiрдi көтерiп бастапқы бағаны өсiредi, бiрақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Қолайлы болуы үшiн аукционшы объект бағасын осы қадамның жартысынан аспайтын өлшемге дейiн дөңгелектей алады. Аукционшы объект бойынша сауда-саттыққа қатысушы аукциондық нөмiрлердi хабарлайды, бағаны бекiтедi және оны өсiрудi ұсынады. Объект бойынша сауда-саттық ұсынылған ең жоғары бағаға дейiн жүредi. Аукционшы объект үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды. Аукционшы объектiнiң соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерiлген нөмiрлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектiнiң сатылғаны туралы хабарлайды. Объект бойынша сауда-саттық, егер объект бойынша сауда-саттыққа қатысушылар саны екiден кем болмаған жағдайда ғана өттi деп саналады. Сауда-саттықта жеңiп шыққан тұлға анықталғаннан кейiн сатушы сауда-саттық өткізу рәсiмдерi мен сауда-саттықта жеңiп шыққан тұлғамен сатып алу-сату шартын жасасу жөніндегі, сондай-ақ оның ережелерiн орындау жөніндегі тиiстi мiндеттердi орындамаған жағдайда сатушы сауда-саттықта осы объект үшiн өлшемiне қарай екiншi баға берген қатысушыға (екiншi сатып алушы) объектiнi сатып алу құқығын бередi. 35. Голландтық сауда-саттық әдiсi. Аукционшы бастапқы бағасын хабарлайды және оны жаңа бағаны хабарлай отырып мәлiмделген қадаммен төмендетедi. Аукционшы баға хабарланған кезде аукциондық нөмiрдi бiрiншi көтерген қатысушының нөмiрiн атайды және балға соғу арқылы оны осы объект бойынша сауда-саттықты жеңiп шыққан тұлға деп жариялайды. Егер екi немесе одан көп нөмiр бiр мезгiлде көтерiлген жағдайда нөмiрдi бiрiншi көтерген тұлға туралы шешiмдi аукционшы қабылдайды және қатысушылардың оған дау айтуға құқығы жоқ. Ерекше жағдайларда аукционшы жеребе тастау рәсiмiне жүгiнуге құқылы. Егер бастапқы баға хабарланған сәтте ұсынылған бағаға келiсетiн екi және одан да көп қатысушы болған жағдайда, аукционшы сауда-саттықты жеңiп шыққан тұлға анықталған сәтке дейiн бағаны тіркелген қадам өлшемiне көтере бастайды. Егер аукционшы объектiнiң ең төмен бағасын хабарлаған кезде қатысушылардың бiрде-бipeуi аталған объектiнi сатып алуға тiлек білдірмесе, онда объект сауда-саттықтан алынады. 36. Бiр аукционда сауда-саттықтың екi әдiсiн өткізуге рұқсат етiледi. Бұл ретте бiрiншi кезекте сауда-саттық голландтық әдiс бойынша өткiзiледi. 37. Әрбiр сатылған объект бойынша сауда-саттық нәтижелерi сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамамен ресiмделедi. Хаттамаға қол қою үшiн аукционшы сауда-саттықта жеңiп шыққан тұлғаны, екiншi сатып алушыны шақырады (ағылшындық сауда-саттық әдiсi кезiнде). Хаттама сатушы, сатып алушы және ұйымдастырушы үшiн бiр-бiр данадан үш дана етiп жасалады. Ұйымдастырушы сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттаманың бiр данасын сатушыға бередi. 38. Сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттама сауда-саттық нәтижелерiн анықтайтын құжат болып табылады. Хаттаманың негiзiнде сауда-саттықта жеңiп шыққан тұлға мен сатушы сауда-саттық барысында белгiленген баға бойынша объектiнi сатып алу-сату шартын жасасады. 39. Аукцион аяқталғаннан кейiн 10 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей сауда-саттықтың нәтижелерi туралы хаттаманың негiзiнде сатып алушы мен сатушы сатып алу-сату шартына қол қояды. 40. Егер объект бiрiншi аукционда сатылмаса, ол екiншi және келесi аукциондарға ең үлкен аралықта, арасына 30 күн салып шығарылады. Егер жер учаскесi немесе жер учаскесiн жалдау құқығы белгiленген тәртiппен сатуға берiлгеннен кейiнгi алты ай iшiнде сатылмаса, сатушы оны одан әрi пайдалану жөнiнде шешiм қабылдайды. 41. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушы арасында жүргiзiледi, бұл ретте сатып алушы есеп айырысуды мынадай тәртiппен жүргiзедi: 1) аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап бес банктiк күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде аукцион барысында белгiленген бағаның 50% мөлшерiнде енгiзiледi. Кепiлдiк жарна тиiстi аванстық төлем есебiне алынады; 2) қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 30 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей енгiзiлуге тиiс. 4. Сауда-саттықтың конкурстық нысаны, конкурсты өткізуге дайындық
ҚР Үкіметінің 2006.06.06 № 511 қаулысымен 42 тарамақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 42. Конкурсты дайындау және өткізу үшiн облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы конкурстық комиссия құрады, оның құрамына облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының , облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі , сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкілетті органдардың, басқа да мүдделi ведомстволардың өкiлдерi кiредi. Комиссия құрамын жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi. Комиссия мүшелерiнiң саны бес адамнан кем болмауға тиiс. 43. Комиссия жер учаскесiнiң немесе жер учаскесiн жалдау құқығының бастапқы бағасын, төлеу тәртібін, нысанын және мерзiмiн, конкурс қорытындыларын шығару күнiн белгiлейдi, конкурс өткiзедi және жеңiмпазды жариялайды. 44. Конкурсты өткізудi ұйымдастырушы конкурсқа шығарылатын жер учаскесiне немесе жер учаскесiн жалдау құқығына конкурстық құжаттама бумасын дайындайды, ол жергiлiктi атқарушы орган бекiтетiн үлгi құжаттама негiзiнде жасалады және онда: 1) конкурс өткізу шарттары мен тәртібі туралы ақпарат; 2) сатып алу-сату шартының үлгi жобасы; 3) жер учаскесiн беру шарттары, оның нысаналы мақсаты мен бастапқы бағасы; 4) жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеу үшiн қажеттi мүдделi органдармен келісілген сәулет-жобалау тапсырмасы; 5) инженерлiк коммуникацияларға қосылуға арналған мүдделi ұйымдармен келісілген алдын ала техникалық шарттар болады. 45. Конкурстық құжаттама бумасын жасау үшiн қажеттi материалдар мен мәлiметтердi дайындау үшiн ұйымдастырушы өз қаражаты есебiнен тиiстi ұйымдардың мамандарын тартуға құқылы. 46. Конкурсты ұйымдастырушы қатысушыларға комиссия бекiткен конкурс құжаттамасының бумасын бередi. 47. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы ұсынғаны үшiн конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн жасауға жұмсалған iс жүзіндегі шығындардан аспайтын ақы алуға құқылы. 48. Ақпараттық хабарлама конкурс қорытындылары шығарылған күн жарияланғанға дейiн 30 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей жарияланады. Ақпараттық хабарлама мынадай мәлiметтердi қамтуға тиiс: 1) конкурсқа қатысуды ресiмдеу тәртібі; 2) жер учаскесi орналасқан орын, алаңы, нысаналы мақсаты; 3) бастапқы баға; 4) Конкурс қорытындыларын шығару жөніндегі комиссияның отырысын өткiзетiн күнi, уақыты және орны; 5) конкурсқа қатысуға өтiнiм берудiң соңғы мерзiмi; 6) өтiнiштiң нысаны; 7) жер учаскесiнiң бағасы және оны пайдалану жөніндегі ұсыныстарды беру мерзiмi. 49. Конкурсқа қатысушы ретiнде тiркелу үшiн: 1) конкурсқа қатысуға өтiнiмдi; 2) жеке басты куәландыратын құжатты; 3) өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжатты тапсыру қажет. Заңды тұлғалар жарғының және заңды тұлғаны тiркеу туралы куәлiктiң нотариалды расталған көшiрмесiн қосымша ұсынады. 5. Конкурсқа қатысу шарттары 50. Конкурсқа қатысуға ақпараттық хабарламада белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей конкурсқа қатысуға өтiнiм ресiмдеген және осы Ереженiң 49-тармағында көзделген мiндеттi құжаттардың тiзбесiн ұсынған жеке және заңды тұлғалар жiберiледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |