Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн құқықтық жағдайларды жетiлдiру мақсатында қаулы етемін: 1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Шетелдiк инвесторлар кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 18, 156-құжат; 2000 ж., № 17, 168-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесi туралы ереже қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Президентінің 2003 жылғы 24 қарашадағы № 1234 Жарлығына Қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығымен Бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесi туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1. Шетелдiк инвесторлар кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 2. Кеңес қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды. 3. Кеңестiң қызметiн қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi мен Кеңестiң жұмыс органы жүзеге асырады. 4. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінiң Инвестициялар жөніндегі комитетi Кеңестiң жұмыс органы болып табылады. 5. Кеңестiң алдына қойылған мiндеттердi iске асыру мақсатында оның шешiмдерiмен Кеңестiң бiрлескен жұмыс топтары құрылады. 2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi 6. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|