Кредиттік серіктестіктерді лицензиялау ережесін бекіту туралы Қазақстан ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.09.01. № 20 Қаулысымен күші жойылды
ҚҚА Басқармасының 12.06.04 ж. № 159 қаулысымен қаулының атауы өзгертілді (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кредиттік серіктестіктердің қызметтерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: ҚҚА Басқармасының 12.06.04 ж. № 159 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Кредиттік серіктестіктерді лицензиялау ережесі (осы қаулының 1-қосымшасы) бекітілсін. 2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. 4. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.): 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап жеті күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және кредиттік серіктестіктерге жіберсін. 5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ететін болсын. 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|