|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 16 қарашадағы № 1726 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 710 Қаулысымен ; ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметін жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 22 қаңтардағы № 536 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитетiн таратудың кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 14 сәуiрдегі № 494 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді: 1. «Сот приставтарының нысандық киiмi мен ерекшелiк белгiлерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 16 қарашадағы № 1726 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшiлiгi жөнiндегі комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітiлген Қазақстан Республикасының cот приставтары нысандық киiмiнiң ерекшелiк белгілерiнiң сипаттамасы мен үлгілерiнде: «Сот приставтарының ерекшелiк белгілері деген бөлiмде: төртіншi абзацтағы «шеңбердiң төменгі жағында - ӘДIЛЕТ МИНИСТРЛІГІ деген алтын түстес жазу» деген сөздер алынып тасталсын; 4-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1283 қаулысына қосымша 4-қосымша Сот приставының атаулы жетоны
[Графикалық нысанды қараңыз]
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |