Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың және қолдаудың ҚР Президентінің 2005.01.11. № 1665 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi одан әрi дамыту және мемлекеттік қолдау мақсатында қаулы етемін: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында Шағын кәсiпкерлiктi дамытудың және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Yкіметі бiр ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөніндегі Ic-шаралар жоспарын әзiрлеп, бекiтсiн. 3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі жыл сайын жартыжылдық пен жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы жиынтық, талдау баяндаманы ұсынсын. 4. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі бақылау мен үйлестiру Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсiн. 5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Президентінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1268 Жарлығымен Бекітілген Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Мазмұндама 1. Бағдарламаның паспорты 2. Кiрiспе 3. Шағын кәсiпкерлiктi дамытудың қазiргi уақыттағы жай-күйiн талдау 4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi 5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары мен оны iске асыру тетiгi 6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi 7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже және оның индикаторлары Атауы Қазақстан Республикасында Шағын кәсiпкерлiктi
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|