|
|
|
Мемлекеттік су кадастрын жүргiзу ережесін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1108 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексi 36-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік су кадастрын жүргiзу ережесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары жөніндегі комитетi Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетiмен бiрлесiп бес ай мерзiмде Қазақстан Республикасының мемлекеттік су кадастрын жүргiзу жөніндегі нұсқаулықты әзiрлесiн және бекiтсiн. 3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) «Мемлекеттік су кадастрын жүргiзу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 24 қаңтардағы № 75 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 3, 42-құжат); Орыс тіліндегі мәтінін қараңыз 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер енгізу және күшi жойылған деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 20 тамыздағы № 1031 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 35, 327-құжат). 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1378 қаулысымен бекiтілген
Мемлекеттік су кадастрын жүргiзу ережесi
Жалпы ережелер
1. Осы ереже мемлекеттік су кадастрын (МСК) жүргiзу тәртібін белгілейдi. 2. MCK су объектiлерiнiң жай-күйi, оларды пайдалану мен қорғаудың Қазақстан Республикасының бiртұтас су қорын құрайтын олардың су ресурстары туралы жүйеге келтiрілген, ұдайы толықтырылатын әрi нақтыланатын мәлiметтер жиынтығы болып табылады, сандық пен сапалық көрсеткiштер, су пайдаланушылар бойынша су мониторингiнің деректерiн қамтиды және мынадай үш бөлiмнен тұрады: «Жер бeті сулары», «Жер асты сулары», «Суды пайдалану». Мемлекеттік су кадастрын жүргiзу тәртібі 3. МСК-ны жүргiзудi су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау (жер бетi сулары бойынша) саласындағы орталық атқарушы органмен және жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегі уәкiлеттi органмен (жep асты сулары бойынша) бiрлесiп жүзеге асырады. МСК деректерi өзендер, теңiздер, мұздақтар мен көлдep, су шаруашылығы бассейндерi мен учаскелерi бойынша, облыстар және Қазақстан Республикасы бойынша тұтас, ал жер асты сулары бөлiмi бойынша қосымша гидрогеологиялық өңiрлер мен бассейндер бойынша жүйеге келтiріледi әрi басып шығарылады. жер бетi суларының ресурстары, олардың сапасы мен табиғи жағдайларда және шаруашылық қызметтiң әсерінен өзгеруi туралы мемлекеттік және мемлекетаралық маңызы бар су объектілерi мен олардың учаскелерi, өзендер, теңiздер, мұздақтар мен көлдер бассейндерi бойынша, облыстар және Қазақстан Республикасы бойынша тұтас; жер асты суларының ресурстары мен қорлары, олардың деңгейлерi мен суды iріктеп алу, жер асты суларының гидродинамикалық көрсеткіштерi мен сапасы, олардың табиғи жағдайларда және шаруашылық қызметтің әсерiнен өзгеруi туралы - жер асты суларының учаскелерi мен кен орындары, сулы жиектерi, гидрогеологиялық өңiрлер мен бассейндер, су шаруашылығы учаскелерi мен өзендер бассейндерi бойынша, облыстар және Қазақстан Республикасы бойынша тұтас; су пайдалану туралы - мемлекеттік маңызы бар iшкi теңiздер, өзендер бассейндерi бойынша, су шаруашылығы учаскелерi, экономикалық аудандардың аумақтары, облыстар және Қазақстан Республикасы бойынша тұтас, сондай-ақ су пайдалану түрлерi мен экономика салалары бойынша деректер қорытылады. 5. МСК-ны бөлiмдер бойынша жүргiзу Қазақстан Республикасының МСК автоматтандырылған жалпы ақпараттық жүйесi шеңберiнде автоматтандырылған ақпараттық салалық жүйелер пайдаланылып жүзеге асырылады. 6. МСК жүргiзу жүйесiнің бiртұтастығын (тиiстi бөлiмдер бойынша) қамтамасыз ету және жалпы мемлекеттік су кадастрын жүргiзу жөніндегі жұмыстарды үйлестiру үшiн су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілеттi орган оның құрамына тепе-теңдiк негiзде су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілеттi органның, жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілеттi органның және қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның өкiлдерi енетiн үйлестiру-сарапшылық кеңесiн құрады. 7. МСК-ны бөлімдер бойынша жүргiзу әдiстерiн және деректер құрамын, МСК-ны басып шығарудың нысандары мен мерзiмiн үйлестiру-сарапшылық кеңесiнiң ұсынуы бойынша су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілеттi органмен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен бiрлесiп бекiтетiн нұсқаулықта айқындалады. ақпарат жинау, оны бақылау, өңдеу, сақтау, автоматтандырылған деректер банкiн қалыптастыру әрi ақпаратты iске асыру; мемлекеттік су кадастрының деректер банкiн қалыптастыру әрi жүргiзу жөніндегі әдістерді, алгоритмдердi және машиналық бағдарламаларды әзiрлеу мен жүргiзу; мемлекеттік су кадастрын жетiлдiру мен жүргiзу жөніндегі жұмыстарға басшылық жасау, оларды жоспарлау мен бақылау; мемлекеттік су кадастрын жүргiзу жөніндегі нұсқаулықтар, әдістемелік нұсқамалар мен басқа да нормативтiк-техникалық құжаттар әзiрлеу; су ресурстарын (cу пайдалану) және олардың шаруашылық қызмет әсерiнен өзгеруiн ағымдағы және перспективалық бағалау; мемлекеттік су кадастры басылымдарын баспасөзге шығаруға және жариялауға дайындау; мемлекеттік су кадастрын жүргізудiң ұйымдық құрылымы мен тәртібінiң және автоматтандырылған ақпараттық жүйенiң жалпы қағидаттарын және ғылыми-әдістемелік негiздерiн әзiрлеу; мемлекеттік су кадастрын жетілдiру жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары; ведомствоаралық ақпарат алмасу жүзеге асырылады. 9. МСК басылымдарын баспасөзге шығаруға және жариялауға дайындауды су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi органның, жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органның және қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның қатысуымен жүзеге асырады. 10. Материалдарды сақтау қағазда және электронды деректер банкiнде жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |