|
|
|
2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді: 1. 410, 411-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiкті қорғау жөніндегi агенттiгiнің 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітiлсiн. 2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 410-қосымша 620 - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгi Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi, бақылауды қамтамасыз ету және бәсекелестiктi дамыту" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның Паспорты 1. Құны: 865560 мың теңге (сегiз жүз алпыс бес миллион бес жүз алпыс мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Нормативтiк құқықтық кесiмдер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы (46-бап); "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңы (13, 14, 17, 18-баптар); "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы (1-30-баптар); "Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы (8-бап); "Қазақстан Республикасының кейбір заң кесiмдерiне табиғи монополиялар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 26 желтоқсандағы Заңы; 2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы № 1107 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" туралы 2003 жылғы 20 маусымдағы № 1141 Жарлығы; "Табиғи монополия субъектiлерiнiң 2002-2004 жылдарға арналған тарифтiк саясатын жетiлдiру бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 15 қазандағы № 1126 қаулысы; Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 2003 жылғы 6 ақпандағы № 2157 нөмiрмен тiркелген "Табиғи монополия субъектiлерiнiң инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) қарау және келiсу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген функцияларды тиiмдi орындау үшiн Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң орталық аппараты мен аумақтық органдар аппараттарының қызметiн қамтамасыз ету, кәсiптiк қызмет саласында білім беру бағдарламасы бойынша өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау үшiн қойылатын біліктiлiк талаптарына сәйкес теориялық және практикалық білімдерiн, машықтары мен дағдыларын жаңарту және кәсiптiк шеберлiгiн жетiлдiру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттiгiнiң аппаратын ұстау; Агенттiктiң, табиғи монополия субъектiлерiнiң және тaуар рыноктарында үстем жағдайға ие субъектiлердiң тиiмдi қызметiне тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға жәрдемдесетiн қолданыстағы нормативтiк құқықтық және нормативтiк кесiмдердi жетiлдiру және жаңасын әзiрлеу; табиғи монополия субъектiлерiнiң техникалық және қаржылық жай-күйiн бағалау; тауар рыноктарын талдау, уәкiлеттi орган бекiткен тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының) және тарифтiк сметалардың деңгейiне сараптама жасау; жария тыңдаулар өткізу; мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiптiк біліктiлiгiн көтеру; Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгi аппаратының материалдық-техникалық базасын нығайту. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгi қабылдайтын табиғи монополия субъектiлерi мен белгілi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие субъектiлердiң қызметiн реттеу жөніндегі шешiмдердiң сапасы мен жеделдiгiн арттыру; кәсiби мемлекеттік қызметшiнiң талаптарына сай мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiптiк деңгейiн осы заманғы экономикалық талаптарға сәйкес көтеру. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 411-қосымша 620 - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгi Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Монополистер қызметiнiң мониторингi бойынша электрондық деректер базасын құру" деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның Паспорты 1. Құны: 104364 мың теңге (бiр жүз төрт миллион үш жүз алпыс төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы Жарлығы; "Табиғи монополия субъектiлерiнiң 2002-2004 жылдарға арналған тарифтiк саясатын жетiлдiру бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 15 қазандағы № 1126 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Монополистердiң қызметiнiң мониторингi бойынша деректердiң ақпараттық базасын құру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: табиғи монополия субъектiлерi мен белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие субъектiлердiң қызметтерiн автоматты түрде мониторингiлеу үшiн тетiктер мен деректер базасын жасау. бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу. ақпараттық базаны техникалық жарақтандыру. әкiмшiлер мен жүйе пайдаланушыларды үйрету. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Табиғи монополия субъектiлерi мен белгілi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие субъектілер қызметтерiнiң бiрыңғай электрондық деректер базасындағы көрсеткіштерінің жай-күйi мен серпiні туралы ақпарат ықпалдастығы; Табиғи монополия субъектілерiнiң тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды орындауына және белгiлi бiр тауар рыногында үстем {монополиялық) жағдайға ие субъектілердің баға түзуiне жедел бақылау жасау; Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі қабылдайтын шешiмдердiң, тауар рыноктарын талдаудың, тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметалардың атқарылу сапасын арттыру.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |