|
|
|
2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. 9-қосымшаға сәйкес Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 9-қосымша 106 - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Адам құқықтары жөніндегі уәкiлдiң қызметiн қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның Паспорты 1. Құны: 22517 мың теңге (жиырма екi миллион бес жүз он жетi мың теңгe). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Адам құқықтары жөніндегі уәкiл қызметiн белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегi Жарлығы; "Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы № 10 желтоқсандағы № 992 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген функциялар мен мiндеттердi барынша тиiмдi орындау үшiн Адам құқықтары жөніндегі Уәкiлдiң және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық аппаратының қызметiн қамтамасыз ету, лауазымдық мiндеттерiн орындау үшiн біліктiлiк талаптарына сәйкес кәсiптiк саласында білім бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білім мен дағдыларды жаңарту және кәсiптiк шеберлiктi жетiлдiру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Адам құқықтары жөніндегі уәкiлдiң қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымды-құқықтық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асыру. Мемлекеттік қызметшiлердiң біліктiлiгін арттыру. ҚР Үкіметінің 06.12.04 ж. № 197аж қаулысымен 6-тармақ өзгерді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Мемлекеттік органның үздiксiз жұмысы, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталыққа жүктелген функциялар мен мiндеттердi сапалы және уақытылы орындау қызметкерлердiң бақылау жүргiзуге қажеттi профессионалдық білімi мен тәжiрибесiн көтеру.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |