|
|
|
2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 380, 381-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 380-қосымша 610 - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгi Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 98777 мың теңге (тоқсан сегiз миллион жетi жүз жетпiс жетi мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 18 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңы, "Мемлекеттік қызметшiлердi даярлау және біліктілігiн арттыруды жетiлдiру жөнінде одан әрі жүргiзiлетiн шаралар туралы" 1998 жылғы № 4075 Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар жарлығы, "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешiлдiкке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шiлдедегі № 427 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, "Мемлекеттік қызметшiлердi оқыту тұжырымдамасы туралы" 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы, "Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу жүйесiн дамытудың 2001-2004 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" 2001 жылғы 10 желтоқсандағы № 1605 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiнің мәселелері" 2002 жылғы 18 қыркүйектегi № 1031 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Оған жүктелген функциялардың барынша тиiмдi орындалуына қол жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі аппаратының қызметiн қамтамасыз ету; өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн оңтайлы орындау үшiн және кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру үшiн кәсiби қызметтегi салада қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес білімдiк бағдарламалар бойынша шеберлiк және теоретикалық білімдердi жаңарту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: аппаратты ұстау; ғимаратты ұстау және қызмет ету, жабдықтарды сатып алу, мемлекеттік қызметшiлердiң біліктілігiн арттыру, бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi жүргiзетiн мемлекеттік сатып алу туралы хабарландырулары бар Мемлекеттік сатып алу бюллетенiн шығару (А3 форматында газет үлгiсiнде), ақпараттық жүйенi сүйемелдеу әкiмшiлендiру және қолдау, есептеу және ұйымдастыру техникасы құралдарының, телекоммуникациялық желiнiң, жүйенiң жергiлiктi есептеу желiлерiнiң жүйелiк-техникалық қызмет көрсетуiн жүзеге асыру, жергiлiктi есептеу желiлерiнiң жүйелiк-техникалық қызмет көрсетуiн жүзеге асыру, WEB-сайтын сүйемелдеу, есептеу құралдарды және жабдықтарды қосалқы бөлшектермен және шығыс материалдармен қамтамасыз ету, ақпаратты берудiң телекоммуникациялық қызметiн, электрондық поштаны, Интернет желiсiмен телекоммуникациялық қызметтi сапалы және уақытылы алу. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: осы бюджеттік бағдарламаны қабылдау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiне жүктелген функцияларын сапалы және уақтылы орындауға мүмкiндiк бередi; кәсiби мемлекеттік қызметтiң талаптарына сәйкес, қазiргi уақыттағы экономикалық жағдайларға сәйкес мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби біліктілігiн арттыру. Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 381-қосымша 610 - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгi Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiнiң ақпараттық жүйелерiн құру" деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 48963 мың теңге (қырық сегiз миллион тоғыз жүз алпыс үш мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы, "Ақпараттандыру туралы" 2003 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасының ақпараттық қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 14 наурыздағы № 359 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, "Мемлекеттік ақпараттың жұмысын жақсарту, төрешiлдiкке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын құрастыру және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетiлдіру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, "Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу жүйесiн дамытудың 2001-2004 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" 2001 жылғы 10 желтоқсандағы № 1605 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік сатып алу процесiнiң барлық кезеңдерi айқындылығының деңгейiн, мемлекеттік сатып алу жүйесiнiң барлық ықтимал өнiм берушiлерге ашықтығы мен қол жеткiзу мүмкiндiгiн арттыру, мемлекеттік сатып алу процесiн ақпараттандыруды қазiргi замандағы деңгейге жеткiзуге бағытталған кешендi ақпараттандыруды жүргiзу, сондай-ақ қазiргi заманғы модернизациялауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiн есептеу, коммуникациялық, желiлiк жабдықтар мен ұйымдастыру техникасы, жүйелiк бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарымен жабдықтау, ақпараттық жүйелердiң интеграциялануын және ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік сатып алуды online-режимiнде жүзеге асыру үшiн қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды енгізу, бизнестi электронды жүргiзудi, электрондық сауданы дамыту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Мемлекеттік сатып алудың мониторингi мен есебiнiң автоматтандырылған жүйесiн дамыту, мемлекеттік сатып алу саласындағы республикалық және жергiлiктi бюджеттік әкiмшiлерi арасында электрондық сауда тетiктерiн іске асыру және оларды кейiннен интеграциялау, лицензияланған жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету мен ақпаратты қорғау және оларды техникалық қолдаудың бағдарламалық құралдарын сатып алу, сондай-ақ есептеу, желiлiк жабдықтарды, ұйымдастыру техникасы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiнiң ақпаратын қорғаудың аппараттық құралдарын сатып алу. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Жаңа технологиялық шешiмдер және құрал-сайман жабдықтар негізiнде мемлекеттік сатып алу мониторингін ақпараттандыруын қазiргi заман деңгейiне қамтамасыз ету. Осы бюджеттік бағдарламаны қабылдау мемлекеттік сатып алу процестiң барлық кезеңдерiнiң айқындылығын, барлық ықтимал берушiлер үшiн мемлекеттік сатып алу жүйенiң ашықтығын және қол жетiмдiлiгi деңгейiн көтеруге, құжаттамалық айналымын қысқартуға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мекемелердiң мұқтаждары үшiн сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң 5-10% мөлшерiнде бюджеттік ақша қаражатын үнемдеудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |