|
|
|
2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. 413, 414, 415-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 413-қосымша 678 - Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Қорғалатын адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және салтанатты рәсiмдердi орындауға қатысу" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 1196351 мың теңге (бiр миллиард бiр жүз тоқсан алты миллион үш жүз елу бiр мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы "Әскери қызметшiлердiң және олардың отбасы мүшелерiнiң дәрежесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 5 желтоқсанындағы "2004 жылдың республикалық бюджетi туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 5 желтоқсанындағы № 2671 "Республикалық ұлан туралы" Заң күшi бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 желтоқсанындағы № 2689 "Республикалық ұлан туралы, Республикалық ұланның ұйымдық құрылымы мен санын белгiлеудi айқындау Ережесін бекіту туралы" Жарлығы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылдың 23 қазанындағы № 1351 "Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттік тiркелiмiн жүргiзу Ережесін бекіту туралы" қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: дәстүрлiк рәсiмдердi орындауға қатысу, мемлекет Басшысының және өзге күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, аса маңызды мемлекеттік объектiлердi күзету, Қазақстан Республикасының Республикалық ұлан әскери бөлiмдерiнiң алдына қойылған мiндеттердiң орындалуын және оларды бақылауды iске асыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: күзетiлетiн тұлғалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысу; Қазақстан Республикасының дипломатиялық және хаттамалық iс-шараларды, мерекелерi мен салтанаттарын өткізу барысында дәстүрлiк рәсiмдердi атқаруға қатысу; аса маңызды мемлекеттік объектiлердi, сондай-ақ тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн үйлердi, ғимараттарды және қызмет жайларды күзету; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының эталондарын күзету; Республикалық ұланды тұрақты жауынгерлiк даярлықта ұстау жөніндегі iс-шараларды әзiрлеу және орындалуын ұйымдастыру; Республикалық ұланға жүктелген мiндеттердi орындау барысында туындаған жағдай туралы мәлiметтердi жинау және талдау; шұғыл және жауынгерлiк даярлыққа, оқу-тәрбие процесiне басшылық жасау; қызметтiк-жауынгерлiк iс-әрекетiнiң қамтамасыз етiлуiн ұйымдастыру, кадрларды iрiктеу, орналастыру және тәрбиелеу, жеке құрамды есепке алу. ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к; 19.08.04 ж. № 870; 30.11.04 ж. № 197аб қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: республикалық ұланның жауынгерлiк даярлығына тиiмдi басшылық жасау, Республикалық ұланның қызметтiк-жауынгерлiк iс-әрекетiн ұйымдасып қамтамасыз етуге қол жеткізу, жоғары біліктi әскери кадрлармен жасақтау, әскери бөлiмдердi қызметтiк-жауынгерлiк даярлықта ұстау, мемлекеттік объектiлердi күзетудiң берiктiлiгiмен протоколдық және рәсiмдiк iс-шараларды тиiстi деңгейде қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланының алдында тұрған тапсырмаларды уақытында және сапалы орындау. Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 414-қосымша 678 - Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Республикалық ұлан объектiлерiнiң құрылысын салу" деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 176500 мың теңге (бiр жүз жетпiс алты миллион бес жүз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы "Әскери қызметшiлердiң және олардың отбасы мүшелерiнiң дәрежесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 5 желтоқсанындағы "2003 жылдың республикалық бюджетi туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 5 желтоқсандағы № 2671 "Республикалық ұлан туралы" Заң күшi бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 желтоқсанындағы № 2689 "Республикалық ұлан туралы, Республикалық ұланның ұйымдық құрылымы мен санын белгiлеудi айқындау Ережесін бекіту туралы" Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Республикалық ұланның мерзiмдi қызметтiк әскери қызметшiлерiне жағдай жасау. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Астана қаласындағы Республикалық ұланның ғимарат кешенiн салу (II кезең). ҚР Үкіметінің 19.08.04 ж. № 870 қаулыcымен 6-тармақ өзгертілді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
ҚР Үкіметінің 19.08.04 ж. № 870 қаулыcымен 7-тармақ толықтырылды 7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мемлекеттік сараптамадан өткен және белгiленген заңды түрде қабылданған жобалау-сметалық құжаттама; Қазақстан Республикасының Республикалық ұланының Астана қаласындағы ғимарат кешенiн (II кезең - 40 пәтерлiк пәтер жобасындағы жатақхана және жауынгерлiк техника үшiн тұтас металл боксының) құрылысын аяқтау және меңгеруге тапсыру. Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 415-қосымша 678 - Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Әскери қызметшiлердi және олардың отбасы мүшелерiн емдеу" деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 47525 мың теңге (қырық жетi миллион бес жүз жиырма бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы "Әскери қызметшiлердi және олардың отбасы мүшелерiнiң дәрежесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 5 желтоқсанындағы "2004 жылдың республикалық бюджетi туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 5 желтоқсанындағы № 2671 "Республикалық ұлан туралы" Заң күшi бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 желтоқсанындағы № 2689 "Республикалық ұлан туралы, Республикалық ұланның ұйымдық құрылымы мен санын белгiлеудi айқындау Ережесін бекіту туралы" Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiнiң барлық категориясына, әскери зейнеткерлерге, әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiне мамандандырылған медициналық көмек көрсету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Республикалық ұланның жеке құрамын медициналық қамтамасыз ету; медициналық мүлiктермен және дәрi-дәрмектермен жабдықтау; Қазақстан Республикасы Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiнiң барлық категориясына, әскери зейнеткерлерге, әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiне амбулаторияда және стационарда мамандандырылған медициналық көмек көрсету; әскери қызметке шақыру, әскери қызметшiлердi запасқа босату және олардың әскери қызметке жарамдылық дәрежесiн анықтау үшiн куәландыру барысында әскери дәрiгерлiк сараптама жүргiзу. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |