|
|
|
Су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингiн жүргізу, суды мемлекеттік
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1108 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексінің 36-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Су объектiлерінің мемлекеттік мониторингін жүргiзу, суды мемлекеттік есепке алу және оны пайдалану ережесi бекiтілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары жөніндегі комитетiмен, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетімен бiрлесiп 2004 жылғы 2-тоқсанда гидрометриялық және гидрогеологиялық бекеттер бақылау станциялары мен пункттерiнiң мемлекеттік желісін кеңейту және оларды өлшеу әрі есепке алу техникалық құралдарымен жарақтандыру жөнiндегі ұсыныстарын енгiзсiн. 3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) «Судың мемлекеттік есебi және оны пайдалану тәртібі жөніндегі ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 15 ақпандағы № 160 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 7, 74-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерiне өзгертулер енгізу және күшiн жойған деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 20 тамыздағы № 1031 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдеріне енгiзілетiн өзгерiстердің 33-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 35, 327-құжат). 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы № 85 қаулысымен бекітілген
Су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингін жүргізу, суды мемлекеттік есепке алу және оны пайдалану ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже су объектілерiнің мемлекеттік мониторингiн жүргiзу, жер бетi және жер асты суларын мемлекеттік есепке алу әрi оларды пайдалану тәртібін белгiлейдi. 2. Су объектілерiнiң мемлекеттік мониторингi қоршаған орта мен табиғи ресурстар мемлекеттік мониторингiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады және Қазақстан Республикасының су қорын құрайтын барлық су объектiлерiнде жүзеге асырылады. Су объектілерінің мемлекеттік мониторингi жер бетi суларының мониторингінен, сондай-ақ жер қойнауы мониторингiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын жер асты суларының мониторингiнен тұрады. 3. Жер бетi және жер асты суларын мемлекеттік есепке алу Қазақстан Республикасының аумағындағы су ресурстарының сандық әрi сапалық көрсеткiштерiн жүйелi түрде айқындау және тiркеу болып табылады. Олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан азаматтар, өнеркәсiп, құрылыс, көлiк, ауыл шаруашылығы ұйымдары және өзге де ұйымдар пайдаланатын бүкiл су мемлекеттік есепке алынуы тиiс. 4. Су объектілерiнің мемлекеттік мониторингi, суды мемлекеттік есепке алу мен оны пайдалануды су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегi уәкілетті орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен (жер бетi сулары бойынша), жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкiлеттi органмен (жер асты сулары бойынша) және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен (ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау көздерi суының сапасын, сауықтыру мақсатындағы және рекреация үшiн пайдаланылатын су объектілерінің жай-күйiн бағалау жөнiнде) бiрлесiп әзiрленген бiрыңғай әдiстемелiк негiзде жүзеге асырылады. 5. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлетті орган Қазақстан Республикасы су ресурстарының республикалық ақпараттық-талдау жүйесiн бiрлесіп жасайтын мемлекеттік органдардан алынған мемлекеттік мониторингінің бастапқы материалдарын жинауды, қорытуды, талдау мен бағалауды қамтамасыз етедi. 2. Су объектiлерінің мемлекеттік мониторингін жүргiзу, суды мемлекеттік есепке алу және оны пайдалану тәртібі 6. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жер бетi су объектiлерінің мемлекеттік мониторингiн жүргiзу, суды мемлекеттік есепке алу және оны пайдалану бөлiгінде: 1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен бiрлесіп жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкiлеттi органмен келiсім бойынша жер бетi су объектiлеріндегi мемлекеттік бақылау станциялары мен бекеттерi желісін құру әрi дамытуды, жер бетi су объектiлерiнің мемлекеттік мониторингiн жүргiзу, суды мемлекеттік есепке алу және оны пайдалану жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйелер әзiрлеудi қамтамасыз етедi; 2) мемлекеттік органдардың жер бетi су объектiлерінің мемлекеттік мониторингiн жүргiзу, суды мемлекеттік есепке алу және оны пайдаланумен байланысты жұмысын үйлестiредi; 3) ведомстволық бағыныстағы су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарда су мониторингi мен оны есепке алуды жүзеге асырады; 4) су пайдаланушыларды тiркеудi жүзеге асырады; 5) су пайдаланушы заңды және жеке тұлғалардың жер бетi су объектiлерiнен алған және оларға ағызған су мөлшерiн бастапқы есепке алуды дұрыс жүргiзуiн, су тұтыну мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратураның болуын әрi олардың жай-күйін, бұл жабдықтар мен аппаратураны мемлекеттік аттестаттаудың белгiленген мерзiмдерiнің сақталуын бақылайды, сондай-ақ су пайдаланушылар есептiлiгi негiзiнде су пайдалануды есепке алуды жүзеге асырады; 6) мемлекеттік органдарға, соның iшiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органға және жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкiлеттi органға және олардың аумақтық органдарына регламенттелген бастапқы деректер мен оларды өңдеудiң нәтижелерi, анықтамаларды, баяндамалар мен ақпарат ұсынудың өзге де нысандарын дайындауды және берудi жүзеге асырады; 7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органға және жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкiлеттi органға жер бетi суларын пайдалануды есепке алу (cу объектілерiнен тiкелей алынған су көлемi, сондай-ақ оларға ағызылған су көлемi) жөніндегі қорытылған деректердi тегін бередi; 8) су объектілерiнiң жай-күйi мен су ресурстарының пайдаланылуы туралы деректердi жыл сайын қорытады, өзендер, теңiздер бассейндерi, олардың учаскелерi, облыстар аумақтары және жалпы Қазақстан Республикасы бойынша су объектілерiнiң мемлекеттік мониторингi ақпараты мен деректер банкiн өңдеудi, жинақтауды, сақтауды, таратуды жүргiзедi; 9) су объектілерiне келеңсiз әсер салдарларын жою немесе азайту, су ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалану бойынша іc-шараларды жүзеге асыру жөнiндегі ұсынымдар әзiрлеудi қамтамасыз етедi. 7. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган жер бетi су объектiлерінің мемлекеттік мониторингiн жүргiзу, суды есепке алу және оны пайдалану бөлiгiнде: 1) жер бeті су объектілерiнiң мемлекеттік мониторингiн жүргiзу шеңберiнде физикалық, химиялық, гидробиологиялық көрсеткіштер бойынша жер бетi суларының режимiн, саны мен сапасын бақылауды ұйымдастыруды; 2) шаруашылық қызмет пен гидрометеорологиялық жағдайлардың әсерiнен су объектiлерiнiң (жер асты суларынан басқа) ластануының деңгейi және оның өзгеруi туралы ақпаратты, сондай-ақ жер беті сулары ластануы деңгейiнiң күрт өзгеруi туралы шұғыл ақпаратты белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдарға, мүдделi заңды және жеке тұлғаларға берудi; 3) гидрометеорологиялық орталықтар, станциялар мен бекеттерi мемлекеттік желісі бақылаулары материалдарының негiзiнде жер бетi суларының ресурстарын есепке алуды ұйымдастыруды; 4) кәсiпорындар, құрылыстар мен басқа да объектілер жобалау, салу және пайдалану үшін қажеттi су объектілерi (жер асты суларынан басқа) мен олардың гидрологиялық режимi, сондай-ақ гидрологиялық болжамдар туралы деректердi белгiленген тәртiппен мүдделi заңды және жеке тұлғаларға берудi; 5) өзендер, теңiздер бассейндерi, олардың учаскелерi, облыстар аумақтары және жалпы Қазақстан Республикасы бойынша жер бетi су объектілерiнiң мемлекеттік мониторингi ақпаратын жинауды, өңдеудi, қорытуды, жинақтауды, сақтауды әрi таратуды ұйымдастыруды, деректер банкiн жүргiзудi; 6) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi органға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегi уәкілетті органға жер бетi суларының мониторингі мен оларды есепке алу жөніндегі қорытылған деректерді, гидрометеорологиялық деректердi нормативтiк нұсқаулықтар мен әдiстемелiк нұсқауларда, сондай-ақ келісімдерде белгiленген мерзімдерде белгiленген тәртiппен тегiн берудi; 7) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкiлеттi органмен келісім бойынша жер бетi суларының мемлекеттік мониторингiне қатысты нұсқаулықтар, әдiстемелiк нұсқаулар және басқа да нормативтiк құжаттар әзiрлеу әрi бекітудi қамтамасыз етедi. 8. Жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган жер асты су объектiлерiнің мемлекеттік мониторингiн жүргiзу, суды есепке алу және оны пайдалану бөлiгiнде: 1) жер асты суларын жинап алуды немесе сарқынды сулар мен басқа да суларды жер қойнауына ағызуды жүзеге асыратын барлық су пайдаланушыларды, сондай-ақ «Жер асты сулары» бөлiмi бойынша мемлекеттік су кадастрына енгiзiлген су объектілерiн тiркеу мен есепке алуды; 2) жер асты сулары мемлекеттік мониторингiне қатысты нұсқаулықтар, әдістемелік нұсқаулар және басқа да нормативтік құжаттар әзiрлеу әрi бекітудi; 3) мемлекеттік мониторинг шеңберiнде белгiленген тәртiппен жер асты сулары мемлекеттік мониторингiн жүзеге асыруды; 4) ұйымдар мен су пайдаланушылар өзiнiң (жеке меншiктегi) бақылау пункттерi желісінде орындайтын жер асты суларының су режимi мен олардың сапасын зерделеу жұмыстарын жүргiзудi бақылауды; 5) жер қойнауын гидрогеологиялық зерттеу материалдары негiзiнде, жер асты сулары қойнауынан шығарылатын (ілеспесiн қоса алғанда), жер қойнауына ағызылатын сулар мөлшерiн сулы жиектерiн қоса алғанда, жер асты суларының ресурстары мен пайдалану қорларын, сарқынды және басқа да сулардың, сондай-ақ су пайдаланушылар есептерi негiзiнде ластаушы заттардың мөлшерiн есепке алуды; 6) жер қойнауын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілеттi орган бекiткен құрамда, нысандар мен мерзiмдерде су пайдаланушылар мен жер қойнауын пайдаланушылардың жер асты сулары мониторингiнiң деректерiн ұсынуын; 7) алынатын жер асты суларының, сондай-ақ жер қойнауына ағызылатын сулар мөлшерiнiң бастапқы есебiн дұрыс жүргiзуiн бақылауды; 8) гидрогеологиялық өңiрлер мен бассейндер, облыстар аумақтары және жалпы Қазақстан Республикасы бойынша жер асты су объектілерi мемлекеттік мониторингiнiң деректер банкiн жүргізудi, жер асты су объектілерiнiң жай-күйi туралы деректердi жыл сайынғы өңдеудi, жинақтауды, сақтауды қорытуды; 9) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілеттi органға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органға жер асты суларының мониторингi мен оларды есепке алу әрi пайдалану жөніндегі қорытылған деректердi белгіленген тәртiппен тегін берудi қамтамасыз етедi. 9. Су пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар: 1) жер үстi сулары бойынша су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлетті орган және жер асты сулары бойынша жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган белгілейтін тәртiппен және мерзiмдерде су объектiлерiнен алынатын және оларға ағызылатын суларды бастапқы есепке алуды жүргiзедi; 2) су жинау және су ағызу құрылыстарын су шығысы мен деңгейiн өлшеу құралдарымен жабдықтайды, сондай-ақ өздiгінен ағып жатқан ұңғымаларда реттеушi құрылғылар орнатады және белгіленген тәртiппен стандарттау, метрология және сертификаттау мемлекеттік органдарында оларды салыстырып тексеру әрi аттестаттауды қамтамасыз етедi; 3) өз зертханаларында немесе мемлекеттік аттестатталған басқа кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелердің зертханаларында ағызылатын сулардың химиялық құрамын анықтауды қамтамасыз етедi; 4) ластаушы заттардың авариялық ағызылуы туралы, сондай-ақ су объектілерiнен су жинау және оларға су ағызудың белгiленген режимiнiң бұзылуы туралы шұғыл ақпаратты су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы, жер қойнауын пайдалану мен қорғау саласындағы жep асты сулары бойынша) уәкілетті органдарға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органға бередi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |