|
|
|
Арнайы cу пайдалану жөнiндегі қызметтi лицензиялау ережесін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі № 812 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегi Су кодексiнiң 76-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Арнайы су пайдалану жөніндегі қызметтi лицензиялау ережесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары жөніндегі комитетi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитетiмен бiрлесiп, мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келісім бойынша үш ай мерзiмде Арнайы су пайдалану жөніндегi қызметтің түрлерін лицензиялау жөніндегі құжаттарды ресiмдеу мен есепке алу туралы нұсқаулықты әзiрлесiн және бекiтсiн. 3. "Арнайы су пайдалануға келісім және рұқсат беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 29 желтоқсандағы № 1482 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1994 ж., № 49, 557-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 26 қаңтардағы № 84 қаулысымен бекітілген Арнайы су пайдалану жөніндегі қызметтi лицензиялау ЕРЕЖЕСI 1. Жалпы ережелер 1. Осы Арнайы су пайдалану жөніндегі қызметтi лицензиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Су кодексiне және "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және оның бассейндiк су шаруашылығы басқармаларының (бұдан әрi - Лицензиар) арнайы су пайдалану жөніндегі қызметтің түрлерiне лицензия беруi тәртібі мен шарттарын белгілейдi. 2. Лицензиялар арнайы су пайдалану жөніндегі қызметтiң мынадай түрлерiне беріледi: 1) ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп, энергетика, балық шаруашылығы мен көлiк мұқтаждары үшiн жер бетіндегі су объектiлерiнен тәулiгiне көлемi елу текше метрден астам су жинау және оны пайдалануға; 2) қайталама су пайдаланушыға жер бетіндегі су объектілерiнен су жинау және су алуға. 2. Арнайы су пайдалану жөніндегі қызметтiң түрлерiне лицензия беру тәртібі 3. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган арнайы су пайдалану жөніндегі қызметтің түрлерiне лицензияларды мыналарға бередi: 1) ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерiнен арнайы су пайдалануды жүзеге асыратын кәсiпорындарға; 2) шетелдiк заңды тұлғаларға. 4. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi органның бассейндiк су шаруашылығы басқармалары 3-тармақта аталғандардан басқа барлық жеке және заңды тұлғаларға арнайы су пайдалану жөніндегі қызметтiң түрлерiне лицензиялар бередi. 5. Арнайы су пайдалану жөніндегі қызметтiң түрлерiне лицензия мыналармен: 1) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық органдарымен - барлық жағдайда; 2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын атқарушы органдармен - барлық жағдайда; 3) ветеринария саласындағы уәкілеттi мемлекеттік органның аумақтық органдарымен - мал шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу мұқтаждары үшiн жер бетi суларын жинап алу кезiнде; 4) балық қорлары мен басқа да су жануарлары түрлерiн қорғау, оларды молайту әрi пайдалану саласындағы арнайы уәкілеттi аумақтық органдармен - балық шаруашылығы маңызы бар су объектiлерi үшiн су пайдалану шарттары келiсілгеннен кейiн жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - лицензиат) берiледi. 3. Арнайы су пайдалану жөніндегі қызметтiң түрлерiне қойылатын біліктiлiк талаптары 6. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп, энергетика, балық шаруашылығы және көлiктің өз мұқтаждары үшiн жер бетi су объектiлерiнен су жинап алуға және пайдалануға арналған лицензия: 1) белгiленген талаптар мен стандарттарға сай олардың көмегiмен су пайдалану жүзеге асырылатын құрылыстар мен техникалық құрылғылар теңгерiмiнде бар (пайдаланудағы немесе меншiгіндегі) заңды және жеке тұлғаларға; 2) өтiнiш берушіде біліктi персонал болған жағдайда беріледi. 7. Қайталама су пайдаланушыға жер бетi су объектілерiнен су жинап алуға және пайдалануға арналған лицензия: 1) қайталама су пайдаланушыға белгiленген талаптар мен стандарттарға сай олардың көмегімен жер бетi су объектiлерiнен су беру жүзеге асырылатын құрылыстар мен техникалық құрылғылар теңгерiмiнде бар (пайдаланудағы немесе меншiгіндегі) заңды және жеке тұлғаларға; 2) өтiнiш берушіде біліктi персонал болған жағдайда беріледi. 4. Арнайы су пайдалану жөніндегі қызметтiң түрлерiне лицензия алу үшін қажетті құжаттар 8. Арнайы су пайдалану жөніндегі қызметтің түрлерiне лицензия ресiмдеу үшiн өтiнiш берушi лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) су объектiсінің атауы, су жинап алу орны мен географиялық координаталары көрсетiлген белгіленген нысандағы өтiнiштi; 2) заңды тұлғаның мемлекеттік тiркелгенi туралы куәлiктің нотариалды түрде куәландырылған көшiрмесiн; 3) олардың көмегiмен су жинап алу жүргiзiлетiн құрылыстарға, техникалық құралдарға арналған жер учаскесiн бөлу актiсiн; 4) су пайдалануға арналған су шаруашылығы құрылысы немесе құрылғысының паспортын; 5) салық органының мөртабанымен жеке тұлғаның есепке алынғаны туралы салық органының анықтамасы немесе кәсіпкер ретiнде мемлекеттік тiркелгенi туралы куәлік; 6) арнайы су пайдалану шарттарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органымен, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, ветеринария (мал шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу мұқтаждары үшiн су жинап алу кезiнде), балық шаруашылығы (балық шаруашылығы мақсатындағы су объектілерiнен су жинап алу кезiнде) саласындағы және жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілеттi органдармен келiсудi; 7) өтiнiш берушiнiң біліктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды; 8) лицензиялық алым төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн. 9. Су жинап алуға арналған су объектiлерiн пайдаланумен байланысты арнайы су пайдалануға лицензия алу үшiн осы Ереженiң 8-тармағында көрсетiлген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады: 1) су тұтынушылар мен олардың суға қажеттiлiктерi туралы мәлiметтер; 2) су жинауды есепке алу мен жинап алынатын су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер. 10. Гидроэнергетика мақсаттары үшiн су объектілерiн пайдаланумен байланысты арнайы су пайдалануға лицензия алу үшiн осы Ереженiң 8-тармағында көрсетiлген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады: 1) гидроэлектр станциясының белгiленген қуаты туралы деректер; 2) энергетикалық, су ағызу және өзге де құрылыстардың өткізу қабiлетi туралы мәлiметтер; 3) балық қорғау және балық өткізу құрылыстары туралы мәлiметтер; 4) жоғарғы және төменгi бьефтердегi су режимi мен сапасының көрсеткiштерiн бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәлiметтер; 5) гидроэлектр энергетикасы мұқтаждары үшiн су ресурстарын пайдаланудың мәлiмделген көрсеткіштерi туралы мәлiметтер. 11. Су алусыз жер бетi су объектілерiн пайдаланумен байланысты арнайы су пайдалануға лицензия алу үшiн осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады: 1) кемелер мен басқа да жүзу құралдары туралы техникалық деректер; 2) олардың тіркелген порттарын көрсетiп кемелер мен басқа да жүзу құралдарын пайдалану құралдарын пайдалану мемлекеттік тiркелiмiнiң рұқсаты; 3) кемелер мен басқа да жүзу құралдарында құралатын сарқынды сулар, қалдықтар мен шығарындылардың бүкіл көлемін қабылдауға арналған жағалаулық және жүзу құрылғыларымен қамтамасыз етiлуi туралы деректер; 6) су объектiсінің жай-күйiне терiс әсер ететiн немесе әсер етуi ықтимал объектiлердi пайдалану және жұмыстар жүргiзу кезiнде акватория учаскесіндегі су саласын (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәлiметтер. 5. Арнайы су пайдалану шарттарын өзгерту және арнайы су пайдалану жөніндегi қызметтiң түрлерiне лицензияның қолданылуын тоқтата тұру 12. Кәсіпорындарды, құрылыстар мен объектiлердi қайта жаңарту немесе техникалық қайта жарақтандыру процесiнде арнайы су пайдалану шарттарын өзгерту қажеттілiгi туындаса, лицензиат бұл туралы лицензиарға мәлiмдейдi және бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы су пайдалану шарттары бойынша құжаттаманы қайтадан келiсуге ұсынады. 13. Арнайы су пайдалану жөніндегі қызметтiң түрлерiне лицензия берген мемлекеттік органдар су заңнамасы талаптары бұзылған жағдайда оны тоқтата тұрады. Лицензияның қолданылуы тоқтата тұрған жағдайда оны берген орган тоқтата тұруды туындатқан себептердi жою мерзiмiн көрсетіп, осындай тоқтата тұру себептерi туралы жазбаша нысанда лицензиатты хабардар етедi. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды туындатқан себептер жойылғаннан кейiн оның қолданылуы жаңартылады, бұл туралы лицензиат жазбаша нысанда хабардар етiледi. 6. Лицензия беру туралы өтiнiштi қарау мерзімдерi 14. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган немесе оның тиiстi аумақтық органы лицензияны бір ай мерзiмнен кешiктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне егер заңнамалық кесiмдерде өзге мерзiм белгіленбесе, барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап он күн мерзiмнен кешіктiрмей бередi. 15. Арнайы су пайдалану жөніндегі қызметтің түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым ставкалары Қазақстан Республикасының салық кодексіне сәйкес белгiленедi. Лицензиялық қызметпен айналысудың бүкiл кезеңiне лицензия лицензия беру сәтінде бiржолғы лицензиялық алым төленіп, жүзеге асырылады. 8. Лицензияны қолдану шарттары 16. Лицензияны қолдану шарттары, оның iшiнде лицензия беруден бас тарту, лицензияның қолданылуын тоқтату, лицензияны қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтата тұру тәртібі "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |