|
|
|
2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Мыналардың: 300, 301, 302, 303, 304, 305, 306, 307, 308-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 300-қосымша 234 - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 1042470 мың теңге (бip миллиард қырық екi миллион төрт жүз жетпiс мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексi; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексi; "Қоршаған ортаны қорғaу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңы; "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңы; "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы" 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңы; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасы; "Мемлекеттік су кадастрын жүргiзу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 1995 жылғы 24 қаңтардағы № 75 қаулысы; "Сандық геоақпараттық жүйелер негiзiнде Қазақстан Республикасы табиғи объектiлерiнiң бiрыңғай мемлекеттік кадастрлар жүйесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 25 қыркүйектегi № 1449 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 6 қарашадағы № 1173 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органды ұстап тұpу; ақпараттық жүйелер мен дербес мiндеттердi сүйемелдеу; мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби біліктiлiгiн арттыру; Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң материалдық-техникалық базасын жарақтандыру және күшейту. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен оның аумақтық органдарына жүктелген функцияларды сапалы және уақытылы орындау; қазiргi заманғы экономикалық жағдайлардағы кәсiби мемлекеттік қызметтiң талаптарына жауап беретiн мемлекеттік қызметшiлердi сапалы оқытудың жүйесiн қалыптастыру және дамыту жолымен мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби деңгейiн арттыру; материалдық-техникалық базаны жарақтандыру және күшейту Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігін орталық аппаратына және оның аумақтық органдарына жүктелген мiндеттердi тиiмдi орындауға жәрдемдеседi. Yкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 301-қосымша 234 - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргiзу" деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 10000 мың теңге (он миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Экологиялық сараптама туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 18 наурыздағы Заңы; "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 11-тарауы; "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасы; "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 6 қарашадағы № 1173 қаулысы; "Табиғат қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық сараптау саласындағы жұмыстар жөніндегі қызметтi лицензиялаудың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 8 қазандағы № 1039 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға жоспарланатын басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметті iске асырудың ықтимал терiс салдарларының алдын алу. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға жоспарланатын басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтің әсерiне жан-жақты талдау мен бағалау жүргiзу; Қазақстан Республикасының заңдарындағы, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттардағы, нормалар мен ережелердегi экологиялық талаптардың сараптық құжаттамасындағы сақталуын тексеру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мемлекеттік органдар бастамашылық жасайтын 95 жоба бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы. Yкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 302-қосымша 234 - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер" деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 171175 мың теңге (бiр жүз жетпiс бiр миллион бiр жүз жетпiс бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңы, 15-тарау; "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi Заңы 1, 3 , 6 , 18, 26-баптар; "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы; "Мұнай операцияларына байланысты су асты құбырлары мен кабельдерін орнату мен пайдалану кезiнде қауiпсiздiк пен қоршаған табиғи ортаны қорғау ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 13 маусымдағы № 732 қаулысы; "Қазақстан Республикасының мұнай және газ кен орындарын игерудiң бiрыңғай ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 1996 жылғы 18 маусымдағы № 745 қаулысы; Қазақстан Республикасының теңiзде және iшкi су қоймаларында мұнай операцияларын жүргізу тәртібі жөніндегі ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 105 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 6 қаңтардағы № 1173 қаулысы; "2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасын өнеркәсiптiк-инновациялық дамыту стратегиясын iске асыру жөніндегі 2003-2015 жылдарға арналған ic-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 шiлдедегі № 712-1 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ғылыми негiздердi әзiрлеу және жасау. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: қоршаған ортаның жай-күйiн жақсарту жөніндегі нұсқамалар мен ұсыныстарды әзiрлеу. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |