|
|
|
2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 cәуipдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етемін: 1. 382, 383, 384, 385, 386, 387, 388, 389, 390, 391-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 382-қосымша 613 - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Туризм, спорт және дене шынықтыру саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 60584 мың теңге (алпыс миллион бес жүз сексен төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 9-бабы, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 3, 21-25-баптары, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 15-бабы, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөніндегі шаралар туралы", "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi туралы" 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1755 және 1999 жылғы 13 қазандағы № 235 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызметті лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы" 2001 жылғы 14 қыркүйектегi № 1213 қаулылары. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: оларға жүктелген мiндеттердi ең жоғары тиiмдiлiкте орындауға қол жеткізу үшiн Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң орталық аппаратының қызметiн қамтамасыз ету, теориялық және практикалық білімiн жаңалау, қойылған біліктілік талаптарына сәйкес өздерiнiң лауазымдық мiндеттемелерi мен кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру үшiн кәсiптiк қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша дағдылары мен машықтарын қамтамасыз ету, туристiк ұйымдардың туристiк қызметтi жүзеге асыру құқығының лицензиялармен, сондай-ақ Агенттiктiң орталық аппаратын негiзгi құралдармен қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң орталық аппаратын ұстау, мемлекеттік қызметкерлердiң кәсiби біліктілігiн арттыру, сондай-ақ активтер сатып алу, Қазақстан Республикасының азаматтарын қызмет көрсету және қабылдау бойынша кәсiпкерлiк қызмет peтіндегі туроператорлық, турагенттiк, экскурсиялық қызметтi және нұсқаушылық, әдістемелік қызметтерді жүзеге асыру құқығына лицензия беру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының туризм және спорт жөніндегі агенттiгiне жүктелген мiндеттердi сапалы және уақтылы орындау, мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби деңгейiн арттыру. Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 383-қосымша 613 - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Білім беру объектілерін салу және қайта жаңарту" деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 275160 мың теңге (екi жүз жетпiс бес миллион бір жүз алпыс мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 12 наурыздағы № 570 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Дарынды балаларға арналған мектептердi Мемлекеттік қолдау мен дамыту туралы" 1996 жылғы 24 мамырдағы № 3002 Өкімі. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: спортта дарынды балаларға қолайлы жағдайлар жасау. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: республикалық спорт мектеп-интернатының құрылысы. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Алматы қаласының "Шаңырақ" шағын ауданындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты құрылысы бойынша (сметалық құнының 37%-i) құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау. Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 384-қосымша 613 - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Орта кәсiптiк білімдi мамандар даярлау" деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 104510 мың теңге (бір жүз төрт миллион бес жүз он мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 8, 24, 43 және 44-баптары, "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 4 және 28-баптары, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 12 наурыздағы № 570 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" туралы 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1755, "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 462, "Қазақстан спортшыларын 2002 жылғы Солт-Лейк-Ситиде (Америка Құрама Штаттары) кезектi XIX қысқы және 2004 жылғы Афиныдағы (Грекия) ХХYIII жазғы Олимпиадалық ойындарға даярлау жөніндегі шұғыл шаралар туралы" 2001 жылғы 18 сәуірдегі № 510 қаулылары. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоғамның дене шынықтыру және спорт саласына орта кәсiптiк білімi бар біліктi мамандар даярлау жөніндегі әлеуметтiк-экономикалық талаптарын қанағаттандыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: дене шынықтыру және спорт саласында жалпы республикалық мәнi мен стратегиялық маңызы бар мамандар даярлауды жүзеге асыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: дене шынықтыру және спорт саласына орта кәсіптiк білімi бар біліктi мамандарды даярлау. Ұлттық құрама командаларды халықаралық дәрежедегi спорт шеберлерiмен толықтыру. Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 385-қосымша 613 - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Туристiк және спорт объектілерін салу және қайта жаңарту" деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 212800 мың теңге (екi жүз он екi миллион сегiз жүз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан спортшыларын iрi халықаралық жарыстарға, соның iшiнде әлем чемпионаттары мен Олимпиада және Азия ойындарына орталықтандырып даярлау үшiн сапалы жағдайлар жасау. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Алматы облысындағы республикалық олимпиадалық даярлау базасының құрылысы. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: заңнама белгіленген тәртіппен бекітілген және мемлекеттік сараптамадан өткен смета-жобалық құжаттама. Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 386-қосымша 613 - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Жоғары жетiстiктер спорты" деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 2195593 мың теңге (екi миллиард бір жүз тоқсан бес миллион бес жүз тоқсан үш мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 2 , 4 , 8 , 15, 18, 25, 30-баптары, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 12 наурыздағы № 570 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Қазақстан Республикасы халқының дене дайындығының Президенттiк сынақтары туралы" 1996 жылғы 24 маусымдағы № 774, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" туралы 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1755, "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 462, "Қазақстан спортшыларын кезектi 2002 жылғы Солт-Лейк-Ситиде (Америка Құрама Штаттары) XIX қысқы және 2004 жылғы Афиныдағы (Грекия) ХХҮIII жазғы Олимпиадалық ойындарға даярлау жөніндегі шұғыл шаралар туралы" 2001 жылғы 18 сәуірдегі № 510, "Спортшыларға және жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түрiнде өмiр бойы төлем төлеудiң ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1247 қаулылары. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықаралық спорт аренасында Қазақстан Республикасының беделiн нығайту, Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын iске асыру, спорт түрлерiнен Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командалары үшiн олимпиадалық резервтi мақсатты даярлау. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ұлттық құрама командаларды Азия, әлем чемпионаттарына, Олимпиада ойындарына және басқа да халықаралық жарыстарға сапалы даярлауды қамтамасыз ету; республикалық және халықаралық спорттық iс-шараларды өткізу және ұлттық құрама командалардың халықаралық жарыстарға қатысуы, Қазақстан Республикасының ұлттық штаттық командаларын ұстау; халық арасында дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту, жас спортшылардың спорттық шеберлiгiн арттыруды қамтамасыз ету, спорт түрлерiнiң республиканың және шет елдердiң жетекшi спортшылармен оқу-жаттығу жиындарын бірлесiп өткізу. ҚР Үкіметінің 01.12.04 ж. № 197аг қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |